КСРО жеріндегі Поляк әскері

бөлімдерінің нақты жеке құрамы*

1.11.1941

Бөлімдер   Офицерлер саны Унтер офицерлер Қатардағы жауынгерлер Барлығы
Қолбасшылық және әскердің штабы        
Бузулукте орналасқан әскерге жинау пункті        
Тоцк запас орталығы
Котлубанка лагері
5 – ші жаяу әскер дивизиясы        
6 – шы жаяу әскер дивизиясы        
Барлығы

Сонымен қатар 2406 поляк азаматы уақытша жұмыстарда пайдаланылды[31]. Алдағы уақытта кұрылып болған бөлімдердегі кіші кұрамдағы қолбасшылардың сапасын тексеру жұмыстары жүргізіліп, қару-жарақ алғаннан кейін жауынгерлерді толық әскери дайындықтан өткізу ісі көзделген еді. 1941 жылдың 12-қыркүйегінде В. Андерс Кеңес Одағы Қарулы күштерінің Жоғарғы Қолбасшылығына жазған хатында Поляк әскеріне шақырумен келген жауынгерлерден басқа өз еркімен келіп қосылып жатқандардың да қатары көбейіп жатқанын хабарлап, өз еркімен келіп жатқандарға Кеңес Одағы тарапынан жағдай жасалуын сұрады, сонымен қатар Поляк әскеріне кіруге тілек білдірушілердің саны көбеюіне орай тағы жаңа дивизия кұруға келісім беруді өтінді. Андерс Англиядан 50 000 адамға қажетті киім-кешек жіберілгенін хабарлай отырып, әскерді қаруландыру ісі туралы Польша Әскери Бас қолбасшылығы АҚШ және Англиямен арнайы келісім жүргізіп жатқандығын да ескертті. Сондықтан әскерді қаруландыру ісі қазірше жүргізілмейді, сонда да ұйымдастырылып жатқан поляк әскеріне күніне 2 – 3 сағат әскери дайындық жүргізіп, басқа уақытта Кеңес үкіметі тапсырмасымен жұмыс істеуі туралы ұсынысын да білдірген [32].

Алайда кеңес жағы Поляк әскері құрамын көбейтетін жаңа бөлімдер құру туралы жоспарламаған болатын. Өйткені көп санды армияны киім-кешек, азық – түлікпен қамтамасыз ету, олардың барлығын әскери бөлімшелерге орналастыру, әскери штабтар құру, жоғары шенді офицерлерге пәтер бөлу және жасақталып жатқан поляк әскери бөлімшелерін қару-жарақпен қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелерді шешу қажет еді. Осы жағдайларды ескере келіп, 3 – қарашада КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті « КСРО жеріндегі поляк әскері туралы » қаулы қабылдады. Қаулы бойынша, Поляк әскерінің кұрамы 30 мың адамнан тұрады, олардан әрқайсысы 11 мың адамдық екі жаяу әскер дивизиясы, 5 мың адамдық қордағы (запас) полк, 2 мың адамдық офицерлер мектебі жасақталады, бір мың адам әскердің штабына және штабтық мекемелеріне беріледі. Поляк әскерін азық – түлікпен қамтамасыз ету, санитарлық қызмет көрсету шаралары Қызыл Армияның тылдағы бөлімдерінің алатын мөлшерімен бірдей болып белгіленді. КСРО үкіметі поляк әскерлерінің шығындарына жұмсалатын қаржы ретінде Польша Республикасына 65 млн. сом өсімсіз қарыз беретін болды. Құрылысқа жұмсалатын 5 млн. соммен бұрынырақта Андерс әскерінің мұқтаждарына бөлінген 5 млн. сом осы аталған қаржының құрамына кіреді. Бұл қарызды Польша Республикасы соғыстан кейін 10 жыл бойына алтынмен, американ долларымен немесе тауарлармен төлейді. 6 – қарашада Кеңес Жоғарғы Қолбасшылығының поляк әскерін құру ісімен айналысатын өкілі генерал А.П. Павлов генерал Андерсті осы қаулымен таныстыра отырып, Поляк әскері құрылатын жерлерге жиналған поляк азаматтарының қаулыда белгіленген 30 мыңнан артық бөлігі басқа жерлерге тұрақты орналасуға жіберілсін деп хабарлады [33]. Мұның өзі лагерьлер мен арнаулы қоныстардан қиналып, жүдеп-жадап келген поляктардың тағы да басқа жерлерге орналасып, бұрынғыдай тапшылық көріп, бейшаралық өмірін жалғастыру болар еді.

Қаулының негізінде кеңес үкіметінен КСРО жеріндегі поляк әскеріне бөлінген ақшалай несие мелшері мынадай болды: азық – түлік пен жем – шөпке – 9172,8 сом, киім – кешек пен мүліктерге – 13 205,1 сом, қару-жараққа – 12 593 сом, байланыс мүліктеріне – 446,5 сом, автокөліктерге – 54,6 сом, мініс аттарына – 1974 сом, шаруашылық заттарына – 2153,6 сом, дәрі-дәрмекке – 1015,6 сом, әскери-химиялық мүліктерге – 602,6 сом, инженерлік – химиялық заттарға – 625,6 сом, ветеринарлық жабдыққа – 24,2 сом, әскери оқу құралдарына – 33,6 сом бөлінді, тасымалдау көлік шығындары – 773 сомды құрады.Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына тағы 20 млн. сом керек болды. Осылайша 1941 жылғы кеткен шығын көлемі 69 млн. сомға жетті.

Поляк әскеріне кіруге тілек білдірген поляктардың саны барған сайын көбейе берді. Лагерьлер мен арнаулы қоныстарда қиындықпен өмір сүріп, шаршағандығына, күзгі-қысқы ауа – райының қолайсыздығына қарамай ақтауға жатқандардың көп мөлшері өздерін КСРО жерінде жасақталатын поляк бөлімшелерінің құрамына шақырту туралы өтініштерін Мәскеудегі Польша Әскери миссиясының басшысы 3. Бохуш-Шишкоға жолдады. Мәселен, шалғайда жатқан Коми автономиялық кеңестік социалистік республикасынан Поляк әскеріне баруға ниеттенген 9 000 адамның өтініштері қабылданып, оның 7 000 адам әскер жасақталып жатқан бөлімшелерге жөнелтілді. Мұндай шаралар Кеңес Одағының поляк азаматтары қоныстанған барлық жерінде дерлік жүргізіліп жатты.

Орта Азия Әскери округының штабы Қазақстанның барлық облыстарының әскери комиссариаттарына Поляк әскеріне кіруге ниет білдіргендерді Бузулукқа жіберу туралы бұйрық берді. Қарағанды облысының әскери комиссариатының полковнигі Гончаров Алматы қаласындағы Әскери Штабқа жолдаған жедел хатында: Чкалов облысындағы Бузулук қаласында Поляк Әскерінің Штабы өз еркімен өтініштерін білдірген поляк азаматтарын қабылдау жұмыстарын бастағаны туралы хабарлады [34]. Ал Ақтөбе облысының әскери комиссариатының 1941 жылы 30 – қыркүйек пен 9 – қазан аралығында 160 поляк азаматтары өз еркімен Бузулуктағы жасақталып жатқан поляк армиясына жіберу туралы өтініштерін білдіргендігі Қазақ КСР – ы Әскери Комиссариатына келіп түсті. Осындай өтініштер Гурьев, Жамбыл және басқа жерлерден де келіп жатты. Бұл өз еркімен өтініш білдіруші поляк азаматтарының көбі кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлерінен босап шыққандар еді [35]. Осы кезде Қазақстанның барлық облысында дерлік поляк азаматтарын әскер қатарына шақыру жұмыстары қолға алынды. 1941 жылы 28 – қазанда Қазақстанның Әскери комиссары генерал Щербаковқа Поляк әскерінің капитаны Казимир Марьянский Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында тұрып жатқан поляк азаматтарына көмек көрсету және Алматы қаласында Польша елшілігі мен Поляк әскерінің штаб үйін ашу, сондай – ақ Қазақстанда тұрып жатқан поляк азаматтарын әскер қатарына шақырып, оларды Самарқанд қаласындағы Поляк бөлімшесіне жіберу туралы өз өтінішін білдірді. Осы күні-ақ Ташкент қаласынан Алматыға Поляк елшілігінің өкілі Венцек келді. Мұндағы кездесуде Қазақстанның барлық облыстарында поляк азаматтарын Поляк әскері қатарына шақыру және жергілікті жерлерде Поляк әскерінің штаб үйлерін ашу туралы сөз болды [36]. 1941 жылы қараша айының 20 күні Қазакстанда поляк армиясын қабылдауға 2421 поляк азаматтарының өтініштері қабылданып, олардың ішінен 1314 адам Орта Азия әскери бөлімшесіне (САВО) жіберілді [37]. Дегенмен де поляк армиясына әскер жинауда Қазақ КСР – ның әскери комиссариатында заңсыз оқиғалар да етек алды; онда қолдарында уақытша куәліктері бар поляк азаматтарын Қызыл Армия қатарына жіберіп, ал басқа ұлт өкілдерін (поляктардан басқа) поляк армиясына жібергендігі және мұның бәрі өз еркілерімен емес арнайы шакырту арқылы іске асып отырғандығы мәлім болды [38].

Қазақстанньщ облыстық әскери комиссариаттарына 1941 жылдың тамыз – қараша айларында бірталай өтініштер келіп түсті (төмендегі кестелерді караңыз):

Поляк әскеріне қабылдауға өтініш білдірген Қазақстандағы поляк азаматтарының саны жөніндегі 20.10.41. мәлімет*

Облыстық әскери комиссариат Өтініш бергендер Әскерге жіберілгендер
Алматы облысы Жамбыл облысы Оңтүстік – Қазақстан обл. Қызылорда облысы Гурьев облысы Батыс Қазақстан обл Ақтөбе облысы Қостанай облысы Солтүстік – Қазақстан облысы Қарағанды облысы Ақмола облысы Павлодар облысы Семей облысы Шығыс – Қазақстан облысы -   -   - -   - -   - -   - - - -
Барлығы

Наши рекомендации