Сыртқы және ішкі сәулелену
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана ғана сақтай алады.
Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұнығ қызуы миллион градустан бірнеше мыңға дейін болады.
Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді. Және тарауы да лезде болады.
Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.
Сәуленің мөлшері – калориямен анықталады.
Жарық импулсі – 1 кал/см.
Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.
Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:
1-ші дәрежелі – 4 кал/см;
2-ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;
3-ші дәрежелі – 7,5-12 кал/см (тері сыдырылады);
4-ші дәрежелі – 12 кал/см-ден жоғары (терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі).
Жарықты сәулененуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.
Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.
Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см ауада, 00С – температурада қысымы сынап бағансымен 760 мм болғанда – 2,08 млд. пар иондардың болу деңгейі.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.
Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды (еш зиянсыз).
Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды – радиоактивті заттар жерге түседі.
Оның 3 зонасы: 1) қауіпті зонасы;
2) күшті ластанған зонасы;
3) аздау ластанған зонасы.
Ластау (ластану) мөлшеріне байланысты:
- жарылыс түрінен (бомбаның);
- оның күшінен (неше мегатонна);
- жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
- эпицентрдің қашықтығынан;
- жарылыс кезіндегі ауа райынан;
- жер бетінің рельефінен (таулы, жазық далы т.с.).
Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы, 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді -100 % деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады (демалғанда, тамақпен, сумен). Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.
Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.
Өткір радиациямен немесе радиоактивті заттардың белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар сәуле ауруына ұшырайды.
Бұл ауру адам 4 тәулік ішінде 100 р-н, не одан да астам сәулені алғанда ғана пайда болады. Аурудың ауырлығы өткен сәуле шамасына, адамның оған дейінгі денсаулық дәрежесіне байланысты. Денеге өткен сәулелердің шамасына қарап сәуле ауруын 4 дәрежеге бөледі: 1 дәрежелі – 100-200 р-ге дейін сәуле;
2 дәрежелі – 200-300 р-ге дейін сәуле;
3 дәрежелі – 300-500 р-ге дейін сәуле;
4 дәрежелі – 500 р-геннен жоғары, өте қатаң түрі.
Сәуле ауруының әр дәрежесі 4 кезеңнен өтеді:
- сәуленің өткенін алғашқы сезінуі;
- ауруының жасырын кезеңі;
- ауруының өз мәнінде көрінуі (разгар);
- ауруының аяқталуы, жазылып кетуі не қайтыс болуы.
Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіндігі:
1-ші дәрежесі – жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейінжүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстырып сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады. Бұл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жұмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қанында өзгеріс байқалады. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.
2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады.
Дене қызуы 37,2-37,50С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түріне көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.
3-ші дәрежесі ауыр болып келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше құсып, қызуы 380С-қа дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бұзылады. Аз уақытқа есінен айрылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39-400С-қа жетеді. Мұндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады.
4-ші дәрежесі – өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минутт-ақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 390С-қа көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.