Ызыл жілік майының түсін не анықтайды

Тақырып: Қан түзу ағзалары. Сүйек кемігі: құрылысы, дамуы, жастық ерекшеліктері.

Ан түзу ағзасы (органом кроветворения) - сүйек кемігі болып табылады. Қызыл сүйек кемігі – бұл жалпақ және қысқа сүйектердің кеуекті заттарының ұяшықтарында (в ячейках губчатого вещества), ұзын түтікті сүйектердің эпифиздерінде орналасқан ағза. Ол миелоидты тіннен, яғни торлық (ретикулярлық) тін – мықты байламдар торынан тұрады, онда гематопоэздік бағаналық жасушалар жақсылап бекінген. Ол жерде қан және иммундық жүйе жасушаларының бастамасы болып табылатын бағаналық жасушалар (стволовые клетки) орналасады және түзіледі. Қызыл сүйек кемігінде оны қоректендіретін диаметрі 6-20 мкм болатын қан тамырлық капиллярлар және диаметрі 500 мкм (синусоидтар) болатын кең капиллярлар тармақталады да, олардың қабырғалары арқылы қанға жетілген қан және иммундық жүйенің (В-лимфоциттер) формалық элементтері өтеді. Сары сүйек кемігі негізінен ретикулярлық тінді алмастырған май тінінен тұрады. Сары сүйек кемігінде қан түзетін элементтер болмайды. Көп мөлшерде қан жоғалтқан кезде сары сүйек кемігінің орнында қайтадан қызыл сүйек кемігі пайда болуы мүмкін.

Дамуы, жастық ерекшеліктері – эмбриондық кезеңде қан түзілу сарыуыз қапшығының (желточном мешке) қан түзу аралшықтарында жүзеге асады. Дамудың 6 аптасынан бастап қан түзілу бауырда байқала бастайды, ал 3 айдан бастап – көкбауырда байқалады және жатырішілік дамудың соңына дейін созылады. Сүйек кемігі 2-айдың соңына таман қалыптаса бастайды. 12-аптадан бастап сүйек кемігінде қан тамырлары дамиды, оның айналасында ретикулярлық тін пайда болады, алғашқы қан түзу аралшықтары қалыптасады. Дамудың 20-аптасында сүйек кемігінің салмағы көбейеді және эпифиз жағына қарай тарала бастайды. Нәрестенің қызыл сүйек кемігі барлық сүйек кемігінің қуыстарын толтырып тұрады. Қызыл сүйек кемігіндегі май жасушалары алғаш рет туылғаннан кейін пайда болады (1- 6 айда), ал 20-25 жаста сары сүйек кемігі сүйектердің диафиздерін түгел толтырады. Қартайған адамдарда сүйек кемігі шырыштәрізді түрге айналады (желатинді сүйек кемігі) (приобретает слизеподобную консистенцию). Түтікті сүйектердің эпифиздер кемігінде және жалпақ сүйектерде қызыл сүйек кемігінің бір бөлігі сары сүйек кемігіне айналады.

Тимус (айырша без), сүйек кемігі сияқты, ол да иммуногенездің орталық ағзасы болып табылады. Тимуста сүйек кемігінен қан арқылы келген бағаналық жасушалар Т-лимфоциттерге айналып, жасушалық иммунитетке жауап береді. Әрі қарай Т-лимфоциттер тимустан шығып, иммуногенездің шеткі ағзаларындағы тимустәуелді аймақтарына барып орналасады. Тимус бір-бірімен ортаңғы бөлігінде бітіскен оң және сол жақ үлестерден тұрады. Тимус жоғарғы көкірекаралықта, төстің артында орналасады. Тимустың қапшығы болады, одан шығатын қалқалар тимусты үлесшелерге бөледі. Тимус қыртыстық (қою түсті) және милық (ашық түсті) заттардан тұрады. Тимустың стромасы ретикулярлық тіннен құралған, оның торының ілмектерінде тимустың лимфоциттері (тимоциттер) және эпителилік жасушалар жатады. Қыртыстық затында тимоциттер милық затына қарағанда тығызырақ орналасады. Милық затында тығыз, шоғырланып орналасқан, жалпақ эпителилік жасушалар - Гассаль денешіктері болады. Тимус иммундық жүйенің басқа ағзаларынан бұрынырақ қалыптасады да, туылған кезде салмағы айтарлықтай болады (13,3 г). Туылғаннан кейін алғашқы 3 жылда тимус қарқынды өседі. 3 жас пен 20 жас арасында тимустың салмағы тұрақты - 25-29г. 20 жастан кейін тимустың салмағы азаяды, бұл жастық инволюция салдарынан болады. Егде тартқан және кәрі адамдарда тимустың салмағы - 13-15 г. Туылғаннан кейін (шамамен 10 жасқа дейін) тимуста қыртыстық зат көбірек болады. 10 жасқа таман қыртыстық зат пен милық заттың мөлшерлері шамамен бірдей болады. Әрі қарай қыртыстық заттың аймағы жіңішкеріп, тимоциттердің саны азаяды. Ағзада май тіні өсіп кетеді де, 50 жастан асқан адамдарда ол шамамен 90% құрайды. Тимус ұлпасы жастық инволюция үрдісі кезінде толықтай жоғалып кетпейді, май тінімен қоршалған аралшықтар түрінде сақталады.

Көкбауыр, lien(грекше spleen, қабынуы - спленомегалия), қанды иммундық бақылау қызметін атқарады. Көкбауырдан өткен қан лейкоциттермен байытылып, эритроциттерден («эритроциттер моласы») және ауру тудырушы микробтардан арылады, қанның қоры болып табылады. Көкбауыр сол жақ қабырға астында IX- XI қабырғалар деңгейінде орналасқан. Көкбауырдың ұзындығы 12 см, ені 8 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 170 г, қою қызыл түсті күлгіндеу реңі бар, пішіні кофе дәніне ұқсайды. Көкбауырдың көкеттік және висцералді беттері, жоғарғы және төменгі жиектері, алдыңғы және артқы шеттері болады. Висцералді бетінде тамырлар мен нервтер өтетін көкбауыр қақпасы орналасады. Ішастар көкбауырды барлық жағынан қаптайды. Көкбауыр құрамында эластикалық және тегіс салалы бұлшықет талшықтары бар қапшықпен, tunica fibrosa, қапталған. Қапшықтан қалқалар (трабекулалар)кетеді, трабекулалар арасында паренхима, көкбауыр ұлпасы (жұмсағы), pulpa splenicaорналасады. Көкбауырдағы қызыл ұлпа веналық қойнаулар арасында орналасадыжәнеретикулярлық тіннен, эритроциттерден, лейкоциттерден, лимфоциттерден, макрофагтардан тұрады. Ақ ұлпа лимфоидты периартериялық муфталардан, лимфоидты түйіндерден және лимфоциттер мен лимфоидты тіннің басқа жасушаларынан тұратын макрофагтық- лимфоидты муфталардан (эллипсоидтардан) түзілген. Көкбауыр тамырлары: Көкбауыр артериясы көкбауырдың қақпасынан кіріп, сегменттік, трабекулалықжәне соңында ұлпалық артерияларға тармақталады. Ұлпалық артериялардың айналасында лимфоидты периартерялық муфталаржәне лимфоидты түйіндер орналасады. Әрбір ұлпалық артерия әрі қарай макрофагтық-лимфоидты муфталармен (эллипсоидтармен)қоршалған шашақты (кисточковые) артерияларға бөлінеді. Шашақты артериялардың тармақталуынан пайда болған капиллярлар қызыл ұлпада орналасқан веналық қойнауларға құйылады. Веналық қойнаулардан басталған веналық діңгекшелер ұлпалық веналарға, одан әрі трабекулалық веналарға құйылады. Ағзаның қақпасында түзілген көкбауыр венасы қақпа венасынақұйылады.

Сүйек кемігіндегі бағаналық жасушалардың көп рет (100-ге дейін) бөліне алатын қасиеті бар, сондықтан олар өзін-өзі ұстап тұратын популяция түзеді. Сүйек кемігінде бағаналы жасушалардан түзілген ізашар-жасушалар болады, олар көп реттік бөлінулерден және үш бағыт бойынша (эритропоэз, гранулопоэз, тромбоцитопоэз) сараланудан кейін соңында қанның формалық элементтеріне, яғни эритроциттерге, лейкоциттерге, тромбоциттерге айналып, қан арнасына түседі.

Ан – біздің денеміздегі жалғыз сұйық тін болып табылады. Қанның жалпы мөлшері барлық дене салмағының 1/14 бөлігін құрайды. Ер адамдарда - 5,5 л қан, әйелдерде - 3,25 л қан болады. Қанның 80% -ы судан тұрады. Қан құрамында бейорганикалық заттар - натрий және хлор иондары болады. Бұл қанға тұзды дәм береді. Органикалық заттар – организмде түзілетін күрделі көміртегі қосылысты молекулалар, яғни глюкоза және сан түрлі көмірсулар. Формалық элементтер қанға қоймалжың түр береді. Егер формалық элементтер ісініп бір-біріне жабысатын болса, қан бүйрек немесе бұлшықеттер сияқты жартылай қатты зат болар еді. Формалық элементтер бір-біріне жабыспай, қанда жеке-жеке жүзіп жүретін болғандықтан ғана қан сұйық болып қалады. Қан екі бөлікке бөлінеді: сулы бөлігі, қан плазмасы (55%) және формалық элементтер (45%). Қан көптеген қызметтер атқарады, соның ішінде ең маңыздысы – оттегі тасымалдау. Қанның қызметтері: 1. Оттегіні өкпеден жасушаларға жеткізу; 2. Көмірқышқыл газын организмнен шығару үшін өкпеге әкелу; 3. Жасушаларға өмірлік маңызды заттарды, мысалы глюкозаны жеткізу; 4. Жасушалардың тіршілік қалдықтарын, мысалы мочевинаны шығару; 5. Организмнің химиялық реттегіштері – гормондарды жеткізу; 6. Организмде су мен минералды тұздарды тарату; 7. Организмді микробтардан қорғау; 8. Дене қызуын тұрақты ұстап тұру; 9. Жарақат алған кезде тромбоциттер көмегімен қанды тоқтату.

Эритроциттер – қанның қызыл түйіршіктері, ядросы болмайды, ортасы жұқалау – екі жағы да ойысқан диск тәрізді, диаметрі 7,2 микрометр, қалыңдығы 2,2 микрометр. Эритроциттер гемоглобинмен толтырылған, ол нәруыздан (глобин) және құрамында қанды қызыл түске бояйтын темірі бар қызыл пигменттен (гем) тұрады. Гемнің химиялық құрамы гемоглобинге оттегіні өзіне байланыстырып, оны тыныс алу үшін жасушаларға жеткізуге мүмкіндік береді. Ортасының жұқалау болуы эритроцит гемоглобинін бетіне жақындау орналастырып, оттегіні сіңіріп алуға мүмкіндік жасайды. Эритроцит өмірін қарапайым жасуша түрінде бастайды. Ол бассүйектің, қабырғалардың және омыртқалардың сүйек кемігінде, ал балаларда түтікті сүйектердің метафизіндегі сүйек кемігінде түзіледі. Түзілу үрдісі эритропоэз (грекше poesis-выработка) деп аталады. Алдымен мегалобласт (грекше - үлкен қауыз) – ядросы бар, гемоглобині жоқ үлкен жасуша. Мегалобласт гемоглобинді алғаннан кейін эритробластқа (грекше - қызыл қауыз) айналады. Одан кейін, бөліну деңгейіне байланысты ол өлшемі кішірейіп, нормобластқа (грекше – қалыпты қауыз) айналады, себебі осы кезде ғана эритроциттің қалыпты мөлшеріне айналады. Бірақ бұл кезде ол әлі де ядросы бар және қарапайым жасуша болып табылады. Келесі кезеңде ол ядросын жоғалтады да ретикулоцитке айналады (грекше –торлы жасуша), себебі оның бетінде арнайы бояумен бояған кезде торлы сурет пайда болады. Ретикулоцит қан ағымына шығады да бірнеше сағаттан кейін қалыптасқан эритроцитке айналады. Эритроциттер қандағы ең көп формалық элемент болып табылады. 1 мм3 (шамамен 1 тамшы) қанда ер адамдарда - 5,4 млн эритроцит, әйелдерде - 4,8 млн эритроцит болады. Эритроцит өзінің ядросын жоғалтатын кезеңіне келгеннен кейін бұдан әрі өсіп, бөліне алмайды, яғни көбеймейді. Ол әрі қарай өзі жеке өмір сүре бастайды, қан тамырлары мен капиллярларда айналып жүріп өзінің күрделі жұмысын атқарады. Эритроциттің орташа өмір ұзақтығы - 125 күн. Ыдыраған эритроциттер (қан тозаңдары - гемоконилер) көкбауырда сүзіліп, үлкен макрофаг жасушаларымен жұтылады. Ірі қан тамырларда эритроциттер бір-бірімен тегіс жақтарымен жанасып жиналуға бейім болады. Бұл үрдіс «теңге бағандары» деп аталады.

Капиллярлардың ішінде эритроциттер бір-бірден баяу өтуге мәжбүр болады, соның арқасында олар оттегіні тіндерге беріп немесе алып үлгереді. Бір эритроцитте шамамен 270 млн гемоглобин молекуласы болады, ал әрбір молекулада 4 топ гемдер болады. Әрбір топ өзіне бір молекула оттегіні байланыстыра алады. Сөйтіп, эритроцит, капиллярға оттегісіз кіргенмен, шыққан кезде өзіне оттегінің 1 миллиардтан аса молекуласын тиеп шығады. Сондықтан да біздің қан арнамызда 5-минуттық резервтік оттегі қоры болады. Оттегі эритроцитке еніп гемоглобин молекуласына бекінген кезде, жаңа қосылыс –оксигемоглобин пайда болады, ол қанға ашық қызыл түс беріп тұрады.

Лейкоциттер (грекше – ақ жасушалар) - оларда пигмент болмайды. Көптеген лейкоциттер эритроциттермен бірге сүйек кемігінде өндіріледі. Алғашқы кезеңдерде бұл жасушалар миелобласттар (грекше – сүйек кемігіндегі бастамалар) түрінде болады, ал одан соң миелоциттерге (грекше – сүйек кемігі жасушалары) айналады. Олар көп мөлшерде түзіледі, бірақ олардың өмірі ауыр және қауіпті, сондықтан олар көбінесе көп өмір сүрмейді. Лейкоциттер эритроциттерге қарағанда азырақ - 1 мм3 қанда 7000 лейкоцит болады. Себебі олардың біразы тіндерде және тамырлардың қабырғасында болады да, организмге инфекция түскен кезде олар қанға шығып, саны тез көбейеді. Лейкоциттердің ядросы болады және олар цитоплазмалық төмпелер – псевдоподиялар арқасында тез қозғалады, олар алдымен қажетті бағытқа қарай Ызыл жілік майының түсін не анықтайды - student2.ru томпаяды да, кейін сол жерге бүкіл жасуша ағып келеді. Лейкоциттердің мөлшері – 6-15 микрон. Лейкоциттердің көптеген түрлері болады, олар бір-бірінен өлшемдері мен пішіндері бойынша ерекшеленеді. Жалпы оларды екі класқа бөлуге болады: түйіршік түріндегі лейкоциттер (гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттер) және сыртқы пішіні түйіршікке ұқсамайтын лейкоциттер (агранулоциттер немесе түйіршікті емес лейкоциттер). Көпядролы лейкоциттер гранулоциттерде көбінесе ядросы күрделі пішінді, екі немесе одан да көп үлестері болады. Олар көбінесе қан арнасындағы барлық лейкоциттердің 2/3 бөлігін құрайды. Оларды қышқылдық бояу эозинмен, негіздік бояумен немесе нейтралды бояулармен боялуына қарай үш типке бөлуге болады. Оларды сәйкесінше эозинофилдер 2% (грекше – эозин сүйгіш), базофилдер 1% (грекше – негіз сүйгіш) және нейтрофилдер 67% (грекше-нейтралдықты сүйгіш). Олардың ішінде көбірек кездесетіні нейтрофилдер. Бір ядролы лейкоциттер, агранулоциттердің (барлық лейкоциттердің 1/3) ядросы үлкен, пішіні гранулоциттерге қарағанда қарапайым, жеке үлестері болмайды, кейде жасушаның көп бөлігін алып тұрады. Сонымен қатар оларды өлшемдерінің кішірею ретіне қарай үш түрге бөледі:

Моноциттер 3-5% (грекше - «бүтін жасуша», ядросының үлесі біреу), үлкен лимфоциттер және кіші лимфоциттер. Агранулоциттер сүйек кемігінде өндірілмейді.

  1 шаршы миллиметрдегі саны
Барлық лейкоциттер    
Гранулоциттер    
нейтрофилдер    
эозинофилдер    
Базофилдер    
Агранулоциттер    
кіші лимфоциттер    
моноциттер    
үлкен лимфоциттер    

Нейтрофилдердің амеба тәрізді қозғала алатын ерекше қасиеті бар. Олар және аз деңгейде басқа да лейкоциттер жұқа капиллярлардың қабырғасын түзетін жасушалар арасымен сығылысып өту үшін қажетінше жиырыла алатын қасиеті бар. Сөйтіп олар қан айналым жүйесінен шығып басқа тіндерге түседі. Бұл үрдіс диапедез (грекше - сығылысу) деп аталады. Мұндай қабілеттің маңызы зор, себебі лейкоциттер организмнің қорғаныштық соққы беретін әскері болып табылады, олар бактериялар мен басқа бөгде денелерді жұтып, ыдыратып жібереді. Лейкоциттер қанмен келіп, көп мөлшерде тіндерге түседі де, бактерияларды жұтады (амеба тәрізді). Бұл фагоцитоз (грекше – жасушаларды жұту) үрдісі және ол организмді инфекциядан қорғайтын басты құралдардың бірі болып табылады. Организмнің тағы бір қорғаныш құралы – қан плазмасындағы белгілі бір нәруыздардың, яғни антиденелердің қызметі. Олар бөгде заттар - бактериялық токсиндер немесе көмірсулардың бактериялық жасуша бетіне шығуы әсерінен өндіріледі. Антиденелер токсинмен немесе бактериялық жасушаның бетімен арнайы реакцияға түсіп, оларды тіршілік мүмкіндігінен айырады. Адам өз өмірінде көптеген сан түрлі антиденелер шығарады. Бұл антиденелер бактериямен бірден реакцияға түсуге әзір, сөйтіп адамды көптеген ауруларға төзімді (резистентті) ете алады. Бактериялардағы токсиндер лейкоциттерді жоя алуы мүмкін. Бактериялардың табиғатына қарай лейкоцит бірден 50-ге жуығын немесе екеуін ғана жұтып, өзі де жойылуы мүмкін. Зарарланған жерде өлген және ыдыраған лейкоциттер ірің түрінде жиналады. Лейкоциттер саны не көбеюі (лейкоцитоз), не азаюы (лейкопения) мүмкін.

Ызыл жілік майының түсін не анықтайды - student2.ru Тромбоциттер (грекше - қан ұйытатын жасушалар)– қан табақшалары, өздерінің пішініне қарай осылай аталған. Олардың пішіні бірдей емес сопақ болып келеді және өте кішкентай (2-3 микроннан көп емес) болады. Олардың диаметрі эритроциттердің диаметрінен екі есе кіші. Олардың ядросы болмайды, себебі олар толық жасушалар емес, жасушалардың бір бөліктері ғана. Тромбоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Алдымен олар көп ядросы бар өте үлкен жасушалар түрінде болады, мегакариоциттер (грекше-ядросы бар алып жасушалар) – тромбоциттердің ізашарлары деп аталады. Ядросы көп рет бөлініп, ал цитоплазмасы бүтін болып қалады. Түзілгеннен бір аптадан кейін мегакариоцит цитоплазмасы бөлшектеніп, кішкене бөлшектер – тромбоциттерге айналады. Тромбоциттердің қандағы орташа тіршілік ұзақтығы 8-10 күн ғана. Олардың саны лейкоциттерге қарағанда біршама көп, бірақ эритроциттерге қарағанда азырақ - 1 мм3-да 250000-ға дейін. Егер қандай да бір жарақаттан тері тосқауылынан қан сыртқа шығып кетсе, тромбоциттер бірден ойынға шығады. Ауамен жанасқан кезде тромбоциттің құрылысы бұзылады. Бұл химиялық өзгеріс туғызып, қан плазмасындағы еритін нәруыз фибриногеннің ерімейтін талшықтар – фибринге айналуымен аяқталады. Фибрин талшықтары тор сияқты қанды ұстап тұрады да, оған қанның формалық элементтері ұсталады, сөйтіп ұйынды пайда болып жара бетін жабады, қан кету тоқтайды. Протромбин (бауырда өндірілетін нәруыз) ыдыраған тромбоциттердің ішінен шығатын ферменттер әсерінен тромбинге айналады. Одан әрі тромбин фибриногенді фибринге айналдырады, ол плазмада ерімейді, сондықтан да онда жеке талшықтар түрінде тұнып қалады. Ызыл жілік майының түсін не анықтайды - student2.ru

«

Қан түзу жүйесі»

1. Жіліктердегі қызыл сүйек майының орналасатын аймағы:

А. диафиз

B. апофиз

+C. метафиз

D. өсінділер

E. сүйек қабығы

2. Айырша без орналасқан:

A.іш қуысында

B.артқы көкірекаралықта

C.ортаңғы көкірекаралықта

+D. жоғарғы көкірекаралықта

E.қалқаншатәрізді шеміршектің бетінде

3. В-лимфоциттерді түзеді:

A.бадамшалар

B. айырша без

+C. қызыл жілік майы

D.көкбауыр

E.лимфа түйіндері

4. Лимфа түйінінің бөліктері:

+A. қыртысты зат

+B. милы зат

+C.қыртыстық қойнау

+D.қапшықастылық қойнау

E.басы

5. Көкбауырдың тамырлық арнасын түзеді:

+A.көкбауыр артериясы

B.шажырқайлық артерия

+C.қалқалық (трабекулалық) артерия

D.асқазан-шарбылық артерия

+E.орталық артерия

ызыл жілік майының түсін не анықтайды

A. шелмай жасушалары

B.дәнекер тін

+C.эритроциттер

D.лейкоциттер

E.остеоциттер

7. Т-лимфоциттерді түзеді:

A.бадамшалар

+B.айырша без

C.сүйек майы

D.көкбауыр

E.лимфа түйіндері

8. Шоғырланған лимфа түйіншелері (Пейер шоғыры) орналасқан аймағы:

A.өңеш қабырғасы

+B.мықын ішек қабырғасы

C.асқазан қабырғасы

D.соқыр ішек қабырғасы

E.он екі елі ішек қабырғасы

9. Көкбауыр ұлпасы (паренхимасы) құралған:

+A.ақ ұлпадан (пульпа)

B.қыртысты заттан

+C.қызыл ұлпадан

D.милы заттан

+E.қалқалардан (трабекулалардан)

10. Иммундық жүйенің шеткі ағзалары:

A.айырша без

B.қызыл жілік майы

C.бауыр

+D.бадамшалар

E.сары жілік майы

Наши рекомендации