Технология және экономика факультеті

Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

«Органикалық заттар технолгиясының теориялық негіздері »

Пәнi бойынша

5В050721 : «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Мамандығына арналған

Курс 3

Семестр 6

Астана – 2016

5В072100 ««Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» пәнінің оқу бағдарламасы (SYLLABUS) 2016 жылдың «___» _____________ №___ хаттамасымен Қазақ технология және бизнес университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

1 ОҚЫТУШЫ ЖАЙЫНДА МӘЛІМЕТТЕР

Бабашева Карлыгаш Каймолдаевна х.ғ.к.,аға оқытушы

Сахова Мөлдір Нұрғалиевна, магистр, оқытушы

Кафедра: Химия, химиялық технология және экология, ауд. 225

Кеңес беру уақыты сәрсенбі 11.00-13.20

2 ПӘН ЖАЙЫНДА МӘЛІМЕТТЕР

Атауы Кредит/ сағат саны Дәрістер сағаты Зертханалық сабақтар Практикалық сабақтар СОӨЖ СӨЖ
Органикалық заттартехнологиясының теориялық негіздері 3/135 22,5 52.5

3. ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ

1 . Бейорганикалық химия

2. Аналитикалық химия

3. Органикалық химия

4. Табиғи және ілеспе газдарды өңдеу технологиясы

4. ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ

  1. Органикалық заттардың тезхнологиясының теориялық негіздері
  2. Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  3. Органикалық және мұнайхимиялық синтез технологиясы
  4. Полимерлерді өңдеу технологиясы

Студенттердің білімін қорытынды (семестрлік) бақылау түрі: 3-ші курс, 5-ші семестр – емтихан

5. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Пәнді оқыту мақсаты: студенттердің белгілі бір қасиеттерге тән полимерлер, эластомер, мұнай, газ, көмір, синтетикалық жуғыш заттар, синтетикалық каучуктер мен полимерлерді синтездеуге арналған мономерлерді көмірсутекті шикі зат технологиясының теориялық негіздерін жасаудың негізін қазіргі заманғы бағыттарын оқып-үйренуінде. Студенттерді мұнай, газ, көмір, полимерлер, эластомерлер және мұнай химиясы синтезінің өнімдері технологиясының жалпы теориялық заңдылықтарымен таныстыруға шақыратын теориялық пән болып табылады.

Пәндi оқығанда, студенттің мiндетi:

Студент бiлуi тиiс: алдыңғы курстардағы оқыған жалпы және бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық және коллоидты химия, технологиялық процестер мен алған білімдерін талдауы, студенттердің мұнай, газ және көмірді , полимерлер мен эластомерлерді өңдеу әдістерінің және мұнай химиясы синтезінің өнімдері өндірісі технологиясының теориялық негіздерін, тағы басқаларды меңгеруі болып табылады. Осы пәнді меңгеру базасы студенттер жұмыстық оқу жоспарына сәйкес алдыңғы курстарда оқып-үйренген жалпы білім беру және базалық пәндер кешені болып табылады.

Студент орындауы тиiс: қазіргі заманғы әдістерді қолдану, органикалық заттардың қасиеттерін зерттегенде алған теориялық-практикалық білімін ұштастыру, студенттердің өздерінің кәсіби қызметтерінде қоршаған табиғи орта мен өндірістік жағдайларды бақылау үшін қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды пайдалануын, алған білімдерін, практикада пайдаланумен ұштастыруды дағдыға айналдыру қажет.

Пәннің саяси-идеялық бағытының есебі Казахстан Республикасының Өкіметі мен Парламенті ұсынған техникалық деңгейді жоғарылату, өндірістің тиімділігі мен сапасын артыру, адам өмірі мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ғылыми-техникалық процестерді жетілдіру, шаруашылық механизмі мен экономиканы жетілдіру және оларды ұйымдастыруда компьютерлік-техникалық құралдарды пайдалану есептерінен анықталады.

Пәннің әдістемелік бағыты:

- толық және сапалы кәсіби білім және ғылым мен техниканы өз білімдеріне сәйкес басқару және автоматика салаларында қажетті кәсіби білікті, шаруашылықты максималды тиімдендіру, жоғары сапалы өндіріс құру бағытында білім беру;

-өндірісті жетілдіру және талдау барысында программалық-мақсаттық әдістер мен қолданбалы әдістемелерді қарастыру;

- адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін ізгілік мәдениет, этикалық және құқықтық нормалар мен өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетті ойлау мен пайымдау мәдениетін игеруге бағыт беру.

Отандық және шет елдік алдыңғы технологиялық өндірістер негізінде, информатика- пәнін оқытуда және оны өмірде қолдану барысында, өндірісте, қоршаған ортаны қорғау саласындағы инженерлердің жұмыстарын жетілдіру.

Пәнді оқытуда инженерлік есептеулер әдісі қарастырылып, оның шешімін басқару барысы қарастырылады.

«Органикалық заттар технолгиясының теориялық негіздері» курсындағы дәрістерде теориялық негізбен, жаңа прогрессиялық әдістер мен зерттеулер қарастырылып, практикалық және зертханалық сабақтар толықтырылып, олардың функциялық мүмкіндіктері мен есептеулері қарастырылады.

Пәннің кейбір бөлімдері мен сұрақтары студенттердің өздігінен жұмысына, оның ішінде оқытушының басқаруымен студенттердің өздігінен жұмысына бөлінген.

Курс қорытынды бақылаумен (емтиханмен) аяқталады.

4.9.6 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

а. Дәрістік сабақтар

 
Апта № Дәріс атауы Сағатпен көлемі  
 
Органикалық заттардың химиялық технологиясының теориялық негіздері  
Алкендер негізінде жүргізілетін өңдеу процестерінің теориялық негіздері.  
Крекинг және пиролиз процестерінің теориялық негіздері  
Парафиндер мен нафтендердің изомерлену реакциясының теориялық негіздері  
Ароматтану реакциясының жүру механизмдері.  
Ацетилен және оның көмірсутектерден алынуы.  
Галогендеу процестері.  
Ионды –катализдік галогендеу.  
Гидролиздеу, гидраттау, дегидраттау және этерификациялау реакцияларының теориялық негіздері.  
Гидролиздеу, гидраттау, дегидраттау және этерификациялау реакцияларының теориялық негіздері.  
Алкилдеу процестері  
α-оксидтері негізіндегі β-оксиалкилдеу процестері.  
Элементорганикалық синтез.  
Сульфаттау, сульфирлеу және нитрлеу процестері.  
Тотығу процестері.  
  Барлығы  
           

b. Практикалық сабақтар

   
Апта № Тақырыптардың негізгі мазмұны    
Сағат- пен    
Сыртқы жағдайларға байланысты полимер балқымаларының ағу түрлері. Аққандағы полимер балқымасына әсер ететін ығысу кернеуін, ығысу деформациясын, әртүрлі факторлар әсер еткендегі ығысу деформациясының жылдамдығын есептеу.      
Мұнай, газ көмір және олардың өңдеу өнімдерін бөлудің физика-химиялық негіздері мен әдістері- адсорбция, азеотропты және экстрактивті ректификация. Адсорбциялық, бір рет, көп рет және біртіндеп буландру әдістерін есептеу.    
Отынның құрылымын өзгертіп өндеу процестерінің термодинамикалық мүмкіндігі. Осы процестің механизмінің, химизмінің және кинетикасының негіздері. Кокстың пайда болуының механизмі мен кинетикасы, қыздырып қатайту процесіндегі кокстың құрылысы.      
Араластырудың теориялық негіздері. Араластыру уақытын, дисперстік критерийін, біліктерді, реалды және идеалды араластырғыштарда, бір червякті экструдерде араластырғандағы оптималды ығысу кернеуін және деформациялану жылдамдығын есптеу.      
Мұнай шикізатының каталитикалық крекингі (ыдырауы), процестің катализаторлары, химизмі мен механихмі. Қондырғының реактор блогын технологиялық есептеу.      
Қысыммен құюдың теориялық негіздері. Құюдың температуралық режимін таңдау. Бұйымның материалына, өлшедеріне және конфигурациясына байланысты суытудың температуралық рижимін, ұстап тұру қысымын және суыту уақытын есептеу.    
  Барлығы    

4.4. Зертханалық сабақтар

Зертханалық сабақтардың модулдар бойынша тақырыптық мазмұны мен көлемі  
Апта № Зертханалық сабақтардың тақырыбы мен мазмұны сағат    
   
   
Мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен анықтау      
Пиролизді лабораториялық қондырғыда жүргізу      
Бромэтан синтезі    
Нитробензол синтезі    
Этилацетат синтезі    
Сульфанил қышқылы синтезі    
Мұнай дистиляттарын тұрақты қабатты алюмосиликатты катализаторда каталитикалық крекингтеу    
Кинематикалық тұтқырлықты анықтау    
Фенол-формальдегидті полимерді алу    
Мұнай-битумды жынысты экстракциялау    
Стиролдың полимерленуі    
Мазутты баяу кокстеу      
Мочевинно-формальдегидті шайырды алу    
Мұнай және мұнайдың өнімдерінің физ-химиялық константаларын рефрактометриялық анықтау    
Мұнайдың майлы фракцияларының құрылымдық-топтық құрамын анықтау    
барлығы    
           

4.9.6.5 Оқытушының басқаруымен студенттердің өздігінен жұмысы (СОӨЖ)

   
Апта № Оқытушының басқаруымен студенттердің өздік жұмысының структуралық мазмұны (СОӨЖ) сағат Тапсыру мерзімі (апта- лар №)  
 
 
Термиялық процестердегі көмірсутектердің мономолекулалық түрлену тендеуі.    
Мұнай генезисі туралы теориялық ұғым    
Көмірлерді экстракциялау.
Көмірлерді термиялық бұзудың теориялық негіздері
Мұнай өндеу процестерін модельдеудегі мұнайларды зерттеудің қазіргі әдістерінің ролі.
Процестің температуралық режимі мен өнімділігін анықтайтын негізгі параметрлер.
Балқымалардың тұтқыр ағуының аномалиясын мөлшерлік суреттеудің практикалық әдістері.
Араластыру әсерін есептеу әдістері.
Дисперсиялы араластырудың негізгі процестерін модельдеу.
Білікті машиналарда дайын резина қоспаларын өндеу процестерін модельдеу.
Біліктегендегі араластыру әсерін есептеу әдістері
Симметриясыз көлденең қимасы бар бұйымдарды экструзиялауға арналған бүркігіштер.
Полимерлерді экструзиялау процесінің динамикасы.
Экструзиялағандағы араластыру әсері.  
Дегазациялы экструзия.   1.5
Барлығы 22.5

4.9.6.6 Студенттердің өздігінен жұмысы (СӨЖ)

Апта № Студенттердің өздігінен жұмысының тақырыптық мазмұны Әдебиет  
Сағат- пен Тапсыру мерзімі (апта- лар №)  
 
Қатты жанғыш қазбаларды талдау. //2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5  
Көмір құрылымын зерттеудің қазіргі заманғы әдістері. //2, 1,.8-10/, 12,13./   3,5  
СО және Н2 негізіндегі синтездердің теориялық негіздері.     //2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5  
Газды фазада көмірсутектердің түрленуінің теориялық негіздері. //2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5  
Сұйық фазада көмірсутектердің түрленуінің теориялық негіздері. /2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5  
Термопластарды өндеу процестеріндегі реология.   /2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5  
Полимерлердің реологиялық қасиеттерін зерттеудің эксперименталды әдістері. /2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5  
Термопластардың жылу-физикалық қасиеттерінің өндеудің технологиялық параметрлеріне әсері. //2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5
Өндеу процесіндегі полимерлердің молекуладан сырт құрылымын реттеу әдістері. //2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5
Тұтқырлық аномалиясының релаксациялық механизмі. //2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5
Ламинарлы араластыру теориясын экспериментпен тексеру. //2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5
Араластыру мен дисперсиялаудың қазіргі заманғы теориялары. /2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5
Экструдердің дозалау зонасының жұмыстық сипаттамасы. /2, 1,.8-10/, 12,13./ 3,5
Экструдердің балқу зонасы жұмысының механизмі теориялық ұғым. /3,б.42-60 /, /8,б./ 3,5
Экструзиялағандағы ағудың негізгі тендеуін қорыту.   /3,б.60-66 /, /8,б./ ,53
Барлығы 52.5

Наши рекомендации