Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі

Химиялық реакциялардың негізгі бір аналитикалық әсері –тұнбалар пайда болуы. Тұнбалар, әсіресе түсті болса, көзбен жақсы көрінеді. Тұнба алу реакциялары заттарды бөлуге пайдаланылады. Тұнба түсу процесін сандық жолмен сипаттауға болады: тұнбаның массасын анықтау гравиметриялық анализ, не анықтайтын затты түгел тұнбаға түсіруге кеткен стандартты реактивтің көлемін анықтау – титриметриялық анализ. Осының бәрі тұнба алу реакцияларын заттарды ашуға, анықтауға және бөлуге пайдалануға мүмкіншілік береді.

Тұнба түзілгенде гетерогенді екі фазалы «ерітінді – тұнба» жүйесі пайда болады. Негізгі заңдылықтар кристалдық торы иондардан тұратын нашар еритін электролиттерге қорытып шығарылған. Мұндай жүйедегі тепе теңдікке:

еру

МА ↔ М n+ + A n- (11.1)

тұнба тұну қаныққан ерітінді

әрекеттесуші массалар заңы қолданылады:

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.2)

Қатты фазаның активтігін бірге тең деп есептесе:

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұну және еру жылдамдықтары теңескенде нашар еритін электролиттің қаныққан ерітіндісіндегі иондардың концентрацияларының (активтіктерінінің ) көбейтіндісі белгілі температура мен қысымда тұрақты мән. Бұл константаны термодинамикалық ерігіштік көбетіндісі деп атайды – ЕКТ.

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.3)

(11.3) теңдігі тек артық мөлшердегі ерімеген қатты затпен тепе – теңдікте болған қаныққан ерітіндіге пайдаланылады.

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.4)

ЕК К – концентрациялы ерігіштік көбейтіндісі Бұл мәнді тек μ→0, fMn+ = fAn-→1 болғанда ғана пайдалануға болады.

Егер тұнба түзілуімен қатар бәсекелес реакциялар жүретін болса шартты ерігіштік көбейтіндісі қорытылады:

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.5)

Жалпы жағдайда тұнбаның құрамы МmAn болса

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.6)

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru ; Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.7)

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

(11.4), (11.7) теңдіктерінен ерігіштік көбейтіндісі мен заттың молярлы ерігіштігінің (ε) арасындағы байланысты табуға болады:

МА↔Мп+п- ; ε = [Mn+]=[An-]

(11.4) теңдігінен:

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.8)

Тұнбаның құрамы МmAn болғанда:

МmAn mМп++nАm-

mε nε

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.9)

(11.8), (11.9) теңдіктері тұнбаның таза судағы ерігіштігін есептеуге мүмкіншілік береді, яғни табылған ерігіштік тек температура мен қысымға байланысты Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru = ƒ (to, P). Бұл жағдайда активтік коэффициенттері бірге тең, ал пайда болған иондар қосымша реакцияларға қатыспайды деп есептеледі.

Мысалы, 25оС –да 500 мл суда неше грамм кальций фосфаты ериді?

EK (Ca3(PO4)2) = 2,0∙10-29

Ca3(PO4)2 ↓↔ 3 Ca2++2PO43-; EK=[ Ca2+]3∙[ PO43-]2

Тұздың еріген ε моль мөлшерінен 3ε моль Ca2+ және 2 ε моль PO43- пайда болады:

[ Ca2+]=3ε; [ PO43-]=2 ε; ЕК=(3ε)3∙(2ε)2=33∙ε3∙22∙ε2= 33∙22∙ε5

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұнбаның ерігіштігі күшті электролиттің ерітіндісінде артады. Бұл құбылыс ерітіндінің иондық күшінің артуына байланысты, ол «тұзды эффект» деп аталады. μ≠0, ƒ<1, (11.3),(11.6) теңдіктерінен:

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru , Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұнбаның ерігіштігіне ерітіндінің иондық күшіне байланысты иондардың активтік коэффициенті әсер етеді ε=ƒ (t°, P,μ).

Мысалы, 25оС –да 500 мл 0,1М NaNO3 ерітіндісінде неше грамм кальций фосфаты ериді?

Алдымен NaNO3 ерітіндісінің иондық күшін тауып аламыз:

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Кестеден осы иондық күшке сәйкес Ca2+ және PO43- иондарының активтік коэффициенттері ƒ(Ca2+)=0,33,ƒ(PO43- )=0,08.

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru ,

яғни кальций фосфатының 0,1М NaNO3 ерітіндісіндегі ерігіштігі таза судағымен салыстырғанда 10 есе артады.

Егер ерітіндіде бәсекелес бөгде реакциялар жүретін болса (а≠1, а<1), тұнбаның ерігіштігі бәсекелес реакцияның коэффициенттеріне де тәуелді болады ε =ƒ (t°, P, ƒ, α) :

Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе – теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі - student2.ru (11.10)

Тұнбаның ерігіштігіне бәсекелес реакциялардың әсерін төменде қарастырамыз.

Наши рекомендации