Кезең бойынша ең жоғары балл - 100
Осымша
ОҚТЕ бекеттері (қадамдары)
Бекет нөмірі | Бекеттер атауы |
Лабораториялық зерттеуге нанның үлгісінен сынама алу және оны лабораторияға жіберу әдісі. Нанды органолептикалық бағалау. | |
Нанның физикалық-химиялық көрсеткіштерін зерттеу | |
Нанның сапасы бойынша санитариялық-гигиеналық қорытындыны толтыру |
Бағалау рубрикасы
Бекет № 1
«Лабораториялық зерттеуге нанның үлгісінен сынама алу және оны лабораторияға жіберу әдісі. Нанды органолептикалық бағалау»
Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Лабораториялық зерттеуге нанның үлгісінен сынама алудың және оны лабораторияға жіберудің тәртібін көрсетіңіз. Нанның үлгісінен сынама алу актісін толтырыңыз. Нанның органолептикалық көрсеткіштерін бағалаңыз.
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Баллмен бағалау | |||
1. | Емтихан тапсырушы қолын жақсылап жуғаннан кейін, наннан 1 данада сынаманы дұрыс алды (500 гр). Талаптарға сәйкес нанды пісіру уақыты 3-12 сағаттың аралығында болуы тиіс. | ||||
2. | Азық-түліктен сынама алу актісін (126/у формасы) толығымен дұрыс толтырды және зерттеуге лабораторияға жіберді. | ||||
3. | Емтихан тапсырушы қолын жуғаннан кейін, нанның органолептикалық көрсеткіштерін бағалауға кірісті: · нанның дәмін (ашқылтым дәне бөгде, аса қышқыл дәмнің болмауы, минералдық араласпалардан тісте сықырдың болмауы ); · нанның иісі (бүлінген және бөгде иістер болмауы тиіс). |
Кезең бойынша ең жоғары балл - 100
Тапсырмаға берілетін уақыт – 10 минут.
Бекет №2
«Нанның физикалық-химиялық көрсеткіштерін зерттеу»
Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Нанның физикалық-химиялық зерттеу әдісін көрсетіңіз.
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Баллмен бағалау | |||
1. | Емтихан тапсырушы физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша нанның кеуектілігі МЕСТ 5669-96 «Нан-бөлке өнімдері. Кеуектілікті анықтау әдісі» талаптарына сәйкес келуі керектігін дұрыс атап өтті. | ||||
2. | Нанның кеуектілігін анықтау үшін Журавлев аспабын қолданды. Нанды екі бірдей емес бөлікке бөлді. Үлкен бөлігінің жұмсағынан металдан жасалған цилиндрды айналдыра отырып, қатты бөлігінен (қабыршақтан) 1 см-дей аралықта ойынды жасады, ойындының жалпы саны бидайдан жасалған наннан алынған-3, қара бидай нанынан алынған –4-ді құрауы тиіс. | ||||
3. | Кеуектілігін (Х,%) формуламен есептейді: (V – m / p) x 100 Х= V Бұл жерде, V- наннан алынған ойындылардың жалпы көлемі, (1 ойындының көлемі 27 см3 –ға тең); m - барлық үлгілердің салмағы, г; p - жұмсағының кеуексіз бөлігінің тығыздығы. Кеуексіз бөлігінің тығыздығы қара бидайдан жасалған нан үшін- 1,21, жоғары және бірінші сортты бидай наны үшін - 1,31-ге тең. |
Кезең бойынша ең жоғары балл - 100
Тапсырмаға берілетін уақыт – 10 минут.
Бекет №3 «Нанның сапасы бойынша санитариялық-гигиеналық қорытындыны толтыру»
Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Нанның сынамасын зерттеу хаттамасын толтырыңыз және оның сапасы туралы қорытындыны беріңіз.