Тақырып бойынша глоссарий.
Қазақ тіліндегі терминдер | Ағылшын тіліндегі терминдер | Орыс тіліндегі терминдер |
Бауырдың глюкостатикалық функциясы –бауырдың перифериялық қандағы глюкоза деңгейін реттеу қабілеті. | Glucostatic function of liver is a capacity of liver to regulate the level of glucose in the blood | Глюкостатическая функция печени – способность печени регулировать уровень глюкозы в периферической крови |
Гликогеногенез–гликогеннің түзілу үрдісі | Glycogenolysis is a process of formation of glycogen | Гликогеногенез – процесс образования гликогена |
Гликогенолиз –гликогеннің ыдырау үрдісі | Glycogenolysis is a process of cleavage of glycogen | Гликогенолиз – процесс распада гликогена |
Глюконеогенез– заттар алмасуының аралық өнімдерінен глюкозаның түзілу үрдісі. | Gluconeogenesis is a process of formation of glucose from intermediaries | Глюконеогенез – процесс образования глюкозы из промежуточных продуктов обмена веществ |
Анаэробты гликолиз–глюкозаның анаэробты жағдайда лактатқа дейін тотығу үрдісі | Anaerobic glycolysis is a process of glucose oxidation in anaerobic conditions to lactate | Анаэробный гликолиз – процесс окисления глюкозы в анаэробный условиях до лактата |
Кори циклі – анаэробты гликолиз бен глюконеогенездің өзара байланысы, ол қандағы глюкоза мен лактаттың қалыпты деңгейін ұстап тұруға бағытталған және глюкоза молекуласында жиналған энергияны үнемдейді. | Cori cycle is an integration of anaerobic glycolysis and gluconeogenesis directed on maintanence of normal level of glucose and lactate in the blood and economy of energy of glucose | Цикл Кори – взаимосвязь анаэробного гликолиза и глюконеогенеза, направленная на поддержание нормального уровня глюкозы и лактатав крови и экономию энергии, заключенной в молекуле глюкозы |
ГЛЮТ-Нәруыздары–мембрана арқылы глюкозаның тасымалдаушылары, глюкозаның жеңілдетілген диффузиясына қатысады. | GLUT-proteins are transporters of glucose through membranes, participating in facilitated diffusion of glucose | ГЛЮТ-белки – это переносчики глюкозы через мембраны, участвуют в облегченной диффузии глюкозы |
Гликозидазалар–гидролазаның тобы, құрамындағы ферменттердің қатысуымен,тағам көмірсуларының қорытылуына қатысады | Glycosidases is a subclass of hydrolases, including enzymes, participating in digestion of food carbohydrates | Гликозидазы – подкласс гидролаз, включающий в себя ферменты, участвующие в переваривании углеводов пищи |
Фосфоролиз – бұл гликогенолиздің бір жолы, гликоген молекуласы бейорганикалық фосфаттың әсерінен және фосфорилаза ферменттің қатысуымен ыдырайды. | Phosphorolysis is a pathway of glycogenolysis under action of phosphorylase and inorganic phosphate | Фосфоролиз – это путь гликогенолиза, при котором молекула гликогена распадается под действием неорганического фосфата с участием фермента фосфорилазы |
Гликогеннің гидролизі – бұл гликогенолиз жолы, амилаза ферментінің әсерінен, судың қатысуымен жүреді. | Hydrolysis of glycogen is a pathway of glycogenolysis with participating of water under action of amylase | Гидролиз гликогена – это путь гликогенолиза с участием воды под действием фермента амилазы |
Аэробты гликолиз – аэробты жағдайда глюкозаның гликолитикалық жолмен ыдырау үрдісі (аэробты жағдайда глюкозаныңСО2мен суға дейін толық тотығуы) | Aerobic glycolysis is a process of glycolytic cleavage of glucose in aerobic conditions (full oxidation of glucose to CO2 and water in aerobic conditions) | Аэробный гликолиз – процесс гликолитического распада глюкозы в аэробных условиях (полное окисление глюкозы до СО2 и воды в аэробных условиях) |
Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы– анаэробты жағдайда пентозофосфат арқылы глюкозаның тотығу үрдісі | Pentose phosphate cycle is a process of glucose oxidation through pentose phosphates in anaerobic conditions | Пентозофосфатный цикл окисления глюкозы – процесс окисления глюкозы через пентозофосфаты в анаэробных условиях |
Шөрнек механизмі –сутегіні цитозольдік НАДН2-ден митохондрияға тасымалдау үрдісі (цитозольдік НАДН2-нің аэробты жағдайда тотығуы) | Shuttle mechanisms are processes of transport of hydrogen atoms into mitochondrions from cytosolic NADH2 (oxidation of cytosolic NADH2 in aerobic condtions) | Челночные механизмы – процессы транспорта водородов от цитозольных НАДН2 в митохондрии (окисление цитозольных НАДН2 в аэробных условиях) |
Малат-шөрнек механизмі – бұл цитозольдікНАДН2-нің тотығу үрдісі, сутегіні цитозольдік НАДН2-ден малаттың құрамына тасымалдау | Malate shuttle mechanism is a process of oxidation of cytosolic NADH2 and transport of hydrogen atoms into mitochondrions from cytosolic NADH2 by malate | Малатный челночный механизм – это процесс окисления цитозольных НАДН2 и переноса водородов от цитозольных НАДН2 в составе малата |
Глицерофосфатты шөрнек механизмі – бұл цитозольдік НАДН2-нің тотығу үрдісі, сутегіні цитозольдік НАДН2-ден глицерофосфаттың құрамына тасымалдау. | Glycerophosphate shuttle mechanism is a process of oxidation of cytosolic NADH2 and transport of hydrogen atoms into mitochondrions from cytosolic NADH2 by glycerophosphate | Глицерофосфатный челночный механизм – это процесс окисления цитозольных НАДН2 и переноса водородов от цитозольных НАДН2 в составе глицерофосфата |
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері – бұл заттар,глюкозаның толық тотығуынан (СО2 мен су) түзілуі | End products of carbohydrate metabolism are substances formed in full oxidation of glucose (CO2 and water) | Конечные продукты обмена углеводов – это вещества, образуемые при полном окислении глюкозы (СО2 и вода) |
№9 Сабақ
1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы.Липидтердің негізгі өкілдері және олардың ролі. Липидтердің қорытылуы. Гидролиз өнімдерінің сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы өт қышқылдарының ролі.Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі. Ағзадағы хиломикрондар мен липопротеиндердің ролі.
2. Мақсаты:
Ағзадағы липидтер алмасуының бұзылыстарында қанның және зәрдің биохимиялық сараптамасының нәтижесін, сәйкес ұсынысы бар нұсқауларды түсіндіріп беруге үйрету
.
3.Оқытудың міндеттері:
Осы сабақ соңында студент білуі керек:
1)Липидтердің рөлі және липидтердің қорытылуының молекулалық механизмі, липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі, өт қышқылының құрылысы мен рөлі,липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндер мен ағзалардың рөлі, липидтердің тасымалдану түрлері-олардың құрамы мен рөлін білу
2) Осы тақырыптан алған білімдерінреквизитінен кейінгі және биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану
3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу
4) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тағам липидтері, олардың жіктелуі мен маңызы (ағылшын немесе орыс тілінде)
2. Липидтердің қорытылуына қатысатын ұйқы безі және ішек сөлі ферменттері.
3.Өт қышқылының құрылысы мен рөлі
4. Ішек қуысында өтетін үрдістер.
5. Мицелла, түзілуі, құрамы, маңызы.
6. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, бауырдың, май тінінің ролі.
7. Хиломикрондар, түзілуі, құрамы, ағзадағы өзгерістері. Қан тамырішілік липолиз.
8. Липопротеиндер– құрылысы мен рөлі
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
ауызша және жазбаша сұрау, жеке сұрақтарды мен глосарийді ағылшын және екінші тілде талқылауды енгізу, «Қан тамырішілік липолиз» видеофильмін шағын топтармен пікірталас, тест.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.
3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.
Қосымша:
7. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.
8. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
9. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Орыс тілінде:
1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
Бақылау
Дискуссия сұрақтары:
-өт қышқылдарының құрылысы және олардың липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі ролі.
-липопротеиндер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері.
Жаттығулар:
1. Глицерин мен үш стеарин қышқылының қалдығынан тұратын ТАГ формуласын жазыңыз.Қосылыстың атын атаңыз.Гидролиз реакциясын жазыңыз. Гидролизді қандай фермент катализдейді?
2. Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты.
3. Жұп өт қышқылдарының: таурохоль, гликодезоксихоль жұп өт қышқылдарын түзілуін жазыңыз.
4. Хиломикрондар мен липопротеиндердің құрамындағы ұқсастығы мен айырмашылығы
5. Қандай ЛП атерогенді болады?
6. Өкпеде хиломикрондардың құрамына кіретін триацилглицериндердің соңғы өнімге дейін тотығуы байқалған. Қандай қосылыстар түзілді? Бөлінген энергия қалай пайдаланылады?
7. Ағзада қандай май қышқылдары синтезделмейді және міндетті түрде тағаммен түсуі керек?
8. Мембрананың сұйық күйін қандай липидтер қамтамасыз етеді?
9. Қандай биологиялық активті қосылыстың формуласы берілген?
10.Мына формула қандай қосылысқа тән?
Тест:
1. Адам ағзасындағы липидтер тұрады:
1) спирттер мен жоғарғы дәрежелі май қышқылдарынан
2) глицерин және бейорганикалық қышқылдарынан
3) жай эфирлерден
4) циклды спирттер мен қысқа тізбекті май қышқылдарынан
5) глицерин және қысқа тізбекті май қышқылдарынан
2. Липидтердің ағзадағы атқаратын қызметі:
1) катализдік
2) құрылымдық
3) Эндогенді судың көзі
4) Қорғаныстық
5) жасушадағы энергия қоры 4 дұрыс жауапты табыңыз
3. 100 грамм май тотыққан кезде түзілетін эндогенді су мөлшері:
1) 107 г
2) 20г
3) 10г
4) 5г
5) 50г
4. Фосфолипидтерге жатады:
1) фосфатидилинозитолдар
2) кефалиндер
3) лецитиндер
4) фосфатидилсериндер
5) моноацилглицериндер 4 дұрыс жауапты табыңыз
5. Фосфолипидтер күрделі эфирлер:
1) спирт, 2 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
2) спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
3) глицерин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
4) сфингозин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
5) спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты жоқ зат
6. ФЛ-тің липотропты әсері – ол:
1) бауырды майланудан қорғайды
2) миокардті май басудан қорғайды
3) липолизді күшейтеді
4) липидтердің гидролизін күшейтеді
5) ағзадан липидтердің шығуын тездетеді
7. Холестериннен түзіледі:
1) Д3 витамині
2) стероидты гормондар
3) Д2 витамині
4) өт қышқылдары
5) тиреоидты гормондар 3 дұрыс жауапты табыңыз
8. Мембрана липидтерінің құрамындағы холестерин келесі рөл атқарады:
1) Нерв импульстерінің бір бағытта берілуін қамтамасыз ететін диэлектрик
2) Мембрана липидтерінің агрегаттық күйін реттейтін амортизатор
3) Мембрананың КҚМҚ-ын пероксидтік тотығудан қорғайды
4) бос-радикальды тотығудың пайда болуын қамтамасыз етеді
5) нерв импульстерінің жан-жаққа таралуынқамтамасыз етеді
3 дұрыс жауапты табыңыз
9. Адам ағзасындағы липидтердің құрамына кіретін БМҚ-дар:
1) Жоғары молекулалы
2) Төмен молекулалы
3) Қаныққан
4) Бір қос байланысы бар
5) КҚМҚ 4 дұрыс жауапты табыңыз
10. Көп қанықпаған май қышқылдары басқаша аталады:
1) Д тобының витаминдері
2) Ғ тобының витаминдері
3) Эссенциалды
4) Алмастырылмайтын
5) құнды
2 дұрыс жауапты табыңыз