Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
Ядролық қару-ядролық оқ-дәрілердің,оларды мақсатқа жеткізу амалдарының,басқару амалдарының жиынтығы, биологиялық және химиялық сияқты жаппай жою қарулар қатарына жатады. Ядролық оқ-дәрі ядролық энергияны пайдалануға негізделіп, ауыр ядроларды немесе жеңіл ядроларды бөлу кезіндегі тізбекті ядролық реакция кезінде босанатын жарылғыш қасиеті бар қару.Ядролық жарылыс кезінде жылдам және жоғарғы дәрежедегі энергия бөлінуі жүзеге асады, бұл кезде реакция аймағындағы тепература ондаған миллион градусқа ал қысым шамамен миллиард атмосфераға жетуі мүмкін.Сонымен қатар ол жалтылдағыш жарыққа және күркірейтін дауысқа ие.Жарқылдаған жарықтан кейін бірнеше секундта жоқ болып кететін отты шар түзіледі, ал жер үсіндегі жарылыс кезінде отты жарты шар.Отты шар орнында жүз мыңдаған биіктікке кететін мыңдаған тонна зақымдаушы радиоактивті заттар шашыратқан грибок тәрізді бұлт түзіледі.Бұлт желмен бірге жарылыс ошағынан алыстап, жүздеген километрлерге кетуі мүмкін.Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады.Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы.Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді.Тротилдық эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді.Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында болуы мүмкін.Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сауле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электірлік магниттік импульс жатады.
Химиялық қаруды.Химиялық қару Ұрыстың қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік иелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:1)Уақытша қатардан шығару;2)Жою;3)Адамдарды тірі роботқа айналдыру;4)Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.Бактериологиялық қару дегеніміз- арнайы жеткізу амалдары бар оқ-дәрілер және әскери құралдар, олар бактериалық (биологиялық) заттармен толтырылған. Бактериалық құралдар адамдарды зақымдауға бағытталған: бактериалық ауруларды туғызғыштар;вирустық ауруларды туғызғыштар;риккетсиозды туғызғыштар;грибокты ауруларды туғызғыштар;жануарларда зақымдауға бағытталған:ящур тудырушылар, ірі мүйізді жануарлар арасында оба тудырушы және басқа да көптеген аурулар туғызатын бактериалар колданылуы мүмкін.Бактериологиялық қарудың негізігі зақымдаушы факторларын ауру туғызғыш микроорганизмдер құрайды, олар: бактериалар, вирустар, грибоктар және бактериалақ улар (токсиндер).Бактериологиялық құралдар биологиялық репцептурамен қолданылады.Бактериологиялық қарудың қолданылу амалдары:-аэрозольді тәсіл-жер бетіндегі ауаны улау үшін аэрозоль арқылы бактериологиялық рецептураларды тарату;-трансмиссиялық тәсіл-арнайы уландырылған қан сорғыштарды тарату-кенелер, биттер, масалар және т.б.;-диверсиялық тәсіл-мақсатты түрде жабық ғимараттардағы ауаны, суды және таңдалған сауда аймағын зақымдау.
Иондаушы сəулелер, олардың түрлері жəне сипаттамасы,ағзаға əсері.Қорғану жолдары.
Иондаушы сәуле-сәулелердің бір затпен қосылып, сол затта электр зарядын түзуі немесе иондауы.Иондаушы сәулелердің корпускулярлы және фотонды екі түрі бар.Корпускулярлы иондаушы сәулелер-радиоактивті заттардың ыдырауының нәтижесінде пайда болатын қарапайым бөлшектерден тұрады.Оларға:альфа және бетта-бөлшектері,нейтрондар,протондар және т.б.жатады. Альфа бөлшектер-екі медициналық заряды бар гелий атом ядросы.Радионуклидтер альфа бөлшектердің энергиясы шамамен 2-8МэВ.Бетта бөлшектер-электрондар мен позитрондар ағыны.Радионуклидтерде бетта бөлшектердің энергиясы 3-3.5 МэВ.Фотонды иондаушы сәулелер-электромагниттер ағыны.Оларға:гамма сәулелері,рентген және т.б.жатады.Электромагнитті сәулеленудің осы түрлерінің өзара айырмашылығы:толқын ұзындығы мен энергиялары.Гамма сәулелері бөлшектердің аннигиляциялары кезінде түзіледі.Иондаушы сәулелердің ағзаға әсері.Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организмінде кедергі жоқ.Организмге еніп,өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттардың кез келген молекуласын иондайды,олардың химиялық байланысын бұзады,бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады.Адам сәуле ауруына ұшырайды, қатерлі ісіктер пайда болады.Соматикалық-стохастикалық;стохастикалық;генетикалық әсерлер береді.Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары:1)Уақыт.Сәулелену жерінде аз уақыт болу арқасында дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады.2)Арақашықтық.Нүктемелі немесе локальды сәулелену көздері жан-жаққа бірқалыпты таралады,яғни изотропты.Сондықтан сәулелену көзінен арақашықтық үлкейген сайын сәулелену белсенділігі кеми түседі.3)Экрандалу немесе жұтылу.Фотон мен заттардың өзара әсерлесуі нәтижесінде туындайды.4)Радиациалық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге,ластанған су көздерінен су ішуге,жерге жатуға болмайды.5)Организмді бірқалыпты ұстау(жақсы тамақтану,витаминдер,спортпен шұғылдану,сауна т.б.).6)Иондаушы сәулеленуден техникалық қорғаныс құралдарына халаттар,газқағарлар,комбинезондар,шаңнан қорғайтын маскалар,қолғаптар т.б. жатады.