Атомның электртерістігі (ЭТ) – ортақ электрондарды өзіне қарай тартқыш қабілетін сипаттайтын салыстырмалы шама.

Электртерістік – шартты салыстырмалы түсінік, өлшемсіз, ол атомның металдық немесе бейметалдық қасиетін сипаттайды. Оны шартты түрде иондану энергия мен электронға ынтықтың жарты қосындысымен анықтауға болады:

X = ½ (J +F )

Полинг шкаласы бойынша электртерістігі ең жоғары элементке фтор жатады, оның электртірістігі 4,1 тең. Кестеде кейбір элементтердің электртерістігі келтерілген.

6-ші кесте. Кейбір элементтердің электртерістігі

Н 2,2            
Lі 1,0 Ве 1,6 В 2,0 С 2,6 N 3,0 О 3,4 F 4,0
Nа 0,9 Mg 1.3 Al 1.6 Si 1.9 P 2.2 S 2.6 Cl 3.2
К 0,8 Ca 1.0 Ga 1.8 Ge 2.0 As 2.2 Se 2.2 Br 3.0
        Sb 2.1 Te 2.1 I 2.7

Кестеде s-, р– элементтерден тұратын кіші периодтарда ядро заряды өскен сайын элементтердің электртерістігі жоғарлайтындығын көруге болады.

Үлкен периодтарда жалпыма бұл заңдылық сақталады, бірақ d – элементтерінде ЭТ аса көп өзгермейді.

Негізгі топшаларда ядро заряды өскен сайын ЭТ кемиді, ал қосымша топшаларда жалпы заңдылық сақталғанымен ондай өзгеру баяу болады.

Тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қасиеттер

Элементтердің тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері иондану энергиясы, электронға ынтықтық, электртерістік ұғымдармен тығыз байланысты. Неғұрлым элементтің иондану энергиясы төмен, оның тотықсыздандырғыш қасиеті соғұрлым жоғары болады. Барлық металдар тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Неғұрлым элементтің электртерістік шамасы жоғары, тотықтырғыш қасиеті соғұрлым жоғары болады. Фтор ең күшті тотықтырғыш, ал франций ең күшті тотықсыздандырғыш.

Топ бойынша ядро зарядының саны өскен сайын элементтердің тотықсыздандырғыш қасиеті өседі, себебі оның иондану энергиясы төмендейді, сыртқы қабатындағы электронның беру қабілеті артады.

Период бойынша ядро зарядының саны өскен сайын элементтердің тотықтырғыш қасиеті артады, себебі оның электртерістігі жоғарлап, электронды қосып алу қабілеті өседі.

тотықтырғыш қасиеті артады
Период
тотықсыздандырғыш қасиеті артады Li Be B С N O F
Na Ci
K Br
Rb I
Cs
Топ

Элемент оксидтері

қышқылдық қасиеті артады

Атомның электртерістігі (ЭТ) – ортақ электрондарды өзіне қарай тартқыш қабілетін сипаттайтын салыстырмалы шама. - student2.ru Атомның электртерістігі (ЭТ) – ортақ электрондарды өзіне қарай тартқыш қабілетін сипаттайтын салыстырмалы шама. - student2.ru негіздік қасиеті Период

Атомның электртерістігі (ЭТ) – ортақ электрондарды өзіне қарай тартқыш қабілетін сипаттайтын салыстырмалы шама. - student2.ru Li2O BeO В2О3 СО2 N2O5

А негіздік амфотерлі қышқылдық

р Na2O

т K2O

а Rb2O

д Cs2O

ы

Топ

Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай элементтердің металдық қасиетінің күшеюінен оксидтердің де негіздік қасиеті артады.

Период бойынша элементтердің оксидтерінің қасиеті негіздіктен амфотерлікке, одан қышқылдыққа ауысады, яғни қышқылдық қасиеті артады.

Гидроксидтер қасиеттерінің өзгеруі

Атомның электртерістігі (ЭТ) – ортақ электрондарды өзіне қарай тартқыш қабілетін сипаттайтын салыстырмалы шама. - student2.ru Атомның электртерістігі (ЭТ) – ортақ электрондарды өзіне қарай тартқыш қабілетін сипаттайтын салыстырмалы шама. - student2.ru Атомның электртерістігі (ЭТ) – ортақ электрондарды өзіне қарай тартқыш қабілетін сипаттайтын салыстырмалы шама. - student2.ru қышқылдық қасиеті артады Период

NaOH Mg(OH)2 Al(OH)3 H2SiO3 H3PO4 H2SO4 HClO4
негіздік амфотерлі қышқылдық
КОН Қышқылдық күші азаяды Н2СО3 Қышқылдық күші артады
RbOH Н2SiO3
CsOH Ge(OH)4
      Pb(OH)4

Топ

Топ бойынша гидроксидтердің негіздік қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады, өйткені ядро заряды өскен сайын гидроксид иондары атом ядросынан қашықтайды, нәтижесінде диссоциялану процесінің жүруі жеңілдейді.

Периодта гидроксидтердің негіздік қасиеттері, оксидтер қасиеті сияқты, амфотерліден қышқылдық қасиетке ауысады. Бұны элементтердің металдық қасиетінің азайып, бейметалдық қасиетінің амфотерлілік арқылы күшеюмен түсіндіруге болады.

Наши рекомендации