Ерітінділердегі химиялық реакцияларға жалпы сипаттама

Химияда заттардың жиынтығы жүйе деп аталады. Жүйе гомогенді және гетерогенді болуы мумкін.

Гомогенді жүйе – құрамы және қасиеттері жағынан бөлінбейтін біртекті болады (бір фазадан тұрады). Мысалы, ерітінділер, газдар қоспасы т.б.

Гетерогенді жүйе - екі немесе көп фазадан тұрады. Мысалы, бір бірімен араласпайтын сұйықтар, тұнбасы бар ерітінділер, түтін т.б.

Химиялық реакциялардың көбісі ерітінділерде өтеді. Реакциялардың жүруін басқаратын заңдылықтар аналитикалық химияның теориялық негіздерінің құрама бөлігі болып табылады.

Әрекеттесу нәтижесінде бастапқы заттар толық өнімге айналып, бір ғана бағытта жүретін реакцияларды қайтымсыз реакциялар деп атайды. Мысалы,

K2CO3 + 2HCl → 2KCl + CO2 + H2O.

Бірақ көптеген жағдайларда химиялық реакциялар қайтымды болады, яғни реакция екі, қарама - қарсы бағытта жүреді. Солдан оңға қарай жазылған реакцияларды (→) тура реакциялар дейді, ал оңнан солға қарай жүретін реакцияларды (←) кері реакциялар деп атайды. Қайтымдылық белгісі ↔. Мысалы:

ZnCl2 + H2 S ↔ ZnS + 2HCl.

Химиялық реакциялар жылдамдығы жоғары және баяу жүретін реакциялар болып бөлінеді. Тепе-теңдігі 10 секундтан кем уақытта орнайтын реакцияларды жылдам жүретін реакцияларға жатқызады. Химиялық реакциялардың жылдамдығына реакцияға қатысатын заттардың табиғаты, температура, қысым, катализатор т.б. әсер етеді.

Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесетін заттардың концентрацияларына байланысты екенін 1867 ж. Н.Гульдберг пен П.Вааге өздері ұсынған әрекеттесуші массалар заңында көрсеткен. Бұл заң бойынша химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияға қатысатын заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тәуелді. Химиялық реакцияны жалпы түрде жазатын болсақ

А +В ↔ С + D

онда тура бағытта жүретін реакцияның жылдамдығы

Vt = kt[A].[B],

ал кері реакцияның жылдамдығы

Vк = kк[С].[D]

мұнда kt және kк – пропорционалдық коэффициенттері, жылдамдық константалары деп аталады;

[A], [B], [C] және [D] - аталған заттардың тепе-теңдік концентрациялары.

Реакцияның бастапқы кезінде А мен В заттарының концентрациялары С мен Д заттарының мөлшеріне қарағанда көп. Сондықтан, тура бағытта жүретін реакцияның жылдамдығы басым болады. Бірте-бірте А мен В заттарының мөлшерлері азая бастайды, ал реакция өнімдерінің концентрациялары артады. Сол кезде кері бағытта жүретін реакцияның жылдамдығы өседі де соңында екі қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары теңеседі:

Vt = Vk яғни kt [A] [B] = kк [С] [D].

Тепе-теңдік орнағанда реакциялардың тура және кері бағыттарда жүруі тоқтап қалмайды, бірақ барлық заттардың концентрациялары өзгермейді, демек динамикалық тепе-теңдік пайда болады – заттардың қанша молекулалары реакцияға қатысса, соншасы кері реакцияда түзіледі. Математикалық түрлендіру нәтижесінде жоғарыдағы теңдеуді келесі түрде жазуға болады:

.

Мұнда К – реакцияның концентрациялық тепе-теңдік константасы. Жалпы түрде қайтымды реакциялар үшін

aА + bВ ↔ cС + dD,

.

Химиялық тепе-теңдікте тұрақты температура мен қысымда реакцияның нәтижесінде пайда болған заттардың концентрацияларының (стехиометриялық коэффициенттерине сәйкес дәрежеде) көбейтіндісінің реакцияға қатысқан заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне қатынасы тұрақты шама болып табылады.

Тепе-теңдік константа тура реакцияның жылдамдығының кері реакцияның жылдамдығынақатынасын көрсетеді, оның сандық мәнінен химиялық реакцияның бағытын анықтауға болады. Егер К>1 – тура бағытта жүретін реакцияның жылдамдығы басым болғаны, К<1 – кері реакцияның жылдамдығы басым, тепе-теңдік солға ығысады.

Тепе-теңдікті қажетті жаққа ығыстыру үшін заттың біреуін артық мөлшерде қосу керек, немесе реакция нәтижесінде пайда болған бір затты тұнбаға, газға, аз диссоцияланатын қосылысқа ауыстыру.

Наши рекомендации