Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығын атом-молекулалық ілім деп атайды.

І-нұсқа.

1. Бейметалдық қасиеті анық байқалатын элемент:

A) Sі. B) Pb. C) Ge. D) Sn. E) C.

2. Элементтердің периодты өзгеретін қасиеті:

A) атомдағы структуралық бөлшектер саны.

B) элементтердің атомдық массасы. C) атом ядросының заряды.

D) сыртқы энергетикалық деңгейлердегі электрондар саны.

E) атомдағы протондар саны.

3. Біріншіден соңғысына қарай металдық қасиеттері күшейетін элементтер қатары.

A) C, N, B, F. B) Br, Ca, Mg, Be. C) Sі, Na, K, Rb. D) Na, Mg, Al, Sі. E) Al, Sі, P, Mg.

4. Период бойынша рет нөмірі артқан сайын атом радиусы

A) әуелі артады, содан соң кемиді B) кемиді C) өзгермейді

D) артады E) әуелі кемиді, содан соң артады

ІІ-нұсқа.

1. Топтарда рет нөмірі артқан сайын атом радиусы

A) өзгермейді B) әуелі кемиді, содан соң артады

C) кемиді D) әуелі артады, содан соң кемиді E) артады

2. 4-периодта 6-топтың қосымша топшасында орналасқан элементтің рет нөмірі

A) 32 B) 24 C) 72 D) 22 E) 34

3. Периодта элементтің реттік нөмірі өскен сайын қасиеті және сипаттамасының өзгеруі:

A) Металдық қасиеті артады. B) Ядро заряды тұрақты боп келеді.

C) Ядро заряды кемиді. D) Ядро заряды артады.

E) Электрон қабатының саны артады.

4. Реттік нөмірі артқан сайын негізгі топша элементтерінің қасиеті мен сипаттамасының өзгеруі:

A) Металдық қасиеттері артады.

B) Сыртқы қабаттағы электрондардың ядроға тартылуы нашарламайды.

C) Электрон қабатының саны өзгермейді.

D) Бейметалдардық қасиеттері артады.

E) Ядро заряды тұрақты болып қалады.

Сұрақ жауап

1. Таза заттар дегеніміз не? Бірғана заттың бөлшектерінен тұратын заттар.

2. Қоспалар дегеніміз не? Екі немесе одан да көп заттардан тұратын заттар.

3. Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты нешеге бөлінеді? 2-ге біртекті және әртекті.

4. Таза заттар мен қоспаларды ажыратыңдар: ауа, су буы, бензин, мыс, құм, ас тұзы, темір шеге.

5. Біртекті және әртекті қоспаларды ажыратыңдар: шәй, сүт, қола, кірпіш, тас, бал.

ІІІ. Жаңа сабақ:

- Атом дегеніміз не?

- Сонымен атом дегеніміз - химиялық жолмен «бөлінбейтін» затттың ең ұсақ бөлшегі.

- Молекула дегеніміз не?

- Молекула дегеніміз - заттың қасиеттерін бойына жинаған оның ең кіші бөлшегі.

Мысалы екі оқушы дос болса ол молекула, жалғыз жүретін оқушы болса ол атом.

Барлық заттар өте кіші бөлшектерден құралады деген болжам ертеде, 2000 жылдан бұрын пайда болған. Бірақ тек 19—20 ғасырлар шегінде, бұл қандай бөлшектер және олар қандай қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мысалы, ең кіші бөлшегі — судың молекуласы, ал қанттың ең кіші бөлшегі — қанттың молекуласы және т.б. Молекулалардың өлшемдері қандай? Мынадай салыстыруды келтірейік: орташа алма жер шарынан қанша есе кіші болса, молекула алмадан сонша есе кіші. Егер барлық денелердің өлшемі миллион есе өссе, онда молекуланың өлшемі осы оқулықтағы нүктенің жартысына теңелер еді. Қарусыз көзбен молекуланы көру мүмкін емес. Молекулалардың кішілігі сонша, олардың 1000 есе үлкейтетін микроскоппен де көруге болмайды.Биологтарға өлшемдері 0,001 мм микроорганизмдер (мысалы, бактериалар) белгілі. Молекулалар олардан жүздеген, мыңдаған есе кіші.

Бұдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген грек философы Демокрит: барлық денелер өте ұсақ, көзге көрінбейтін әрі бөлінбейтін, мәңгі қозғалыста болатын бөлшектер – атомдардан тұрады деген болжам айтқан болатын.

Айырмашылығы: атом ең кішісі, молекула атомнан үлкені; Атомда белгілі бір қасиеттер болмайды, ал молекулада заттың химиялық, физикалық қасиеттері жиналады;

Атомдармен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады.

Жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері.

Италияндық ғалым А.Авогадро төмендегідей болжам айтты: « .... заттың ең кішкентай бөлшегі атом, бірақ ғаз тәрізді заттардың ең кішкентай бөлшегі атомдар емес молекулалар болып табылады». Бұл идеяны оның отандасы С. Канницаро да қолдаған. 1858 ж ол «Химиялық философияның конспектілері» деген кітап жазып, оны Еуропа ғалымдарының арасында таратты. С. Канниццаро бұл кітабында «атом» және «молекула» ұғымдарына анықтама беріп, олардың атомдық массаларын анықтау жолдарын ұсынды.

Әр элементтің атомы — сол элементтің физикалық- химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. Бір ғажабы: әлемдегі сан жетпейтін неше түрлі денелер мен заттардың барлығы да 118 химиялың элементтің атомдарынан тұрады. Денелер мен заттар осындай санаулы ғана элементтердің атомдарының бір-бірімен байланысы арқасында түзілген. Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан молекула түзіледі. Мысалы, су молекуласы үш атомнан: сутегінің екі атомынан және оттегінің бір атомынан құралған.

Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығын атом-молекулалық ілім деп атайды. - student2.ru

Заттар молекулалардан тұрады. Әр заттың молекулалары бір-біріне ұқсамайды. Сондыктан олардың құрылымдары да, қасиеттері де түрлі-түрлі болады. Әлемдегі заттардың 99 пайызы ең жеңіл екі элементтен: сутегі мен гелийден тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, ғарыш денелеріндегі 10 000 сутегі атомына гелийдің 500 атомы, ал қалған 90 элементтен бір ғана атом келеді.

Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығын атом-молекулалық ілім деп атайды.

Атом-молекулалық ілімнің негізін қалаған және ең алғаш химияда пайдаланған орыстың ұлы оқымыстысы М.В.Ломоносов(1741ж).

Ол табиғаттағы барлық денелер корпускулалардан(молекулалардан) тұратынын, ал корпускулалар құрамына элементтер(атомдар) кіретінін дәлелдеп берді.

Химияда атомистикалық ілімді Ломоносовтан соң 67 жылдан кейін ағылшын оқымыстысы Джон Дальтон жалғастырды.Aтом мен молекула түсініктеріне нақты анықтама беріліп, атом-молекулалык ілімнің негізі 1860 жылы қаланған. Германияның Карлсруэ қаласында химиктердің халықаралық съезінде осы ілім қабылданды.

Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары былай тұжырымдалады:

1) Барлық заттар атомдар мен молекулалардан құралады;

2) Заттарды шексіз бөле беруге болмайды, оларды молекулаларға немесе атомдарға дейін бөлуге болады;

3) Атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болады;

4) Бір элементтің атомдары өзара бірдей, бірақ кез келген басқа элементтің атомдарынан айырмашылығы болады;

5) Молекулалар атомдардан құралады. Молекулалар химиялық құбылыс кезінде өзгеріске ұшырап бұзылады;

6) Физикалық құбылыстар кезінде атомдар мен молекулалар өзгермей сақталады;

7) Бастапқы заттарды құрайтын атомдардан жаңа заттардың түзілуі химиялық реакция деп аталады.

Химиялық құбылыстарды атом-молекулалық ілім тұрғысынан қарастырып, химиялық теңдеу түрінде өрнектегеннен бастап химия нақты ғылымдардың біріне айналады.

IV. Пысықтау:

1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?

3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?

4. Молекула дегеніміз не?

5. Заттардың молекулалары бірдей ме?

6. Атом-молекулалық ілім дегеніміз не?

7. Атом-молекулалық ілімнің қағидаларын атаңдар?

V . Тест тапсырмалары:

1. Молекула – заттың

A) қасиетін,құрамын сақтайтын ұсақ бөлшектері.

Б) құрамын,түсін сақтайтын ұсақ бөлшектері.

C) көлемін сақтайтын кішкене бөлшегі.

2. Атомдар дегеніміз заттың

A) еріткенде бөлінбейтін

Б) физикалық бөлінбейтін

С) химиялық бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектері.

3. Атомды құрайтын бөлшек

А)ядро

Б)молекула

С)электрон, протон, нейтрон

4. Су молекуласы құрамы неше атомнан тұрады

А) үш атомнан

Б)екі атомнан

С)бір атомнан

5. Денелер неден құралады?

А)заттан

Б)молекуладан

С)атомнан

6. Атом-молекулалық ілімді дамытып және тұңғыш рет оны химияға қолданған орыс ғалымы

А)Д. В. Менделеев

Б)М. В. Ломоносов

С)Д. Дальто

VI. Есеп шығару.

1. 7 г темір күкіртпен әрекеттескенде түзілген темір(ІІ) сульфидінің массасы (г)

Шешуі: Ғе + S →ҒеS

М(Ғе) = 56 г/моль

М(ҒеS) = 88 г/моль

7 г Ғе ----- х г ҒеS

56 г Ғе ---- 88 г ҒеS

х=(7 г∙88 г)/(56 г)=11 г

2. 27 г алюминий күкіртпен әрекеттескенде түзілген алюминий сульфидінің массасы (г) және зат мөлшері (моль)

Шешуі: 2АІ + 3S → АІ2S3

М(АІ) = 54 г/моль

М(АІ2S3) = 118 г/моль

27 г АІ ----- х г АІ2S3

54 г АІ ---- 118 г АІ2S3

х=(27 г∙118 г)/(54 г)=75 г

ν=(75 г)/(150 г/моль)=0,5 моль

3. 4 г натрий гидроксиді тұз қышқылы мен әрекеттескенде түзілген тұздың зат мөлшері (моль)

Шешуі: NaOН + НСI → NaСІ + Н2О

М(NaOН) = 40 г/моль

(NaСІ) = 1 моль

4 г NaСІ ----- х моль NaСІ

40 г NaОН ---- 1 моль NaСІ

х=(4 г∙1 моль)/(40 г)=0,1 моль

VII. Қорытынды:

Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша «Атом» және «молекула» сөздерін қажетті септікте пайдаланып төмендегі

сөйлемдерді аяқтаңдар тапсырмасын беремін

А) Су...құрамына оттек және сутек...кіреді.

Б) Ауаның құрамында азот және оттек...бар.

В) Хлордың...массасы, оның ...массасынан екі есе ауыр

Г) Адам және жануарлар тыныс алғанда оттек...пайдаланылады.

Д) Қатты қыздырғанда су...сутек пен оттек...ыдырайды.

Наши рекомендации