VI1 А топша элементтері. Фтор, хлор, оның қосылыстары, химиялық қасиеттері, қолданылуы.
VIIА топша элементтерінетұзтүзгіш, яғни галогендер деген атау тағылған.
Фтор (Fluorum), F — элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, ат. н. 9, ат. м. 18,998; галогендер тобына жатады.
Оның маңызды қосылыстарына: флюорит (балқытқыш шпат)-CaF2, криолит(мұзтас)-Na3AlF6, топаз, фторапатит -3Ca3(PO4)2*CaF2 жатады. Фтордың маңызды қосылысы фторсутек, судағы ерітіндісі фторсутек қышқылы деп аталады.
Химиялық қасиеттері
Фтор тікелей гелий, неон және аргонмен әрекеттеспейді. Ксенонмен фторидтер түзеді:
Xe+F2=XeF2
Xe+2F2=XeF4
Фтор өз топшасында тұрған галогендермен әрекеттесіп фторидтер түзеді:
F2+Cl2=2ClF
ClF+F2=ClF3
ClF3+F2=ClF5
Br2+F2=2BrF
Br2+3F2=2BrF3
I2+F2=2IF
I2+5F2=2IF5
I2+7F2=2IF7
Бром фториді тұрақсыз, жеңіл диспропорциялануға қшырайды:
3BrF=BrF3+Br2
Металдармен әрекеттесіп фторидтер түзеді.
Ғ2 + 2Li= 2LiF литий фториді
Ғ2 + Cu = CuF2 мыс (II) фториді
Бұл реакциялар осы заттардың (Li, Cu) оттегімен және хлормен жүретін реакцияларына қарағанда шабыттырақ өтеді.
Фтор сутегімен тіпті караңғыда да шабытты әрекеттеседі.
F2 + Н2 = 2НF фторлы сутек
Фтор оттекпен төмен температурада электрлік ұшқын разряды әсерінен әрекеттесіп эндотермиялық оксофторидтер түзеді:
O2+2F2=2OF2 ΔrH=+16,7кДж/моль
OF2 – ашық сары түсті, өткір иісті улы газ.
Фтор күкірт, фосфор, көміртек, кремниймен төмен температураның өзінде ақ әрекеттесе алады, ал 20-300°С аралығында тұтанып жанады:
S+3F2=SF6
2P+5F2=2PF5
C+2F2=CF4
Si+2F2=SiF4
2B+3F3=2BF3
Қолданылуы
Фтор медициналық түрлі препараттар, фтороорганикалық қосылыстар алуда кең қолданылады.
Фтор қосылыстары натрий фторацетаты, монофторсірке қышқылы ауыл шаруашылық зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылады.
Фтор және фтор қосылыстары реактивті двигательдерде отын ретінде қолданылады.
Металдармен түзілген фторидтер қиын балқитын заттардың монокристалдарын алуда, металл өңдеуде флюс ретінде, жылу тасымалдағыш заттар ретінде кең қолданылады.
Балқытқыш қышқыл шыны заттардың бетіне өрнек салу үшін пайдаланылады.
Хлор(лат. Clorum), Cl – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 17, атомдық массасы 35,45; галогендер тобына жатады.
Қосылыстары
Хлор табиғатта активті элемент болғандықтан тек қосылыстар күйінде кездеседі. Негізінен сілтілік және сілтілік-жер (II) металдарының хлоридтері күйінде; олар карналлит KC1*MgCl2*6Н2О, сильвинит NaCl*KCl, сильвин KCl, бишофит MgCl2*6Н2О, галит ас тұзы NaCl, мүйізді күміс AgCl.
Химиялық қасиеттері
Хлор бос күйінде едәуір белсенді зат, алайда оның белсенділігі фторға қарағанда төмен. Хлор оттегі, азот және бекзат газдардан басқа жай заттардың барлығымен дерлік әрекеттеседі, ол үшін жылу немесе жарықтандыру қажет.
Сутекпен жарық әсерінен қопарылыс жасай әрекеттеседі:
Н2 + С12 = 2HC1
Хлор күшті тотықтырғыш, тек фторға, оттекке қатысты ғана тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді:
С12 +F2 = 2C1F
F2 +2e =2F- | 1
Cl2 – 2e = 2Cl+ | 2
С12 +Br2 = 2BrC1
Br2 - 2e =2Br+ | 1
Cl2 + 2e = 2Cl- | 1
Барлық металдар хлормен әрекеттесіп, хлоридтер түзеді:
Хлор күрделі заттармен де әрекеттеседі.
Хлордың суда еруі барысында хлор суы төмендегі құрамда түзіледі:
Хлор сілті ерітінділері бойында диспропорциялануға ұшырайды және түзілген ерітінді шавель суы деп аталады:
Хлор өзінен активтілігі төмен бром, йодты олардың қосылыстарынан ығыстырып шығарады:
Органикалық заттармен:
Скипидар хлор атмосферасында күйелеш жалынмен жанады:
C10H16 + 8Cl2 = 16HCl + 10C
Қолданылуы
Хлорды ауыз суды хлорлауға, мата, қағаз ағартуда, тұз қышқылы мен органикалық синтезде, хлоры бар қосылыстар даярлауда, т.б. қолданылады.