Химиялық улардың әсері
Биологиялық улар әсері
Мұнай фракцияларыны химиялық биологиялық токсикологиясы
Кеме жүзуінен ластану.Жүктерді су жолымен тасымалдау көліктің ең арзан түрлеріне жатады. Осы себеппен, бұл жүктерді жеткізудің ең баяу тәсілі екендігіне қарамастан, ол дәл сол кезде, әсіресе шикізатты жеткізу кезінде, ең кең таралған да тәсіл. Теңіз тасымалдарының жартысы мұнайға келеді. Кез келген мұнайда азды-көпті шамада су болады. Тасымалдау барысында мұнайдан су біртіндеп бөлініп шығып, танкердің түбіне жинақталады. Мұнайды сорып, айдағаннан кейін бұл су сонда қалады.
Теңіздің жағалаудан 50 мил шегінде мұнаймен ластануының алдын алу жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес, егер олардағы мұнай өнімдерінің концентрациялары 50 мг/л асып түссе, теңіз кемелерінен балласт, фекалий жэне өзге төгінді суларды ағызуға тыйым салынады. Мұнайды тасымалдау ауқымын ескере отырып, қорғау аймағынан тысқары жерде де суды ағызудың Дүниежүзілік мұхиттың ластануына алып келетіндігі айдан анық. Мұнай өнімдерімен ластану цистерналарды шаю кезінде ғана емес, мұнай құйылған кемелердің апаттары кезінде де жүреді.
Теңіздердің мұнаймен ластануы теңіз өсімдіктеріне -Жер атмосферасына оттегін жеткізушілерге қысым көрсетілуіне алып келеді.
Өндірістік ағынды суларды тазарту әдістері.Өндірістік ағынды суларды тазалауда келесі әдістер қолданылады: механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық.
Механикалық тазалауға кіреді: сүзу (сығу) ол торларда (ірі қоспалар үшін) және барабанды торларда (ұсақ өлшенді заттар үшін) жүргізіледі; тұндыру өте жиі қолданылатын әдіс, тұрмыстық ағындарды тазартатын қондырғылардан еш айырмашылығы жоқ көлденең және радиальді тұндырғыштар қолданылады. Ағынды суларды ірі дисперсті заттардан тазарту үшін тұндырғыш ретінде соңғы жинағыш, яғни сулардағы кенді байытқаннан кейінгі соңғы ұнтақты жинауға арналған ағын тоғаны қолданады
Тұндыру үрдісіне ағынды суларды центрифугада және гидроциклонда тазартуды жатқызуға болады. Горьков политехникалық институтында гидроциклонды аспапты қолдану кезінде полимерлік өнімнің өлшенді заттарынан ағынды суларды тазарту әдісі ұсынылған. Тюмен ауыл шаруашылық зерттеу институтында мұнай өнімдерінен ағынды суларды тазарту кезінде гидроциклон-тұндырғыш ойлап табылған, ол тәлігіне 10 000 м3 ағынды тазартады. Ленинград ауыл-шаруашылқ институтында центрифугирлеу жолымен ағындарды тазартудың тиімділігін жоғарылатуға болатындығын анықтады.
Химиялық биологиялық улардың организмді уландыру механизмі
Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
Патологиялық процестердің шоғырлануы газдар мен булардың суда еру коэфициентіне, құрамына және шаңдардың дисперсиялығына байланысты. Хлормен, амиакпен, күкіртті ангидридпен жедел уланған кезде ринит, ларинготрахеит, бронхит сияқты, ал кадмий, фосген, азот тотығы мен уланған кезде бронхты-бронхиолит және өкпенің уытты ісігі сияқты патологиялық жағдайлар дамиды.
Уытты ісік тітіркендіргіш газдар және булармен жедел уланудың әсерінен болатын клиникалық өзгерістердің ішінде дәрігерлердің араласуын шұғыл талап ететін ең ауыр патология болып саналады.
Қан жүйесіндегі өзгерістер. Біз жоғарыда атап өткендегі карбоксигенаглобин түзушілер (көміртек тотығы) және метгемаглобин түзушілердің (бензолдың амидті және нитро қоспалары, натрий нитраты, кейбір органикалық асқын тотықтар) арнайы гемоглобин бөгеуші қасиеттері бар. Уыттық заттармен қан жүйесінің зақымдануы сәттерінде жиі кезде-сетін өзгерістер қанның гипо және апластикалық күйге түсуі. Қарқынды дамитын лейкопения, тромбоцитопения және анемия түрінде болатын ге-мопоэз бұзылуы бензол және оның гомологтарымен ұзақ уақыт аралығында уланғанда болады.
Жүрек–тамыр жүйесінегі (ЖТЖ) өзгерістер. Өнеркәсіптік улармен уланған кезде ЖТЖ зақымдануы вегетативтік – қан тамырларының дисфункциясы, миокард дистрофиясы шектелген ошақты зақымданулар түрінде айқындалады. Вегетативтік-қан тамырлар өзгерістері көптеген интоксикацияларда, әсіресе нейротропты улармен уланған кездерде дамиды арийдің ерігіш тұздары миокардқа наперстянка препараттары тәрізді әсер тудырады және минералды заттар алмасуының жергілікті бұзылулары болады. Бензол, сынаптың органикалық қоспалары, қорғасын капиллярлардың резистенттілігін төмендетеді, тамырлардың ішкі қабаттарының майлы дистрофиясын тудырады.