Ерітіндінің иондық күші

Иондардың өзара әсері электростатикалық күшпен анықта­латын электролиттердің ерітінділерінде жүйенің идеалдық жағдайынан ауытқуында иондардың жалпы концентрациясымен қатар олардың зарядының да үлесі бар. Концентрация мен зарядтың әсері ерітінділердің иондық күшімен сипатталады:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.7)

Ci менZi – белгілі і-ионыныңконцентрациясы мен заряды. Мысалы, құрамында 0,1М HCl және BaCl2 бар ерітіндінің иондық күші:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru

Ерітіндінің иондық күші мен активтік коэффициенттің арасындағы жалпы математикалық байланысты 1923 ж. Дебай мен Хюккель тапты:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru

А- еріткіштің диэлектрикалық тұрақтылығы (D) мен абсолюттік температурадаға (Т) байланысты мән. 250С –да сұйытылған судағы ерітінді үшін А=0,512. Ва – диэлектрикалық тұрақтылық және абсолюттік температурамен қатар бөлшектердің мөлшеріне байланысты. Ерітіндінің иондық күшіне (концентрациясына) қарай бұл байланыс әртүрлі теңдіктермен белгіленеді:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru егер μ<10-2, С<0.01M (3.8)

ерітіндінің иондық күші - student2.ru егер μ<10-1, С<0.1M (3.9)

ерітіндінің иондық күші - student2.ru егер μ<1, С>0.1M (3.10)

(Z – активтікгін анықтайтын ионның заряды).

(3.8), (3.9) теңдіктерін пайдаланып есептелген активтік коэффициенттердің мәні бірден кем және ерітіндінің иондық күші мен ионның заряды неғұрлым жоғары болса, бұл кему соғұрлым көп. Себебі, (3.8), (3.9) теңдіктерін пайдаланатын ерітінділерде тек электростатикалық байланыс орын алады: аттас иондар тебіседі, әр аттас иондар бір-біріне тартылады. Ерітінділердің концентрациялары артқан сайын ғана бөлшек­тердің арасында әрекеттесулер бола бастайды. Мысалы, иондар­дың аралық қашықтығы өте аз болғанда әр аттас иондар арасында да тебісу күші пайда болады, не ерітіндіде жаңа иондық жұптар түзіледі. Ерітіндінің иондық күшінің артуы еріткіштің (судың) қасиетіне де әсер етеді. Осының нәтижесінде (3.10) теңдігімен есептелген активтік коэффициенттің мәні бірден үлкен болуы да мүмкін. (Мысалы, 12М HCl-да орта иондық коэффициент f±=17.

Тәжрибеде иондық күші бірдей сұйытылған ерітінділерде бірдей зарядты иондардың активтік коэффициенттері жуық мәнмен бір-біріне тең (3.1 кесте).

3.1-кесте.

Ерітіндінің әртүрлі иондық күшіне сәйкес орташа активтік коэффициенттің мәні (Дебай-Хюккель теңдігін пайдаланып есептелінген)

Ионның заряды Иондық күш, μ
0,001 0,005 0,01 0,05 0,1 0,2
0,97 0,93 0,90 0,81 0,76 0,70
0,87 0,74 0,66 0,44 0,33 0,24
0,73 0,51 0,39 0,15 0,08 0,04
0,56 0,30 0,19 0,04 0,01 0,003

Ерітінді иондық күшінің тепе-теңдік

Константасына әсері

Реалды жүйелерде иондардың өзара электростатикалық әрекеттесу күшімен қатар бөгде химиялық реакцияның жүруі мүмкін. Мысалы, Na2CO3 ерітіндісіндегі СО32- анионының концентрациясын анықтағанда сутегі ионының концентрациясына байланысты ерітіндіде мынадай бөлшектер жүретінін еске алу керек: H2CO3, HCO3-, CO32-. Егер әр бөлшектің концентрациясын [H2CO3], [HCO3-], [CO32-] деп белгілесек, онда құрамында СО32- бар бөлшектердің жалпы концентрациясы былай жазылады:

Сж=[CO32-]+[HCO3-]+[H2CO3] (3.11)

Бізге қажетті мән [CO32-] болғандықтан [HCO3-] пен [H2CO3 мәндерін көмірқышқылының әр бөлшекке сәйкес ионизациялану константасымен өрнектеу керек:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru ерітіндінің иондық күші - student2.ru

ерітіндінің иондық күші - student2.ru тің мәнінен ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.12)

Көмір қышқылының жалпы ионизациялану константасы – Кж.

ерітіндінің иондық күші - student2.ru

Бұл теңдіктен ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.13)

(3.12), (3.13) теңдіктерінен [НСО3-] пен [Н2СО3] мәндерін (3.11) теңдігіне қойсақ

ерітіндінің иондық күші - student2.ru

Бұдан ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.14)

(3.14) теңдігіндегі жақша ішіндегі мән α – қосымша реакцияның коэффициенті, ол реакцияға қатысатын иондардың бос үлесін көрсетеді:

[CО32-] =Сж·α ; α =[CO32-]/Cж; α <1

Егер тепе-теңдік константасының теңдігіне реакцияласатын заттардың жалпы концентрациясын қойсақ, шартты тепе-теңдік константасының (Кш) өрнегін аламыз:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.15)

ерітіндінің иондық күші - student2.ru

Жалпы алғандааА +вВ ↔ сС + dD реакциясы үш константамен сипатталады. Термодинамикалық не шындық тепе-теңдік константасы Кт ерітндінің иондық күшіне және бөгде реакциялардың жүруіне байланысты емес:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru

Бұл константа тек температура мен қысымға байланысты.

Ал концентрациялық константа Кк температура мен қысымнан басқа ерітнділердің иондық күшіне де тәелді. Кк және Кт константалары бір-бірімен былай байланысқан:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru , не

ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.16)

νі-стехиометриялық коэффициенттер.

(3.16) теңдігіне (3.8), (3.9), (3.10) теңдіктерінен lgfi мәндер қойсақ

ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.17)

ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.18)

ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.19)

(3.17-3.19 ) теңдіктеріндегі концентрациялық тепе-теңдік константасы тек температура, тығыздық және ерітндінің иондық күші өзгермеген жағдайда ғана тұрақты мән.

Шартты тепе-теңдік константасы қысымға, температураға, ерітіндінің иондық күшіне және реакцияласатын бөлшектердің бөгде химиялық өзгеріске түсуіне байланысты.

Үш константалардың жалпы бір-бірімен байланысы:

ерітіндінің иондық күші - student2.ru (3.20)

Ерекше көңіл аударатын жай активтілік коэффициент ерітіндіде жүрген бар иондардың электростатикалық әсерін, ал қосымша реакцияның коэффициентті иондарымен химиялық реакцияға түсетін, соған байланысты олардың ерітіндідегі концентрациясын азайтатын заттардың әсерін қамтып көрсетеді.

Ерітіндіде химиялық тепе-теңдіктердің сандық мәнін есептеу мынадай схема бойынша жүргізіледі:

1. Тепе-теңдікке қатысы бар реакцияның теңдігін жазу.

2. Әр химиялық реакцияға сәйкес тепе-теңдік констан­таларының теңдігін жазу. Жалғастырып анықтамаларды пайда­ланып константалардың мәнін табу.

3. Заттың әр түрінің тепе-теңдік коцентрацияларының өзара және оның ерітіндідегі жалпы концентрациясын байланыс­тыратын жүйенің материалды баллансына сәйкес теңдігін жазу.

Мысалы, күміс нитратымен аммиактың судағы ерітіндісін алса, Ag+, [Ag(NH3)]+, [Ag(NH3)2]+ иондары түрінде жүруі мүмкін. Құрамында күміс бар бөлшектердің жалпы концентрациясы:

Сж = [Ag+]+[Ag(NH3) +] + [Ag(NH3) +2]

4. Электрбейтараптық теңдігін жазу. Кез-келген ерітіндіде катиондар мен аниондардың жалпы концентрациялары ерітіндіде электрбейтараптық сақтау үшін бір-біріне тең болу керек.

Мысалы, NaCl-дың судағы ерітіндісінде Na+ және Н3О+ катиондары, Cl- және ОН- аниондары жүреді. Ерітіндінің электрбейтараптық жағдайы:

[Na+ ]+[Н3О+] =[Cl-]+[ ОН-]

MgCl2 ерітіндісі үшін электрбейтараптық теңдігі былай жазылады:

2[Mg2+ ]+[Н3О+]=[Cl-]+[ОН-]

Магний ионының алдындағы коэффициент 2 сол ионның екі зарядты екенін ескеруге жазылған, себебі хлорид ионының концентрациясы магний ионының екі еселенген концентрациясына сәйкес. ([Cl-]=2[Mg2+ ]). Осы сияқты үш зарядталған иондардың концентарциясын үшке көбейту керек. Құрамында AI2 (SO4)3, MgCl2 бар ерітінділердің электрбейтараптық теңдігі:

[AI3+]+2[Mg2+ ]+[Н3О+] =2[SO2-4]+[НSO-4]+[Cl-]+[ОН-]

5. 2,3,4 бөлімдер бойынша жазылған теңдіктердегі белгісіз мәндердің санын тәуелсіз теңдіктердің санымен салыстыру. Егер белгісіз мәндер мен теңдіктердің саны тең болса, онда анықтайтын мәнді теңдіктерден алгебралық жолмен, яғни бір­неше теңдіктер жүйесін шешу арқылы табады. Егер теңдік­тердің саны белгісіз мәндерден аз болса қосымша тәуелсіз теңдіктер жазылады.

Жиі есепті жеңілдету үшін кейбір жорамалдар жасалады. Жасалған жорамалдар нәтиженің дәлдігіне онша әсер етпеу керек.

Наши рекомендации