Химиялық шөгiндi кенорындар
Мұндай кенорындарды шынайы немесе коллоид ерiтiнділер қалыптастырады. Шынайы ерiтiндiлерден лагуналарда, тұз туындатушы теңiз алаптарында аридтiк климат жағдайларында минералдық тұздар, гипс, ангидрид, борат, барит кенорындары пайда болады. Бiрақ бұл түзiлiмдердiң өзi ерiтiндiлердегi тұздың мөлшерi өте жоғары концентрациясына жеткенде ғана жиналады.
Металдар рудасы су алаптарының(өзен, көл, теңiз) түбiнде континенттiк қыртыстың мору өнiмдерiнен жаралған суспензиялардан жəне коллоид ерiтiндiлерден шөгедi. Бұл металдардың қосылыстарын майда жүзгiн, коллоид жəне шынайы ерiтiндiлер формасында өзендер мен грунт суы тасымалдайды. Мұндай қосылыстар көлдер мен теңiздер жағалауында суда ерiп, коллоидтарды коагуляциялайтын жəне оларды тұндыратын электролиттердiң əрекетiнен түзiледi. Металдардың əр түрлi геохимиялық жылыстау қабiлетiне байланысты, олар түзiлу процесiнде дифференциацияланады. Бокситтер жағаға жақын маңда, ал марганец рудасы қайраңның жоғарғы бөлiгiнде жиналады. Дифференциация бiр металл рудасында да бiлiнедi. Ол жағадан алыстаған сайын минералдық құрамының өзгере беретiнi түрiнде байқалады. Осы бағытта марганец рудасының жатындарында төрт валенттi қосылыстар бiртiндеп үш валенттiге, ал содан кейiн екi валенттiге алмасады. Темiр рудасының жатындарында осы бағытта оксидтердiң карбонаттарға, содан кейiн силикаттарға өтуi байқалады.
Химиялық шөгiндi кенорындар арасында мынадай негiзгi типтер бөлiнедi: сильвин-галит, сидерит-шамозит-лимонит, родохрозит-псиломелан-пиролюзит жəне боксит кенорындары.
Сильвин-галит кенорындары натрий, калий, магний, кальций хлоридтерi мен сульфаттарынан тұрады. Оларда бромид, иодид пен бораттардың қоспалары болады. Кенорындардың көпшiлiгiнде басты минерал галит болып табылады, сонымен қатар сильвин, гипс пен ангидрит те ұдайы кездеседi. Минералдық тұздардың кенорындары қалыптасу жағдайлары бойынша қазiргi заманғы тұзды алаптарға, тұзды жерасты суына жəне қазба тұз кенорындарына бөлiнедi.
Сидерит-шамозит-лимонит темiр руда кенорындары қабаттардан, ұзын линзалардан, қабат тəрiздi жатындар мен ұялардан тұрады. Кен денелерiнiң ұзындығы ондаған км-ден жүздеген км-ге, енi бiрнеше км-ге, ал қалыңдығы ондаған м-ге жетедi. Кеннiң құрамына темiр окисидтерi мен гидроксидтерi (лимонит, гидрогётит, гётит, гематит), карбонат(сидерит) пен силикаттар– темірлі хлориттер (хлорит-шамозит, тюрингит) кiредi. Сонымен қатар, руда құрамында марганец минералдары, кварц, халцедон, кальцит, барит, гипс пен саз минералдары бар. Кеннiң бiтiмi оолиттi. Сыйыстырушы таужыныстар – теңiз бен континенттiң құм-саз түзiлiмдерi. Шөгiндi темiр рудасыныңiрi кенорындары Қазақстанда(Аят), Қырымда(Керчь алабы), Орталық Еуропада(Лотарингия алабы), Малиде, Австралияда, АҚШ(Клинтон) пен Канадада орналасқан.
Родохрозит-псиломелан-пиролюзит кенорын жатындары қабат, қабат тəрiздi жəне линза тəрiздi денелерден тұрады, олар созылымы бойынша бiрнеше км-ге, енi – жүздеген м-ге, қалыңдығы– 10–20 м-ге жетедi. Руданың минералдық құрамында негiзгi ролдi оксид пен гидроксидтер(пиролюзит, псиломелан, манганит), карбонаттар (родохрозит, манганокальцит) атқарады. Руда құрамына белгiлi бiр мөлшерде лимонит, саз минералдары, опал, пирит, марказит, барит кiредi. Руданың бiтiмi тасберішті, кеуек, күйе тəрiздi.
Қазiргi заманғы тасберіш темiр-марганец рудасыкенорындарында шикiзаттың орасан қоры шоғырланады. Соныменқатар бұл қор ұдайы қайта жаңарып отырады. Руда марганец пенмарганецтiң оксидтері мен гидроксидтерiнен, халцедон, хлорит, сазминералдарынан тұрады. Руда құрамында марганец(орташа мөлшерi20 %) пен темiрден(16 %) басқа никель(0,6 %), кобальт(0,33 %), мыс(0,35 %), қорғасын, мырыш пен күмiс болады. Мұндай руда дамығанүлкен алаңдар Тынық, Атлант жəне Индия мұхитында анықталған.
Шөгiндi боксит кенорындары платформалық жəне геосинклиндiк түрлерге бөлiнедi. Жатындарға қабат, линза, ұя жəне таспа тəрiздi пiшiндер тəн. Олардың қалыңдығы бiрнеше м-ден ондаған м-ге жетедi, таралу ауданы бiрнеше шаршы км-дi қамтиды. Боксит жатындары құм-саз жəне карбонат түзiлiмдерде орналасады. Руда денелерiнiң астыңғы жапсары көбiнесе бейтегiс болады. Ол рудамен жапсарлас əктастардағы карст қуыстарын толтыратын бокситтердiң пiшiнiне байланысты. Руданың құрамына бемит, диаспор мен гиббсит, темiр гидроксидтерi, кремнийтотық пен саз минералдары кiредi. Бiтiмi бойынша шомбал, оолиттi, ноқатты, брекчиялық, кеуек жəне қопсық рудалар бөлiнедi.