Мұғалімнің жұмыс орны
Көрнекі көрсету үстелі - сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстеліне қарама-қарсы бағытта 15-20 см биіктікте орналасады.
Универсалды көрнекі көрсету үстелі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді орындайды.
Оң жақ бөлігі – мұғалімнің үстелі. Көрнекі көрсету үстелінде эксперименттік тәжірибелер көрсетіледі. Осы үстелдің астыңғы жағында екі тумба орналасады, оның сол жағында тумбада газ, су құбырлары шоғырланады да, ал оң жақ бөлігіндегі тумбаға төрт жәшік қойылады. Жәшіктерде әр түрлі ұстағыш, кескіш, қысқыш, салғыш т.б. құралдар, ыдыстар, қарапайым құралдардың бөлшектері, сондай-ақ сабақ кезінде жиі пайдаланылатын қажетті заттар болады. Қажетті заттарды мынадай сызбанұсқа бойынша жәшіктерге орналастырады: 1-жәшікке эксперимент жүргізуге қажетті құралдарды құрастыратын әр түрлі бөлшектер; 2-жәшікке алмасу реакцияларын көрсететін ыдыстар; 3-жәшікке заттарды алуға, жинауға, газдарды тазалауға арналған өлшеуіш ыдыстар мен құралдар; 4-жәшікке тәжірибелердің көрнекілігн арттыратын түрлі-түсті қалқандар, аппликациялық материалдар, магнитті тақталар қойылады.
Көрнекі көрсету үстелінің ең төменгі препараторлық бөлігіне арнаулы астаушаларға салынған ең қажетті реактивтер қойылады. Препараторлық бөлімде проекциялық апарат, графопроектор, т.б. техникалық құралдар болады.
Көрнекі көрсету үстелінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді де орындайды. Оның маңында тартпа шкаф, су құбыры, заттар салатын шкаф, сөрелер, электр жүйесі, қондырғылар, реактивтер сақтайтын шкафтар болады, сондай-ақ бұл жерде сынып тақтасы, химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінің кестесі, техникалық оқыту құралдарының экраны мен басқару пульті орналасады. Осылардың бәрі мұғалімнің жұмыс орны деп аталады.
Класс тақташасының да бірнеше түрі қолданылады. Ең көп тараған түрі – жақтаулы класс тақтасы. Ол ортаңғы негізгі бөліктен және қайрылатын 2 шетті шиттен тұрады.
(2000*995) (1000*995)
Ескеретін жай: Мектеп тақтасы мен демонстрациялық үстел арасындағы қашықтық – 1м, ал демонстрациялық үстел мен бірінші партаның арақашықтығы -0,8 м.
Көрнекі көрсету үстелінің бір жағында екі көтермелі жақтауы бар тартпа шкаф орналастырылады. Қазіргі кезде тұрақты тартпа шкафтың бірнеше түрлері бар, олар: көрнекі көрсететін стационарлы – ККС, көрнекі көрсететін қозғалмалы – ККҚ, көрнекі көрсететін үстел үстілік – ККҮҮ, зертханалық стационарлы – ЗС және зертханалық үстелге қоятын ЗҮҚ.
Тартпа шкафтың құрылысына қарай ені мен биіктігі әр түрлі болады. Ол норматив құжаттарында көрсетілген. Тартпа шкафтың төменгі жағы сөрелері бар екі бөлімнен тұрады. Бір бөлімі зертханалық тәжірибелерге және сарамандық сабақтарға керекті қышқылдар, сілтілер, күйдіргіш реактивтер сақтауға пайдаланылады. Екінші бөлімде әр түрлі банкалар, кішкентай шыны сауыттар (склянкалар) сақталады. Тартпа шкафтың астыңғы жағы темір штативтерді сақтауға қолайлы. Сынып-зертхана бөлмесінің алды мен артына, жанына қойылған шкафтар ретіне қарай әр түрлі мақсатта пайдаланылады.