Организмнің буферлік жүйелері.
Организмнің қалыпты жұмыс жасауы үшін оның ішкі ортасының тұрақтылығының маңызы зор. Ғылыми тілмен айтқанда оны - гомеостаз деп атайды. Ағзаның физиологиялық функцияларының бекемдігін, тұрақтылығын көрсететін, оның ішкі құрылысының құрамы мен қасиеттерінің салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы гомеостаз деп аталады.
Гомеостаздың негізгі көрсеткіштерінің бірі - сутегі ( Н+) және гидроксил (ОН-) иондарының қатынасымен анықталатын химиялық ортаның реакциясы болып табылады. Ол қалыпты жағдайда қанда әлсіз сілтілік ( рН= 7.4) орта болады, ал оның сәл ғана қышқылдық жаққа ығысуы барлық жүйенің қайтымсыз өзгерісіне ұшыратуы мүмкін. Сондада болса, ұлпалардан үнемі зат алмасу процесінің нәтижесінде түзілетін өнімдер, әсіресе СО2 қанға түсіп отырады. Шетел ғалымдары: З.Андерсон және П. Аструптың зерттеулері бойынша 3 секунд ішінде организмде өмір сүруге сәйкес келметін қышқыл мөлшері көбейіп кетуі мүмкін. Соған қарамастан қанның рН өзгермейді.
Өйткені организмде биологиялық сұйықтықтардың ортасын, яғни қышқылдылығын тұрақты ұстап тұратын процестер жүреді. Олардың тұрақтылығы буферлік жүйелердің әсер ету механизмімен тікелей байланысты.
Бикарбонаттық буферлік жүйе қан плазмасының негізгі жүйесі болып есептеледі.Бұл жүйе әлсіз көмір қышқылынан (К=3,3 10-7) және натрий бикарбонатынан тұрады. Олардың молекулалары қанның плазмасынында болады. Н2СО3 әлсіз қышқыл, сондықтан нашар диссоциациаланады, яғни бос күйінде ортаның қышқылдылығын анықтайтын Н+ ионын өзінен бөліп жібермейді.
Н2СО3 Н2СО3 - протонның доноры
NaHCO3 HCO3- - протонның акцепторы
Қышқыл заттар көп мөлшерде қанға бөлінгенде, сутегі иондары гидрокарбонат ионымен әрекеттесіп, Na+ және Н+ иондары алмасып, әлсіз көмір қышқылын түзеді:
Н+ + НСО3- = Н2СО3
Көмір қышқылының артық мөлшері карбоангидраза (КА) ферментінің әсерінен ыдырайды :
Н2СО3 КА СО2 + Н2О ( t= 37oC)
CO2 гипервентилляция нәтижесінде өкпе арқылы сыртқа шығады.
Егер, қандағы ОН- -иондардың концентрациясы жоғарыласа, олар әлсіз көмір қышқылымен әрекеттеседі:
ОН- + Н2СО3 = НСО3- + Н2О
Оксигемоглобин - гемоглобин жүйесі қанның буферлік сыйымдылығының 75%-ін құрайды, ол гемоглобин ионы (Нb-) мен гемоглобиннің (ННb) арасындағы тепе-теңдікпен сипатталады.
HHb -донор Hb -акцептор
Hb- + H+ = HHb
HHb + OH- = Hb- + H2O
Сол сиякты бұл жүйе оксигемоглобин -ионы (НbО2-) мен оксигемоглобиннің (ННbО2) арасындағы байланыс мына теңдеумен көрсетіледі:
ННbО2 -протонның доноры
HbО2- -протонның акцепторы
HbО2- + Н+ = ННbО2
ННbО2 + ОН- = HbО2- + H2O
Екі тепе-теңдіктің арасындағы байланыс мыны теңдеумен көрсетіледі :
HHb + О2 = ННbО2
Фосфаттық буферлік жүйе клеткаішілік және тканьдік негізгі жүйе болып есептеледі.Бүйректе жүретін физиологиялық процестерде маңызды роль атқарады.Бұл жүйе 2 тұздан тұрады :
NaH2РО4 (Н2РО4- -протонның доноры)
Na2HРО4 (НРО42- -протонның акцепторы)
Н2РО4- = Н+ + НРО42-
рН = 7,4 болғанда,
=
Тканьдік метаболизмнің қышқыл туындалары гидрофосфатпен нейтралданады : НРО42- + Н+ = Н2РО4-
Сілтілік туындылар дигидрофосфатпен әрекеттеседі :
ОН- + Н2РО4- = НРО42- + Н2О
Түзілген өнімдер бүйректе жиналып, несеппен сыртқа шығады.