Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.

Номенклатура полимерлердің аталу ережесін және түзілу принциптерін қамтамасыз етеді.Оған мынадай екі міндет жүктеледі:полимердің атауы бойынша химиялық құрылымын анықтауға және көбірек таралған полимерлерді оңай танып білуге мүмкіндік жасайды.Бірақ жалғыз номенклатура бұл талаптардың барлығына мүмкіндігі жетпейді,сол себептен қазіргі кезде бірнеше номенклатуралардың түрлері бар. Тривиалды номенклатура көптегенмамандардың арасында кеңінен қолданылады. Мысал ретінде көпшілікке белгілі тефлонды келтірейік,бұлай деп политетрафторэтиленді атайды. Фенопласт,аминопласт,поликарбонат сияқты белгілі атаулар.Мұндай атаулар полимерлердің химиялық құрылымы туралы мағлұмат бермейді. Рационалды номенклатура полимерлену әдісімен алынған полимерлерде жиі қолданылады.Мономер алдына поли деген сөз қосылады. Егер мономер бірнеше сөзден тұрса,ол жақшаға алынады (стирол-полистирол), (винилхлорид-поливинилхлорид):

Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз. - student2.ru

Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз. - student2.ru

Полимерлердің аталуы гипотетикалық мономерлерден пайда болуы мүмкін. Мысалы, поливинил спирті винил спирті бойынша аталады. Винил спирті тұрақсыз,сондықтан ол ацетальдегид түрінде болады. Поливинил спиртін поливинилацетатты гидролиздеу арқылы алады:

Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз. - student2.ru

Егер бір полимер әр түрлі мономерлерден алынса, олардың атауларында екіжақтылық болады. Бұл әсіресе, полиэфирлер мен полиамидтерге тән. Мысалы,6-аминкапрон қышқылынан алынған полимер поли(6-аминкапрон қышқылы) деп аталса, ал ɛ-капролактамнан алынған полимерлер поли(ɛ-капролактам) деп аталады:

Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз. - student2.ru

Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз. - student2.ru

Бұл аталған номенклатураны белгілі полимерлер үшін қолданған жөн.Егер полимер поликонденсация әдісімен екі мономерден алынса,поли сөзінен кейін жақша ішінде мономер аттары көрсетіледі.Белгілі класқа жататын сол полимерге тән атау соңына жазылады.Мыс:

Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз. - student2.ru

ИЮПАКұсынған жүйелі номенклатура.Бұл жүйе полимер тізбегіндегі қайталанып келетін бөлікті құрайтын құрылымға негізделген.Қайталанатын буын құрылымы (ҚБҚ) дегеніміз ең кіші атом топтарының қайталанып келуінен полимер тізбегінің түзілуі.Көпшілік жағдайда ҚБҚ мономер буынымен сәйкес келеді. Полимер атауы поли сөзінен басталады,жақша ішіне ҚБҚ жазылады.ҚБҚ қарапайым немесе буыншалардан тұруы мүмкін.Атомдар немесе буыншалар ҚБҚ орналасу реті бойынша солдан оңға қарай үлкендігі төмендейді.

Бейорганикалық және элементорганикалық полимерлердің номенклатурасы.Бұл полимердің номенклатурасы рационалдық және жүйелік болады.Екі жағдайда да элементтердің үлкендігі органикалық қосылыстар үшін алынған қатарға қарама қарсы келеді.Бұл полимерлер үшін үлкені периодтық жүйедеFr,кішкенесі-F.ИЮПАК номенклатурасы бойынша органикалық полимерлерге тән ережелер сақталады.Сызықтық полимерлерді атауының алдына «катена»(латын тілінен аударғанда»catena»-«тізбек»)деген қосымша жазылады.Сополимер номенклатурасы.Сополимер макромолекуласының құрылысы гомополимерге қарағанда күрделі болып келеді.Макромолекула құрамындағы барлық буындардың құрылысын және олардың тізбекте орналасуын білу қиын.Сополимерлердің құрамы және буындардың тізбекте орналасуы сан алуан болады,дегенмен барлық сополимерлерді мынадай жеті типке болады:
1.Құрылысы белгісіз сополимерлер.

2. Статистикалық сополимерлер.

3. Кездейсоқ сополимерлер.

4. Алмасушы сополимерлер.

5. Периодтық сополимерлер.

6. Блок сополимерлер.

7.Жалғанған сополимерлер.

Наши рекомендации