Тестілік тапсырмалар: Жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділерінің ерекшеліктері. ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы. Ісінуі
1. Жiпше, тармақталған, тор тәрiздес құрылымға ие болады молекулалары:
1. комплекстi қосылыстардың
2. буферлiк ерiтiндiлердiң
3. эмульсиялар мен суспензиялардың
4. үлкен молекулалы қосылыстардың
5. сiлтiлiк металдар тұздарының
2. Коацервация – бұл:
1. ҮМҚ-тар бөлшектерінің үлкен агрегат түзіп қосылуы
2. ҮМҚ-тар бөлшектерінің қосылып тұнбаға түсуі
3. ҮМҚ-тар молекулаларының ұсақ бөлшектерге бөлінуі
4. ҮМҚ-тар молекулалары қосылмай, олардың гидрат қабықшаларының бірігуі
5. ҮМҚ-тар ерітінділерінің ағатын қасиетінен айырылуы
3. Үлкен молекулалы заттардың молекулалары түзіледі:
1. гидролиз реакциясы нәтижесінде
2. тотығу-тотықсыздану реакциясы нәтижесінде
3. полимеризация және поликонденсация нәтижесінде
4. алмасу реакциясы нәтижесінде
5. эфирлену нәтижесінде
4. Диссоциацияға ұшыраған карбоксил топтары мен амин топтарының сандары бірдей, ал молекуласының жалпы заряды нольге тең белок күйінің атауы:
1. изоэлектрлік күй
2. термодинамикалық параметр
3. тотығу
4. тотықсыздану
5. буферлік сиымдылық
5. Асқазан сөлінің изоэлектрлік нүкетдегі мәні 2-ге тең. Ақуыздың тұну жылдамдығының рН қандай мәнінде минимал болады:
1. 2,0.
2. 1,8.
3. 2,2.
4. 2,5.
5. 5,0.
6. Полимер ерiткiштi өздiгiнен сiңiргенде жүретiн процесс:
1. iсiну
2. сiрiлену
3. коацервация
4. синерезис
5. тұздалып тұну
7. Үлкен молекулалы қосылыстар ерітінділерінің кіші молекулалы заттар ерітінділерден айырмашылығы:
1. термодинамикалық тұрақты
2. өздігінен түзіледі
3. жоғарғы концентрациялы ерітінді түзу
4. төменгі осмос қысымын туғызу
5. ұзақ уақыт сақталу
8. Плазмадағы ақуыздардың туғызатын осмос қысымының атауы:
1. зольдың мицелласы
2. мицелланың грануласы
3. онкотикалық қысым
4. газдың меншiктi /парциалдық/ қысымы
5. атмосфералық қысым
9. Белоктың изоэлектрлік нүктесі – бұл:
1. белок оң зарядталғандағы ортаның рН мәні
2. молекуланың жалпы заряды нольге тең болғандағы ортаның рН мәні
3. белок теріс зарядталғандағы ортаның рН мәні
4. белок денатурацияға ұшырағандағы ортаның рН мәні
5. белок қышқылдық гидролизге ұшырағандағы ортаның рН мәні
10. Температураны төмендеткенде ҮМҚ-тың сірілену жылдамдығы:
1. өседі
2. кемиді
3. өзгермейді
4. нольге тең
5. алдымен кемиді, одан кейін артады
11. Ақуыз казеиноген изоэлектрлік нүктедегі мәні 4,7-ге тең. Ақуыздың тұну жылдамдығының рН қандай мәнінде максималь болады:
1. рН = 6.
2. рН = 7.
3. рН = 3,5.
4. рН = 4,7.
5. рН = 9.
12. Гельден су бөлiнiп шығуының нәтижесiнде гель көлемiнiң кiшiреюiнiң атауы:
1. iсiну
2. сiрiлену
3. тұздалып тұну
4. синерезис
5. коагуляция
13. Температураны төмендеткенде және концентрацияны жоғарылатқанда ҮМҚ-тың сірілену жылдамдығы:
1. өседі
2. кемиді
3. өзгермейді
4. нольге тең
5. алдымен кемиді, одан кейін артады
14. Жоғары молекулалық заттар бөлшектерінің ерітіндідегі өлшемі
1. 1-ден 100 нм-ге
2. 100-ден 10 000 нм-ге
3. 0,001-ден о 0,1 нм-ге
4. 100-ден 1000 нм-ге
5. 0,0001-ден 0,1 нм-ге
15. Табиғи үлкен молекулалы заттарға жатпайды:
1. белоктар
2. нуклеин қышқылдары
3. целлюлоза
4. крахмал
5. капрон
16. ҮМҚ-тың ерітіндісіне сульфат иондарын қосқанда сірілену процестің жылдамдығы:
1. кемиді
2. өзгермейді
3. нольге тең
4. артады
5. біртіндеп нольге дейін кемиді
17. Ақуыз пепсиннің изоэлектрлік нүктедегі мәні 2-ге тең. Ақуыздың ісіну жылдамдығының рН қандай мәнінде максималь болады:
1. 2,0.
2. 1,8.
3. 2,2.
4. 2,5.
5. 5,0.
18. ҮМҚ-тардың қайтымды тұнуы жүреді:
1. күшті қышқылдардың концентрлі ерітінділерінің әсерінен
2. жоғары температураның әсерінен
3. сілтілк металдар тұздарының концентрлі ерітінділерінің әсерінен
4. ауыр металдар тұздарының ерітінділері әсерінен
5. дұрыс жауап берілмеген
19.Ағатын қасиетінен айырылған үлкен молекулалы заттар ерітінділерінің атауы:
1. зольдер
2. буферлік ерітінділер
3. комплексті қосылыстар
4. гельдер
5. индикаторлар
20. Формула i = m-mo/mo,қолданылады:
1. үлкен молекулалы қосылыстың iсiну дәрежесiн есептеу үшiн
2. полимердiң молекулалық массасын есептеу үшiн
3. полимердiң iсiну қысымын есептеу үшiн
4. гель синерезисiнiң жылдамдғын есептеу үшiн
5. полимердің тұну жылдамдғын есептеу үшiн
21. Белоктың денатурациясы – бұл:
1. белоктың барлық құрылымдарының бұзылуы
2. белоктың қайтымды тұнуы
3. әртүрлі жағдайлардың әсерінен белоктың II-лей және III-лей құрылымдарының бұзылуы
4. белоктың амин қышқылдарын түзіп ыдырауы
5. белоктың молекулалары бірікпей, олардың гидрат қабықшаларының қосылуы
22. Адам денесі соғылған кезде ісіктердің пайда болуы және бұлшық еттердің жиырылуы түсіндіріледі:
1. организм тканьдарындағы белоктардың коацервациясымен
2. организм белоктарының денатурациясымен
3. тканьдар белоктарының ісінуімен
4. тканьдардағы биологиялық сұйықтықтардың сіріленуімен
5. тканьдардаы белоктардың тұнуымен
23. Ерiткiш полимердiң iшiне өткенде пайда болатын қысымның атауы:
1. осмос қысымы
2. онкотикалық қысым
3. iсiну қысымы
4. атмосфералық қысым
5. синерезистiң қысымы
24. Гельдiң (ұйыманың) екi қабатқа (гельдiң тығыз қабаты мен золь қабатына) бөлiнуiнiң атауы:
1. онкотикалық қысым
2. сенсибилизация
3. зольдiң коацервациясы
4. iсiну
5. гельдiң ескiруi (синерезис)
25. Гельдiң iшiне өте алады:
1. кiшi молекулалық заттар
2. үлкен молекулалық ақуыздар
3. нуклеин қышқылдары
4. коллоидтық ерiтiндiлердiң мицеллалары
5. барлық заттар
7.3. Коллоквиум және бақылау тестін тапсыруға 1 кредит қорытындысы: зертханалық-практикалық сабаққа қатысуы, зертханалық жұмыстардың есебін өз уақытында қорғауы бойынша рұқсат беріледі.
Коллоквиум мен тестілеу өткізу.
1. Тақырып №9. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі.Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың және аминдердің реакциялық қабілеті.
2. Мақсаты: Бренстенд пен Лоуридін протолиттік теориясын, органикалық қосылыстрадың қышқылдық және негіздік қасиеттерін сандық және сапалық бағалауды
үйрену, студенттің тақырып бойынша білімі мен дағдысын бекіту.
3. Оқытудың міндеттері:органикалық қосылыстрадың қышқылдық және негіздік қасиеттерін сандық және сапалық бағалауды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Бренстенд пен Лоуридін бойынша органикалық қосылыстрадың қышқылдығы мен негіздігі туралы түсінік.
2. Қышқылдардың жіктелуі: ОН-, SH-, NH-, CH–қышқылдар.
3. Органикалық қосылыстрадың қышқылдық және негіздік қасиеттерін сандық және сапалық бағалау: Ка, рКа және Кb, рКb
4. Спирттердің, тиолдардың, фенолдардың және карбон қышқылдарының қышқылдық қасиеттерінің салыстырмалы сиппатамасы.
5. Қышқылдар мен негіздердің күшіне орталық атомдардың табиғаты, органикалық радикалдын, аниондардың тұрақтылығының, еріткіштін әсері
6. Органикалық қосылыстардың қышқылдығына функционалдық топтардың санының әсері.
7. Аминдердің, спирттердің, тиолдардың негіздік қасиеттері байқалғанда гетероатомдардың бөлінбеген электрон жұптарының ролі.
8. Льюистің қышқылдары мен негіздері.