Иллюстрациялы материалдар. 4 страница

Токсикантты ағзадан тез шығару үшін, жедел уланғанда госпитальға дейінгі және госпитальді этапта дәстүрлі әдіс болып саналатын арнайы (антидотты) ем қолданылады. Антидотты ем тек басқа емдеу әдістерімен бірге комплексті түрде емдегенде ғана эффективті болады. Госпитальға дейінгі этапта улануды диагностикалау қиындық туғызуы мүмкін, арнайы белгілері тез көрінбейді. Сондықтан, интоксикация белгілерін көру үшін зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Антидотты ем токсикалық заттың ағзаға тез таралмауын, оның ағзадан тез шығарылуын, әсерінің және қауіптілігінің аз болуын қамтамасыз ететін антагонистерін қолдануды ескертеді.

Жедел улануда шұғыл көмек көрсету және бірмезгілде келесі емдеу әдістерін пайдалану керек: токсикалық затты арнайы (антидотты) фармакотерапияны қолданып жедел түрде ағзадан шығару, сонымен қатар ағзаны жүйелі түрде қорғауға арналған симптоматикалық ем қолдану. Удың ағзадағы резорбция стадиясы және оның қандағы жоғары концентрациясы пайда болмай активті детоксикация жүргізу нәтижелі аяқталады.

Иллюстрациялы материалдар

1. Ағзаның детоксикациялануының негізгі әдістері.

I. Ағзаның детоксикациялануының негізгі әдістері;

- Асқазанды жуу

- Ішектерді тазарту

- Форсирленген диурез

- Емдік гипервентилляция

II. Ағзаның жасанды детоксикациясының әдістері.

Интракорпоральды: Экстракорпоральды:

- Перитонеальды диализ -гемодиализ

- Ішектік диализ -гемосорбция

- Гастроинтестинальды сорбция -плазмосорбция

- Лимфорея және лимфосорбция

- Қан алмасу

- плазмофорез

III. Антидотты детоксикация әдістері:

- Химиялық уға қарсы:

А) контактты әсер ету

Б) биохимиялық парентеральды әсер ету.

- Фармакологиялық антагонистер.

Әдебиет

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + CD/ под ред. Н.И. Калетиной.-М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология Е.А. Лужников. -М., "Медицина", 1994.- 189 с

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия / В.Ф. Крамаренко. – Киев, «Высшая школа», школа», 1989. – 272 с.

Қорытынды сұрақтары

1. Жедел улануда көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру.

2. Жедел уланудағы антидоттық емнің мағынасы.

3. Уланудың клиникалық көріністері.

4. Ағзаны детоксикациялаудың негізгі әдістері.

Тақырыбы 3. Өткір уланулар диагностикасындағы ХТТ ролі. ХТТ қойылатын тлаптар. Әдістерді үйлесімді біріктіру принциптері. Скрининг-талдау. Сандық талдау. Қорытындыны рәсімдеуде қойылатын тлаптар.

Мақсаты:Студенттерді жедел улануда химия-токсикологиялық талдау әдістерімен таныстыру.

Дәріс тезистері

Жедел уланудың бірреттік нәтижесін токсикалық заттың қайталап әсер етуі және тез көрінетін клиникалық көрінісінің сипаттамасы жетілдіреді. Уланудың симптомдары және аурудың симптомдық дәрежесі токсиканттың дозасына, түріне және басқа себептерге байланысты. Жедел уланған зақымдалушыға медициналық көмек көрсетілуі қажет, олар госпитальға дейінгі көмекпен басталып, стационарда токсикалогиялық немесе реанимациялық профилмен жалғасады.

Егер, интоксикация дамуының алғашқы стадиясындағы клиникалық көріністен уланудың себебі анықталмаса, онда қысқа мерзімді (стационарға ауру түскен соң максимум 1-2сағатта) сандық және сапалық зерттеу жүргізіледі.

Жедел улануды диагностикалау кезіндегі ХТТ-дың сәтті аяқталуы, клиницистер мен химиктер арасындағы ақпарат алмасудың жылдам және сапалы болуы, емдеудің анағұрлым дәрежеде нәтижелі болуына алып келеді. ХТТ-дың көлемді және терең болуы көп жағдайда клинцистерді қажет етеді. Уланудың клиникалық бейнесінің және жеке улармен уланудың симптомдық сипаттамаларын пайдаланып ХТТ-дың әдістерін адекватты түрде таңдайды. Сол үшін химик-токсиколог әртүрлі токсиканттармен жедел уланудың негізгі симптомдарын білуі тиіс. Тек алдын-ала сынаманың нәтижесіне сүйеніп, зерттелетін обьекттегі болжамдалған затқа қорытынды шығаруға болмайды. Ол үшін сәйкес реакциялар мен әдістерді пайдаланып, толық ХТТ жүргізу қажет. Сол үшін алдын-ала сынамадан анықталған зат оң нәтиже бергенде, оны ХТТ-дың жоспарына кіргізеді.

Иллюстрациялы материалдар.

1. Жедел улану кезінде ХТТ көбіне келесі токсиканттарға немесе олардың жекеленген өкілдеріне жүргізіледі:

• Психотропты дәрілік препараттар: барбитураттар, бензодиазепиндер. Фенотиазиндер, лепонекс, тырысуға қарсы және басқа үшциклды антидепрессанттар, наркотикалық анальгетктер (опиаттар және опиоидтар).

• Кардиотоникалық әсерлі дәрілік препараттар мен басқа да заттар: адреноблокаторлар, кальций каналының антагонистері, жүрек гликозидтері. Антиаритмиалық препараттар, клофелин.

• Тырысуға қарсы дәрілік препараттар мен басқа да заттар: тубазид. Үшциклды антидепрессанттар.

• Антихолинергиялық (холинолитикалық) әсерлі дәрілік препараттар және басқа да заттар: антигистаминдік. Паркинсонға қарсы заттар. Белладонна алкалоидтары.

• Алкоголь және алкаголь суррогаттары, басқа спирттер: метил, этиленгликоль, изопропил.

• Органикалық еріткіштер: дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, трихлорэтилен, бензол.

• Күйдіргіш сұйықтықтар: қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар.

• Метгемоглобин тәрізді әсер ететін улар: анилин, нитраттар, нитриттер.

• Металл қосылыстары (мыс, сынап, темір, қорғасын және т.б.), күшәннің және селеннің.

• Улы саңырауқұлақтар.

• Көміртегі (II) оксиді, құрамында улы буы бар басқа газдар.

• Тітіркендіретін, күйдіретін, тұншықтыратын әсерлі газдар: хлор, аммиак, азот оксиді, күкірт оксиді, күкіртсутек.

•Антихолинэстеразалық улар: фосфоорганикалық инсектицидтер, карбаматтар. Пиретроидтар. Физостигмин.

• Токсиндер (жануар және өсімдік текті улар).

• Есірткілер.

2. Кесте 1. Жедел интоксикация кезіндегі тері түсінің өзгеруі (мысалдар)

Терінің түсі Токсикант немесе токсикалық үрдіс.

Көгерген (цианоз) Гипоксия, метгемоглобинемия.

Көк Амитриптиллин немесе хлоралгидрат таблеткасы.

Сарғаю Бауыр функциясының бұзылуы, алкаголь,бораттар, нитраттар, балық және саңырауқұлақпен улану, металдар, еріткіштер.

Қызару Көміртегі (II) оксиді.

Қараю (некрозға айналады) Қышқылдар, сілтілер, заттардың артерия ішіне енгізілуі.

Әдебиет.

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + CD/ под ред. Н.И. Калетиной.-М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология Е.А. Лужников. -М., "Медицина", 1994.- 189 с

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия / В.Ф. Крамаренко. – Киев, «Высшая школа», школа», 1989. – 272 с.

Қорытынды сұрақтары.

1. Химия-токсикологиялық талдауға қойылатын талаптар.

2. Әдісті таңдау. Клиникалық мәліметіне байланысты талдау әдісін таңдау.

3. Таңдалған талдау әдісінің жүргізілу ерекшкліктері.

4. Жедел улануда ХТТ жүргізілетін токсиканттар тобын санау.

5. Жедел улануды экспресс-диагностикалаудағы талдау әдістері.

Кредит № 5

1. Тақырып 1. Наркологияға кіріспе. Наркомания мен токсикоманияның аналитикалық диагностикасын ұйымдастыру. Химико-токсикологиялық зертханалардың қызметін регламенттейтін негізгі құжаттар. Наркологиялық көмек көрсету кезіндегі химико-токсикологиялық жұмыс есептері.

2. Мақсаты:Студенттерді наркомания мен токсикоманияның аналитикалық диагностикасын ұйымдастырумен, химико-токсикологиялық зертханалардың қызметін регламенттейтін негізгі құжаттармен, наркологиялық көмек көрсету кезіндегі химико-токсикологиялық жұмыс есептерімен таныстыру.Студент біліп, іс жүзінде қолдана алуы керек.

3. Дәріс тезистері

Терминология. Наркотикалық зат терминінің үш критерийі бар: медициналық, әлеуметтік, заңды. Олар бір – біріне тәуелді және белгілі бір затты наркотикалық деп атау тек осы үш критерий негізінде жүргізіледі:

- медициналықкритерий – егер сәйкес келетін зат, дәрілік зат, дәрілік препаратты медициналық емес қолданылуы кезінде ОЖЖ-не спецификалық әсер көрсететін болса ( күшейткіш, седативті, галлюцинациялық және т.б.);

- әлеуметтіккритерий - егер медициналық емес қолдану ауқымды масштабты алатын болса, онда ол әлеуметтік;

- заңдыкритерий – жоғарыда аталғандарды ескере отырып, сәйкес келетін затты есірткі деп және есірткі заттар тізіміне кіргізеді;

Осы аталған критерийлердің біреуі болмаса, дәрілік препарат немесе химиялық затты, тіпті осы зат немесе дәрілік препарат қарсы қолданып және сәйкес ауру сезімін шақырса да, бұл оны есірткі деп негіздеуге болмайды.

Наркологиялық жұмыс– бұл алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауыратын науқастарға емдік-профилактикалық, медициналық-әлеуметтік және медициналық-заңды көмек көрсететін специализацияланған мекемелер ағымы.

Наркологиялық жұмыс денсаулық сақтау жүйесінде өзінің құрамына наркологиялық мекемелер мен наркологиялық бөлімдер, психиатриялық және жалпы соматикалық емдеу-профилактикалық мекемелер кіреді. Негізгі наркологиялық мекеме диспансер болып табылады, ол наркоманиямен, токсикоманиямен, алкоголизммен ауыратын науқастарға әдістемелік ұйымдастыру және емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.

Химика-токсикологиялық зерттеулерді құжаттау

ХТА жүргізу үшін келесі негізгі құжаттар қажет: 1) химик-токсикологтың анализінің жұмыс журналы, 2) хроматограммалар, 3) спектрограммалар, 4) ЭВМ табулограммалары немесе кестелер, 5) химико-токсикологиялық зерттеулердің тіркеу журналы (№1 кескін), 6) химико-токсикологиялық зерттеу журналы (№ 2 кескін).

Барлық хроматограммаларда, спектрограммаларда және басқа құжаттарда қойылуы тиіс: 1)науқастың аты-жөні, тегі, 2) науқастың стационарлық немесе амбулаторлық медициналық картасының номері немесе медициналық куәләу актінің номері, 3) зерттеу күні мен уақтысы. Біріншілік құжат жоғарыда көрсетілген реквиттерінсіз ХТЗ-ді қорытындылауға болмайды.

Тіркеу журналында ХТЗ-ң жұмыс журналы жазбасының негізіндегі анализ нәтижелерін тіркейді.

Химико-токсикологиялық зерттеу нәтижелеріне акт жазылады, оны жіберілген мекемеге қолға немесе пошта арқылы жіберіледі. Толтырылған акт зерттеу жүргізушілердің қолымен және бас дәрігермен куәландырылады. Акт көшірмесі зертханаларда сақталынады.

4. Иллюстративті материал

Кескін 1

ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ

химико-токсикологиялық анализдердің нәтижелері

№№ пп күні уақыты Сынама шифры ЛПУ атаулары, бөлімдері А.Ж.Т. мед. картасы Зерттеу объекті Табылғ.көлемі нәтиже қолы
алыну жеткізу Зерт. жіберу
                         

Кескін 2

л и н и я   о т р ы в а
Жолдама

« » ________ 19 ___ ж.

______ сағ. ____ мин.

_____________________________

Зерттеу объектісі _________________

Ережеге сай жиналған

Дәрігер___________________

Мед. Бике

________________

Опер. уполн. _______________

Сынама жеткізілді

______________

« » _________ 19 __ г. ___ сағ ___ мин

Химик-токсик. ________

(ЛПУ қалдырылды)

Жолдама   химико-токсикологиялық зерттеуге « » ________19 ___ ж. ____ сағ. _____ мин. __________________ жіберілді ______________________________________ (зерттеу нысандары) ______________ № мед. картасы ________ анықтауға ____________________________ Клиникалық диагнозы: __________________ ______________________________________ Қан алынған тері орны өңделді ______________________________________ Дәрігер____________________ Мед. бике ______________ Опер. уполн. _____________     (Зертханда қалдырылды)

Дебиеттер

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Байзолданов Т. Токсикологическая химия ядовитых веществ, изолиремых методом экстракции. – Алматы,2002.

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия. – Киев: Высшая школа, 1989.

5. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия. – М.: Медицина,1975.

6. Белова А.В. Руководство к практическим занятиям по токсикологической химии.- М.:

Медицина, 1976.

7. Еремин С.К., Изотов Б.Н., Веселовская Н.В. Анализ наркотических средств, - М.: Мысль,

1993.

6. Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. «Есірткі зат» терминінің құрамына қандай үш критерий кіреді және неге?

2. «Наркомания» және «токсикомания» терминінің мағынасы қандай?

3. Қандай дәрілік тәуелділік типтерін білесіз және мағынасын түсіндіріңіз?

4. Наркологиялық қызметті ұйымдастыру. Наркологиялық диспансердің құрылысы мен есебі.

5. Біріншілік көрсету кезіндегі амбулаторлық науқасқа толтырылатын құжаттама.

6. Химико-токсикологиялық анализді жүргізу үшін қандай негізгі құжаттар қажет?

7. Химик-токсикологтың жұмыс журналында қандай мәліметтер қолданылады?

8. Химико-токсикологиялық зерттеуді тіркеу журналын толтыру ережесі.

9. ХТЗ «Актін»беру және қол қою ережесі.

1. Тақырып 2. Есірткі заттарды зерттеу объектілері. Сынамаларды дайындау. ХТА ерекшеліктері. Анализ әдістерін таңдау. Таңдау жолдарындағы комплексті әдістер.

2. Мақсаты:Студенттерді таңдау ережелерімен, есірткі заттарды зерттеудің биологиялық сынамалары мен анализдерін дайындау, анализ жолдарын таңдаудағы комплексті әдістермен таныстыру. Студент іс жүзінде біліп, қолдана алу керек.

3. Дәріс тезистері

Химико-токсикологиялық анализде токсикоманияны шақыратын есірткі және токсикалық заттардың биологиялық объектілері болып келесі биосұйықтықтар табылады: зәр, қан (плазма, сарысу), сілекей және жуындылар. Қан құрамынан алкоголь, барбитураттарды, 1,4 – бензодиазепин туындыларын, метаквалонды, мепробаматты, ал зәрде – фенотвазиндерді, трициклды антидепрессанттарды, опий алкалоидтарын, амфетаминдерді және басқа қосылыстарды, жуындыларда – гашиш компонентерін анықтайды.

Кез келген анализді жүргізген кезде қателіктер көзі болып келесілер табылады: 1) сынаманы таңдау; 2) сақтау әдістері; 3) үлгіні дайындау; 4) эксперимент техникасы; 5) химик- токсикологты алдын ала ескерту.

Сынаманы таңдау ережелері және қауіпсіздік шарарлары.Анализ нәтижелеріне әртүрлі факторлар, таңдамалар және сынамалар әсер етеді. Әрбір тексерілетін науқастың жасы, жынысы, дәрі- дәрмектерді қолдану түрлері, алкоголь, кофе, шай, темекі шегуі де әсер етеді. Бұл факторлар тек фонды қосылыстарға емес, сонымен қатар анализденетін заттардың метаболизм жылдамдығына және ағзадағы биологиялық сұйықтықтардың концентрациясына әсер етеді.

Биологиялық сынамаларды тасымалдау және сақтаудағы қауіпсіздік шаралары мен жалпы ережелері.Жоғарыда көрсетілгендей, биологиялық үлгілер энзиматикалық белсенділікті баяулату үшін тоңазытқышта сақтау керек, ал қан мен сілекейді мұздатқыш камерада сақтайды.

Барлық зерттеу жүргізілетін таңдалған сынамаларда аты – жөні, тегі, тексерілетін науқастың жасы, таңдалған сынама уақыты, алдын ала диагноз, таңдама тәсілі және сынама номері, заттың аталуы көрсетіледі.

Комплексті әдістер көмегімен анализденетін заттар құрылымы туралы толық мәліметті алу принципі аналитикалық әдістердің классификациясын негіздейді және келесі США, Великобритания, Япония, Гер­мания және басқа мемлекеттердің жүргізуші эксперттермен, сонымен қатар БҰҰ эксперттермен ұсынылады.

4. Иллюстративті материал

Кесте 1.

Жиі қолданылатын есірткі және психотропты заттардың және зәрдегі кейбір метаболиттердің көрсету уақыты

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Кесте 2.

Есірткі заттарды анықтайтын әдістердің халықаралық классификациясы

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Сурет 1. Тері, шаш, және тырнақ үлгілерінен есірткі заттарды анықтау схемасы.

Дебиеттер

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Байзолданов Т. Токсикологическая химия ядовитых веществ, изолиремых методом экстракции. – Алматы,2002.

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия. – Киев: Высшая школа, 1989.

5. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия. – М.: Медицина,1975.

6. Белова А.В. Руководство к практическим занятиям по токсикологической химии.- М.:

Медицина, 1976.

7. Еремин С.К., Изотов Б.Н., Веселовская Н.В. Анализ наркотических средств, - М.: Мысль,

1993.

6. Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Есірткі заттарды анықтайтын зерттеудің негізгі биологиялық объектілерін атаңыз.

2. ХТА жүргізу кезіндегі мүмкін болатын қателіктер көзін атаңыз..

3. ХТЗ кезіндегі сынамаларды таңдаудың қауіпсіздік шаралары мен ережелерін сақтау не үшін қажет?

4. Зәр, қан, сілекейді таңдау ережелері қандай?

5. Есірткі заттарды қолданғанда зерттелетін шаш пен тырнақтың артықшылықтары.

6. Есірткі заттарды анықтайтын әдістердің халықаралық классификациясы қандай?

7.Зертханаға түскен барлық сынамаларға қай есірткі топтарына және қандай әдістер көмегімен міндетті зерттеу жүргізіледі?

8. Есірткі заттарға зерттеу жүргізу кезіндегі қан мен зәрдің кемшіліктері.

9. Биологиялық емес объектілерден есірткі заттарды анықтау анализінің ерекшеліктері қандай?

1. Тақырып 3. Есірткі топтарының жеке бағытталған анализі (опиаттар, каннабиноидтар, фенилалкиламиндер, ЛСД). Фармакокинетика, метаболизм. Әртүрлі зерттеу объектілерінде дәлелдеу.

2. Мақсаты:Студентті опиаттардың, каннабиноидтардың, фенилалкиламиндердің, ЛСД бағытталған анлизімен таныстыру және студент іс жүзінде біліп, қолдана алу керек.

3. Дәріс тезистері

Опий — мактың басын кесу арқылы алынатын табиғи өнім. Кесілген жерден аққан шырынын жинап кептіреді. Осыдан опий шырыны немесе шикі опий алынады. Мак шөптерінен концентрлі экстракт және алкалоидтар алуға қолданылады.

Опиаттар — морфиннің химиялық құрылысына ұқсас заттар. Опиоидтар — химиялық құрылысы басқа, бірақ адамға морфинтәрізді әсер көрсететін заттар (бірдей рецепторларға әсер етеді).

Опиаттардың көрсетілген классификациясына сәйкес заңсыз айналымда жиі таралатын морфин, кодеин есірткі заттары жатады, сонымен қатар олрдың жартылай синтетикалық аналогы – героин (диацетилморфин — ДАМ) және оның негізгі метаболиті 6-моноацетилморфин (6-МАМ).

Марихуана — құрамында белсенді заттары 13-15% болатын, өсімдіктің жоғарғы бөлігі, жапырақтары мен гүлдерінің ұсақталған және кептірілген бөліктері.

Гашиш — белгілі бір вегетация периоды кезінде каннабистен бөлінетін жасыл, күңгірт–қоңыр немесе қара түсті шайыр. Негізгі психобелсенді заты — тетрагидроканнабиол — 2% жуық, кейде 9—10% дейін жетуі мүмкін.

Гашиш майы — өсімдік материалының немесе құрамында 10-нан 60% дейін кездесетін психобелсенді заты бар каннабис шайырының концентрлі сұр-қара сұйық және тұтқыр экстракты.

Бұл заттардың биологиялық белсенділігі этанолда немесе күнжут майында ұзақ уақыт сақталынады, бірақ жарықта немесе оттегі кездесетін жерде сақтау негізгі белсенді компонентінің деградациясы нәтижесінде уақыт өте төмендейді.

Темекі шегу кезінде каннабиноидтар бірнеше минут ішінде сіңіріледі. Қанда КБ және Д9-ТГК 5-30 минуттан кейін максимумға жетеді. Белсенді метаболизміне және тіндерде таралуына байланысты қандағы концентрациясы төмендейді. (бауырда және басқа тіндерде депонирленуі).

Каннабиноидтарды ішке қабылдағанда сіңірілуі баяу, 1,5—3сағ. кейін қандағы концентрациясы максимумға жетеді.

Амфетамин(фенил-изопропиламин) циклді 3,4-метилендиоксиауыстырғышты енгізу арқылы алынатын есірткі затының жаңа химиялық классы.

4. Иллюстративті материал

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Иллюстрациялы материалдар. 4 страница - student2.ru

Дебиеттер

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Байзолданов Т. Токсикологическая химия ядовитых веществ, изолиремых методом экстракции. – Алматы,2002.

4. Еремин С.К., Изотов Б.Н., Веселовская Н.В. Анализ наркотических средств, - М.: Мысль,

1993.

6. Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Опий және оның химиялық құрамы.

2. Морфин мен героиннің токсикокинетикасы және биотрансформациясы.

3. Опиаттарға бағытталған анализ.

4. Марихуана, гашиш, гашиш майы.

5. Каннабиноидтардың токсикокинетикасы және биотрансформациясы.

6. Каннабиноидтарға бағытталған анализ.

7. Амфетаминдердің фармакологиясы және токсикологиясы.

8. Фенилалкиламиндердің токсикокинетикасы және биотрансформациясы.

9. Фенилалкиламиндерге бағытталған анализ.

Несие № 6

Тақырып 1-2. Органикалық еріткіштермен экстракциялау арқылы оқшауланатын улы заттар тобы. Пестицидтер. Топтың жалпы спатамасы. Классификациясы. Улылығы. Организмде жүру жолдары. ХТТ әдістері. Улану клиникасы. Клиникалық диагностикасы. Организмді детоксикациалау әдістері.

Наши рекомендации