Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
Бактериялардың жалпы мөлшері ЕПА-да 37С температурада 24сағ микроорганизмдер мөлшері калония түзеді.Топырақтың,микрофлоралардың бүлінуі фикольді шығарылғандармен болады.Термофильді микроорганизмдер олар ЕПА-да 60С температурада 24сағ ішінде калония түзеді.Топырақтың ішек таяқшасымен жоғары және төмен бүлінулері фекальді бүліну болып табылады.ІТТБ-грамм теріс,қысқа таяақшалы,спора түзбейді.Лактозаны және глюкозаны қышқыл және газға дейін 7С температурада 24-48 сағат ішінде ыдыратады.Лактозаны қышылға дейін 37Стемпературада 24сағыдыратады.
Перфрингенс титр әдісі.Бұл грамм оң облегатты анаэробты,спора түзуші таяақшаларды анықтауда және сульфиттердің қалпына келуін анықтауда қолданылады.
Аммонийфикаторлар- азотты аммоний катионына дейін айналдыратын микроорганизмдер қалу мүмкін.
Нитрифкаторлар -Нитраттағы нитриттегі азотты және аммони тұздарын қышқылданлыратын микроорганизмдер . Бұл топқа Nitrosococcus, Nitrosolobus, Nitrosobacter туыстығының өкілдері жатады .Олардың болуы органикалық ластанудың және өзіндік активті тазару процесі бар екенін көрсетеді.
Аэробты целлюлозажұктырушы микроорганизмдер -целлюлозаны көмірсудың көзі ретінде қолданатын топырақ микробиототы. Бұл топта спорасыз бактериялардың , базидиалинді, ашытқы саңырауқұлақтардың рөлі зор.
Сапрофиттердің жалпы саны - микроорганизмдердің мөлшері 72 сағатта 20-300с –да МПА –да колония түзетін. Микробиотттың жоғарғы санағы топырақтың органикалық ластануын көрсетеді. Патогенді микроорганизмдер – сальмонелалар, поттогенді клостридиялар(C.tetani, C.botulinum), сібір түймесін қоздырушылар ,вирустар
8. Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі топтары және эпиделиологиялық маңызын көрсетіңіз.Топырақ – көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроорганизмдердің, соның ішінде бактериялардың, көгеретін саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілік ететін ортасы.
Топырақта тұрғылықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер:
а) жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер;
б) патогендік микроорганизмдер.
Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібірлік жара (қарасан), газдық гангорена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы).
Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады.
Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады.
Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді.
Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады – топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды.
Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар – гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін.
9. Топырақтың негізгі ластағыштары және биологиялық бақылаудың әдістеріне шолу жасаңыз.Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (СО2 есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т. ластағыштар еңгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.
Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2-ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.
Топырақты ластайтын компонентерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану — ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен елсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайткыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
10. Топырақтың эпидимиологиялық маңызы. Топырақтың сапасын санитарлы –эпидимиологиялық бағалауға анықтама беріңіз. Топырақтаң эпидемиологиялық маңызы өте зор. Сол арқылы адамға тікелей немесе жанама жолмен көптеген инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғышы өмір сүріп және тарала алады. Аурулар қоздырғышының таралуына: шаң, қолдың ластануы, азық-түліктер (;жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар және т.б.), су, құрал-жабдықтар, ыдыс-аяқтар тасымалдаушы болады. Қоздырғыштар жануарлар, кеміргіштер және құрт-құмырсқалар арқылы тарала алады.
Топырақтың патогенді микроорганизмдер мен гельминттер жұмыртқаларымен ластануының басты көзі адам мен жануарлардың, ағын сулардың және т.б. болып табылады. Уақыт өте келе топырақтың өзін-өзі тазарту қасиеті арқасында олар өледі, алайда біраз уақыт бойы өзінің өмір сүру қаблетін сақтап тұрады.
Топырақтың орнықты және ұзақ уақытты мекендеушілері споропайда болдырушы патогенді микроағзалар болып табылады, олардың ұрықтары топырақта ондаған жылдар бойы өмір сүре алады. Негізінен, бұлар жарақат жұқпалары (сіреспе, газды гангрена), ботулизм, сібір күйдіргілерінің қоздырғышы.
Топырақ, әсіресе органикалық заттармен ластанған топырақ, бактериалды және вирусты ішек инфекциялары - дизентерия, іш сүзек, А және В паратифтары, сальмонеллеза, вирусты гепатит, псевдотуберкулез және т.б. қоздырғыштарының таралу факторы бола алады. Осылайша, топырақта тифо-паратифоз бактериялар тобы 400 күнге дейін бола алады, ал дизентерия – 100 күнге дейін.
Топырақ шартты-детті микроағзалармен ластана алады, олар адам ағзасынан бөлінетін заттар арқылы түседі (БГКП, E.coli, B.cereus, Proteus, Cl.perfringens және т.б.).Топырақ геогельминттердің (аскаридтер, қылдырықбас) жылжуында рөлі ерекше. Ерекшелігі – геогельминттердің жұмыртқасы адам ағзасынан шығарылатын заттармен бірге топыраққа сіңіп, онда даму сатысының белгілі бөлігін өтіп, инвазиялық қасиеттерге ие болады. Тек аскарида жұмыртқаларының «дамып-жетілуінен» кейін ғана адамда инвания ауруын тудыра алады. Аскарид жұмыртқалары топырақта 1 жыл бойы өмір сүре алады, топырақ бөлшектерімен термикалық залалсыздандырылмайтын тағамдарды инфекциялайды.
Органикалық заттармен ластанған топырақ құтыру, оба, туляремия сияқты инфекцияларды таратушы кеміргіштердің өмір сүру ортасы болып табылады, сонымен қатар шыбындардың қолайлы өмір сүру ортасы, ал олар ішек инфекциясының қоздырғыштарын таратушылар.
Жер қыртысының өзін өзі тазалауы – бұл топырақтың бастапқы қалпына келтірілуіне бағытталған өзгерістер. Өзін-өзі тазалаудың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы зор. Топырақ қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғи орта болып табылады. Онда экзогенді органикалық заттардың көп бөлігінде детоксикация (залалсыздандыру, бұзылу, уытты емес заттарға айналу) жүріп жатады. Бұл заттар ақуыз, май, көмірсу және оның алмасу заттарының органикалық емес заттарға айналғанша (минерализация процессі) ыдырауына әкеп соғады. Осы процесспен қатар топырақта гумификация процессі – органикалық заттар қалдықтарынан жаңа қиын органикалық қосылыс түзілу процессі жүріп жатады, оның атауы – гумус(қарашірік). Қарашіріктің құрамында көміртектің мөлшері өте көп. Көміпртектің органикалық қосылыстардың құрамында 2-3 есе артуы топырақтың ластануына әкеп соғуы мүмкін. Қарашіріктің құрамындағы көміртектің өсімдік құрамындағы көмңртекке қатынасы гумификация коэффициенті деп аталады.Топырақ құрамына түскен басқа заттарды майсыздандыру процессі өте қиын және микроағзалар көмегімен іске асады. Көмірсудың біраз бөлігі аэроб жағдайында CO2 күйіне дейін қышқылданып, энергия бөлінді, ал басқа бөлігі (моносахаридтер) микробты жасушалардың гликогенін синтездейді. Аэробты жағдайларда майлардың ыдырауы май қышқылдарының пайда болуы мен энергия бөлініне дейін, ал анаэробты жағдайларда - H2, CO2 және т.б. пайда болғанша өте баяу жүреді. Ақуыздар аминқышықылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдарының бір бөлігі микробты жасушалардың өмір сүруіне жұмсалады. Азот алмасуының өнімі аэроб бактерияларының көмегімен биохимиялық қышқылданады. Бұл процессті нитрификация деп атайды. Қышқылдау процесстерімен бірге топырақта қайта құрылу процессі де жүреді. Денитрификация процессі газ бөлінуімен жүреді. Бактериялардың қайта құру әрекеттерінің дәрежесі олардың биохимиялық ерекшеліктеріне қарамастан ортаның құрамына, оның реакциясына және басқа жағдайларға тәуелді.
Топырақтың гигиеналық ерекше рөлі патогенді микроағзаларды, ең алдымен спора түзбейтін ағзаларды залалсыздандыру процессімен байланысты. Бактериялардың жойылуына себепші сапрофиттердің бәсекелестігі, механикалық факторың әсері, күн көзінің бактерицидтік әсері, электрохимиялық энергияның сыртқы қарым-қатынастары. Залалсыздандырудың тиімділігі бактерия түріне, топырақ құрамы мен құрылысына және т.б. байланысты. Топырақтың бұл ерекшелігі шаруа-тұрмыстық және өнеркәсіптік жер асты суларын тазарту үшін фильтрация алаңдарын салу үшін қолданылады.
Топырақтың өзін өзі тазартуы үнемі болмайтынын айта кеткен жөн, тым қатты ластану бүкіл жарамды микрофлораның бүлінуіне әкеп соғады. Жер қыртысын санитарлы қорғау – топырақ құрамына ластауды шектеу үшін, топырақтың өзін өзі тазалау процессін бұзбайтын, адам өміріне қауіп келтірмейтін көлемде өсімдік құрамында ластаушылардың жиналуына бқгет болатын, ауаны, жер асты, жер үсті суларын ластамайтын іс-шаралар жиынтығы. Бұл іс-шараларға:
Халықтың денсаулығын сақтап қалу мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын заң және административтілік іс-шаралар.Санитарлы-қорғау зоналары және басқа да құрылыстарды салу үшін жер бөлігін бөліп беру мақсатында жоспарлау іс-шаралары.
Қалдықсыз және аз қалдықты өнеркәсіп орындарын салу үшін технологиялық іс-шаралар.
Топырақтың санитарлы тазалануы.