В080800 – Топырақтану және агрохимия мамандығына арналған

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Топырақтану және агрохимия кафедрасы

Құрастырушы:

топырақтану және агрохимия кафедрасының аға оқытушысы, а.ш.ғ.м. Кузданова Р. Ш.

«Тыңайтқыш қолдану жүйесі»

Пәні бойынша емтихан сұрақтары

В080800 – Топырақтану және агрохимия мамандығына арналған

Топырақтану және агрохимия кафедрасының мәжілісінде қаралып, мақұлданды. Хаттама № ____ «____» __________ 20____ ж.

Кафедра меңгерушісі,

а. ш. ғ. кандидаты, доцент Рамазанова Р.Х.

Агрономия факультетінің әдістемелік комиссиясымен

(Хаттама № ____ «____» __________ 20____ ж.) ұсынылды.

Әдістемелік комиссиясының төрағасы

а. ш. ғ. кандидаты, доцент Жұмағүлов И.И.

Астана 2015

5В080800 – Топырақтану және агрохимия

мамандығы студенттеріне арналған

«Тыңайтқыш қолдану жүйесі» пәні бойынша емтихан сұрақтары

1. Ауыл шаруашылығын дамытуда егіншілікті химияландырудың маңызы.

2. Агрохимиялық қызмет, тыңайту жүйесін ғылыми түрде қамтамасыз етудегі оның рөлі.

3. Тұздардың физиологиялық реакциясы және тыңайтқыш қолдануда оның маңызы.

4. Дақылдардың қоректік элементтерге физиологиялық мұқтаждығы.

5. Тыңайтқыш қолдануға байланысты Солтүстік Қазақстан топырақтарының агрохимиялық сипаттамасы.

6. Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда оның рөлі.

7. Топырақтың алмасып (физика-химиялық) сіңіру қабілеті және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда оның рөлі.

8. Топырақ қышқылдығы және тыңайтқыш қолдануда оның маңызы.

9. Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау әдістері.

10. Топырақ құрамындағы азот қосылыстарының мөлшері мен түрлері және олардың өсімдіктер үшін сіңімділігі.

11. Солтүстік Қазақстан топырақтарының азот құбылымы және оны реттеу тәсілдері.

12. Топырақтың азотпен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері.

13. Топырақ құрамындағы фосфор қосылыстарының мөлшері мен түрлері және олардың өзгеруі.

14. Солтүстік Қазақстан топырақтарының фосфор құбылымы және оны реттеу тәсілдері.

15. Топырақтың фосформен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері.

16. Өсімдік тіршілігі үшін калийдің рөлі, өнім мен оның сапасына әсері, калиймен қоректену кезеңділігі.

17. Топырақ құрамындағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрлері және өсімдіктер үшін олардың сіңімділігі.

18. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы және оны реттеу тәсілдері.

19. Солтүстік Қазақстан үшін келешегі бар минералды тыңайтқыштар, олардың сипаттамасы.

20. Аммоний сульфаты, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

21. Аммоний селитрасы, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

22. Мочевина, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

23. Тыңайтқыштардың аммиакты және нитратты формаларын қолдану ерекшеліктері.

24. Солтүстік Қазақстан жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарына азот тыңайтқыштарының тиімділігі және оны арттыру жолдары.

25. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі және олардың тиімділігінің болжамы.

26. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу және әр топтың қолдану ерекшеліктері.

27. Солтүстік Қазақстан үшін келешегі бар фосфор тыңайтқыштары.

28. Жай суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

29. Қос суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

30. Фторсызданған фосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

31. Фосфор тыңайтқыштарын енгізу мерзімі, әдісі және технологиясы мен сіңіруіне теориялық негіздеме беріңіз.

32. Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.

33. Хлорлы калий, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

34. Калий сульфаты, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

35. Әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ-климат жағдайларына байланысты оларды енгізу әдістері және технологиясы.

36. Күрделі, құрастырылған, аралас тыңайтқыштар туралы түсінік. Олардың экономиялық және агротехникалық маңызы.

37. Күрделі тыңайтқыштар (аммофос, диаммофос, калий селитрасы), олардың қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

38. Құрастырылған тыңайтқыштар (нитрофостар, нитрофоскалар), олардың қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

39. Органикалық тыңайтқыштардың түрлері және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен топырақ құнарлылығын арттыруда олардың маңызы.

40. Көң - ең маңызды органикалық тыңайтқыш. Көң құрамы. Көңнің топырақ пен өсімдікке әсері.

41. Топырақ және климат жағдайларына байланысты әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына көңді енгізу әдістері.

42. Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.

43. Құс саңғырығы, оның құрамы, қасиеттері және қолдану ерекшеліктері.

44. Әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына органикалық тыңайтқыштарды енгізу әдістері және технологиясы.

45. Тыңайтқыш қолдану жүйесі, оның міндеттері мен мақсаттары.

46. Тыңайту жүйесі туралы түсінік. Тыңайту жүйесінің міндеттері.

47. Тыңайту жүйесін құрастырудағы қағидалар.

48. Рационалды тыңайту жүйесінің құрастыруын анықтайтын қағидалар мен жағдайлар.

49. Рационалды тыңайту жүйесінің құрастыруын анықтайтын факторлар.

50. Тыңайтқыштардың тиімділігін анықтайтын факторлар.

51. Дақылдардың қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері және тыңайту жүйесі.

52. Топырақтың құнарлылығы және тыңайту жүйесі.

53. Ауыспалы егістер және тыңайту жүйесі.

54. Алғы дақылдардың тыңайтқыш тиімділігіне әсері.

55. Топырақты өңдеу жүйесі және тыңайтқыштарды қолдану ерекшеліктері.

56. Ғылыми негізделген тыңайту жүйесін құрастыру үшін агрохимиялық картограммалардың рөлі.

57. Тыңайтқыштарды енгізу әдістері, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыруда олардың рөлі.

58. Тыңайтқыштарды енгізу қажеттілігіне теориялық негіздеме беріңіз.

59. Астық дақылдары үшін топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің оңтайлы параметрлері.

60. Тыңайтқыш тиімділігінің болжамы.

61. Минералды тыңайтқыш тиімділік болжамының әдістемесі.

62. Топырақта 35 мг/кг жеңіл гидролизді азот және 24 мг/кг P2O5 бар. Астық дақылдарына көң мөлшерін есептеңіз.

63. Тыңайтқыштардың ә.е.з. есебіндегі мөлшерін физикалық салмағына қалай айналдырады?

64. Сізге 100 кг/га ә.е.з. Р2О5 енгізу керек. Жай суперфосфаттың физикалық салмағын анықтаңыз.

65. Топырақта 24 мг/кг P2O5 бар. Жаздық бидай үшін P2O5- ті оңтайлы мөлшеріне жеткізу үшін, қанша жай суперфосфат енгізу керек?

66. Топырақта 24 мг/кг P2O5 бар. Жаздық бидай үшін P2O5- ті оңтайлы мөлшеріне жеткізу үшін, қанша қос суперфосфат енгізу керек?

67. Дәннің химиялық құрамы бойынша, оның протеин мөлшерін анықтаңыз (мысал келтіріңіз).

68. Дәннің химиялық құрамы бойынша, оның белок мөлшерін анықтаңыз (мысал келтіріңіз).

69. Топырақта 5 мг/кг N-NO3 және 20 мг/кг P2O5 бар. Астық дақылдарына азот тыңайтқыштарының мөлшерін анықтаңыз.

70. Топырақта 25 мг/кг P2O5 бар. Астық дақылдарын фосформен қамтамасыз ету үшін көң мөлшерін есептеңіз.

71. Топырақта 7 мг/кг N-NO3, 26 мг/кг P2O5, жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм болғанда, азот тыңайтқыштарының әсеріне болжау беріңіз (қосымша өнімін есептеңіз).

72. Әктің мөлшерін қалай есептейді (мысал келтіріңіз)?

73. Астық дақылдары үшін топырақтағы N-NO3 мөлшерінің оңтайлы деңгейін атаңыз.

74. Топырақтағы P2O5 мөлшерін 5 мг/кг арттыру үшін, 1 га- ға қанша кг ә.е.з. фосфор тыңайтқышын енгізу керек?

75. Топырақта 3 мг/кг N-NO3, 18 мг/кг P2O5, жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм болғанда, азот тыңайтқыштарының әсеріне болжау беріңіз (қосымша өнімін есептеңіз).

76. Топырақта 18 мг/кг P2O5 бар. 1 га-ға шаққандағы P2O5 -тің кг мөлшерін анықтаңыз.

77. Топырақта 28 мг/кг P2O5 бар. Жаздық бидайдың оңтайлы мөлшеріне жеткізу үшін, қанша кг ә.е.з. фосфор тыңайтқышын енгізу керек?

78. Р2О5 -тің 90 кг ә.е.з. қос суперфосфаттың физикалық салмағына қайта есептеңіз.

79. Кебірлерді мелиорациялау үшін гипс мөлшерін қалай есептейді (мысал келтіріңіз)?

80. Топырақта 36 мг/кг жеңіл гидролизді азот болғанда, 1 га-ға шаққандағы минералды азоттың кг мөлшерін анықтаңыз.

Наши рекомендации