Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз
Су тұтынуға байланысты аурулардың алдын алу мақсатында, гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын талаптар дайындайды. Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, иісі, т.б.) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:
- заңнамалы гигиеналық шараларды орындау;
- су көзін таңдау;
- су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру;
- Суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану;
- Су құбыры жүйесін санитарлық қорғау;
Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар:
1. Орталықтандырылған жүйесі – бұл, су көздерінен механикаландырылып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су құбырларының кешені болып табылады.
2. Орталықтандырылмаған (жергілікті) жүйесі – бұл, ауыз суды тұтынатын орындарына жеткізіп бермейтін, жалпы халық пайдалану үшін ашық немесе жеке адамдардың пайдалануындағы құрылыстардан тұрғындардың өз бетімен су алуына арналған жүйе.
Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп – су кһздерінен механикаландырылып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарасыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге арналған иеженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар:
а) су алатын құрылыстан;
б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан;
в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан;
г) су құбырлары жүйесінен тұрады.
Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты қолданады.
Жер асты су көздерінен орталықтандырыған сумен қамтамасыз ету жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады.
Су алу үшін, жер астындағы су тұтынатын горызонтқа дейін жететін вертикальды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымалары құрады. Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаның қабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойлады. Ұңғымадан суды тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады.
Орталықтандырылмаған ауыз су – шаруашылық мақсатында сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғандарды және шаруашылық – тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын құрылыстарға арнайы құрал – жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымалары, шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтандырыған сумен жабдықтау жүйесінің су көздерін ластанудан қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамасы бойынша сумен жабдықтайтын су көздерінің санитарлық қорғау зонасы (СҚЗ) орнатылған, СҚЗ су көзінің жанындағы, санитарлық режимі ерекше, аумақ болып табылады. СҚЗ үш белдеуден тұрады:
- Бірінші белдеу (қатаң тәртәптегі) су алатын орынды және су алу құрылыстарын ластанудан және зақымданудан қорғауға арналған, оған су алатын орындары мен су алу құрылыстары орналасқан аумақтар кіреді;
- Екінші және үшінші белдеулер (шектейтін) шаруашылық ауыз су мақсатында, сумен қамтамасыз ететін су көздерінің микробиологиялық және химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақтарды қамтиды.
СҚЗ белдеулерінің шекараларын орнату:
- Сумен жабдықтау көздерінің түріне (жер бетілік немесе жер астылық);
- Ластану сипатына (химиялық, микробтық);
- Жер бетілік ластанудан табиғи қорғалу деңгейіне (жер асты су көзі үшін);
- Гидрогеологгиялық немесе гидрологиялық жағдайларына байланысты.
Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, 4.3 – кестеде көрсетілген нормативтерге сәйкес, бағаланады.
Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1 мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50-аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл) бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 – ден кем емес болмауы керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.