Топырақтың гранулометриялық құрамы және эрозияға төзімділігі

Топырақтың гранулометриялық құрамы топырақ түзілу процестеріне,қасиеттеріне,режимдеріне үлкен әсерін тигізеді.Гранулометриялық құрамына топырақты өңдеу,далалық жұмыстарды жүргізу мерзімдері,тыңайтқыштардың мөлшері және ауылшаруашылық культураларды орналастыру жұмыстары тығыз байланысты.Топырақтың гранулометриялық құрамын білу және басқа да оның басқа қасиеттерін (қарашірінді мөлшерін,алмаспалы негіздерді және т.б)білу,топырақ генезисіне байланысты көптеген маңызды сұрақтарға жауап беруге және олардың мейлінше рационалды пайдаланылуына мүмкңндңк береді.

Зерттелініп отырған Балқаш көлінің жағалық топырақтарының гранулометриялық құрамы негізінен жеңіл топырақтарға жатады(3-кесте).

3-кесте. Балқаш көлінің жағалық топырақтарының гранулометриялық құрамы

Қабат және үлгі алу тереңдігі, см Қаңқасы Фракциялар саны, % құрғақ топыраққа
1-3 мм >3 мм 1-0,25мм 0,25-0,05мм 0,05-0,01мм 0,01-0,005мм 0,005-0,001мм <0,001мм S<0,01мм
Қоңыр құмды топырақ (Туранговая роща)
А1 0-12см - - 91,04 0,36 5,60 1,60 - 1,40 3,00
В 12-29см - - 94,72 1,48 1,20 0,80 1,20 0,60 2,60
С1 29-51см 0,16 0,02 94,60 3,22 0,80 0,40 0,80 - 1,20
С2 51-84см - - 98,00 - 1,60 0,40 - - 0,40
Д 84-113см 2,75 2,41 94,04 - 1,20 0,80 0,80 - 1,60
Сұр-қоңыр қалыпты топырақ
А1 0-12см - - 68,84 5,36 15,20 5,60 2,00 3,00 10,60
В1 12-20см 2,68 0,12 74,00 0,20 8,00 4,00 6,00 5,00 15,00
ВС 20-54см - - 83,26 0,94 5,60 2,00 3,60 4,60 10,20
С 54-70см - - 78,96 11,64 1,60 1,60 2,80 3,40 7,80
Урбанизем
А1 0-10см - - 35,44 28,76 25,20 6,40 2,40 1,80 10,60
В1 10-22см - - 59,62 13,38 12,80 2,40 7,20 4,60 14,20
В2 22-45 см 2,57 3,50 64,66 11,14 9,20 2,40 9,20 3,40 15,00
Вк 45-65 см 2,84 2,79 57,02 15,98 12,40 2,00 2,80 9,80 14,60
С 65-85 см 13,12 5,72 73,10 5,50 8,40 3,20 2,40 7,40 13,00

Қоңыр құмды топырақтың гранулометриялық құрамы - құмды, ірі және орташа құм фракцияларының үлесі 91,04 –тен 98,00 %-ға дейін.Сұр-қоңыр топырақтардың гранулометриялық құрамы – сусымалы,дәл солай құмды фракцияның үлесі жоғары болып келеді. Мұнда физикалық балшықтың жоғарғы қабаттағы үлесі- А-10,6%,төменгі қабаттарда В1 12-20 см физикалық балшықтың үлесі 15,00%-ға дейін жоғарылайды. <0,01мм топырақ фракциясының аздығын беткі беттен шаңдардың көшуін дефляциямен түсіндіруге болады.Одан ары С қабатында саздақтар байланысқан құмға ауыса бастайды (7,80%).

Гранулометриялық құрамы бойынша шалғынды сортаң,сұр-қоңыр аз жетілген және аз жетілген сортаң жеңіл балшыққа жатады.Мұнда құмды фракциялардың үлесі жоғары және аз мөлшерде тасты фракциялар мен құмтастар кездеседі, морфологиялық сипаттамасында көзге көрінгендегідей. Шалғынды сортаңда шаңды фракцияның таралып кездесуі байқалады,оның А1 қабатындағы мөлшері 8,60%,ал В1 және В2 қабаттарында топырақ көлге жақын орналасқандықтан оның шайылуы байқалады(51м).

Сұр-қоңыр аз жетілген топырақтың гранулометриялық құрамы айтарлықтай өзгереді:жоғарғы қабатында А1 – жеңіл балшықты, В1 – орта балшықты.Мұнда ірі шаңды,ірі және орта құмды фракциялардан көптеп тұрады.

Наши рекомендации