Арнайы қоныстанушыларды жұмысқа орналастыру

  Облыстар Барлық адам саны Жұмысқа жіберілген орындар
Кеңшар Ұжымшар Өндіріс орындары Мемлекеттік орындар
Солтүстік Қазақстан жоқ жоқ
Павлодар
Қостанай
Ақтөбе
Семей
Ақмола
Барлығы

[54].

КСРО жоғарғы Кеңесінің 12 – тамыздағы жарлығы негізінде Қазақстан жеріндегі арнайы қоныстарда тұрған және айдауда жүрген 31 590 адам кешірім алды (төмендегі кестені қараңыз).

12-тамыздағы қаулы бойынша кешірім алған Қазақстан
жерінде айдауда жүрген поляк азаматтарының саны*

  Облыстар Кешірім алғандар саны Басқа облыстан келгендер
Ер адамдар Әйелдер Балалар Барлығы
Қостанай
Атырау -
Шығыс Қазақстан -
Семей
Қызылорда -
Жамбыл - -
Оңтүстік Қазақстан     -      
Ақмола
Қарағанды -
Ақтөбе -
Батыс Қазақстан -
Солтүстік Қазақстан
Алматы
Барлығы

[55].

Сондай – ақ, 12 – тамыздағы жарлық бойынша кешірім алған поляк азаматтары Кеңес Одағы жерінде еркін жүріп – тұруға рұқсат алды, оларды шетелдік азаматтар қатарына жатқызып, уақытша төлқұжаттармен қамтамасыз ету жұмыстары қаралды [56]. Польша елшілігі жүргізген жұмыстар бойынша 1941 – 1942 жылдары поляк азаматтарын есепке алу жұмыстары барысында 140 мың поляк азаматтары төлқұжат алды. Олардың ішінде көбі офицерлердің отбасы мен шенеуліктер болды [57.10б]. Поляк елшілігінің құжаттары бойынша, барлық есепке алынған поляк азаматтарының саны 265 501 адам, соның ішінде РКФСР жерінде – 117 мың (оның 71 мыңы – Сібірде), Қазақстанда – 56 мың болды. Кейіннен Қазақстандағы поляк азаматтарының саны 71 789 адамға жетті, ал Орта Азияда – 90 мың адам болды, сонымен қатар көптеген поляктар әлі есепке алынбаған еді. Мысалы, Ақбалықта (Қазақстан) 800 поляк отбасы тіпті поляк елшілігінен көмек алмақ түгілі елшіліктің бар екенін де

білмеген [2.128-129бб]. Ал осы кезде Ресейдің шалғай аудандарында жұмыс істеп жүрген 80 мың поляк азаматтарына төлқұжат берілген де жоқ.

Поляк әскерлерін Қазақстан мен Орта Азияға 1942 жылдың қаңтарында көшіру жоспарланды. 2 – қаңтар күні Орта Азия әскери округының штабынан Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысына, республиканың Әскери комиссарына 11500 адамнан тұратын поляк дивизиясын орналастыру үшін қатардағы құрамға шатырлар тігетін жері бар ауа райы жылы ауданды дайындау, дивизия штабындағы 100 адамды, жоғары шенді 900 офицерді және дивизия мектебіндегі 400 унтер – офицердерді пәтермен қамтамасыз ету туралы жеделхат келді. Осы жұмысқа байланысты Поляк әскерінің Бас Штабы Қазақстанның барлық облыстық комиссариаттарында өз өкілдерін тағайындады: Оңтүстік Қазақстан облысына – поручик Майковский, Жамбыл облысына – капитан Трояновскй, Солтүстік Қазақстан облысына – капитан Яня, Қостанай облысына – капитан Романовский, Павлодар облысына – ротмистр Свенцидский, Семей облысына – поручик Рагин, Ақтөбе облысына – поручик Онешкевич, Шығыс Қазақстан облысына – капитан Кмижановский, Алматы облысына – поручик Гиженовский, Қарағанды облысына – подполковник Яцин, Ақмола облысына – поручик Щаблицкий жіберілді. Ал Гурьев облысы және Батыс Қазақстан облыстарына жіберілетін поляк өкілдері кейін қосымша хабарланатындығы ескертілді [58].

Поляк әскерін Қазақстан мен Орта Азияға көшіру басталғаннан кейін де кейбір жергілікті әскери комиссариаттар әскерге шақырылған поляктарды бұрынғыша бузулук, Татищево сияқты ескі орындарға жіберіп жатты, мұның өзі де әжептәуір бейберекеттік туғызды. Мысалы, Ташкентке Орта Азия әскери штабының поляк армиясы бөлімшесіне келіп түскен мәліметте өз еркілерімен поляк армиясы қатарына өтініш білдірген 2 879 ерлер мен әйелдерді бір күндік тегін жол ақысымен қамтамасыз етіп, ерлерді Татищевқа, әйелдерді Бузулукқа жіберу туралы шешім қабылдады. Ал сол кезде Павлодар қаласындағы әскери комиссариат поляк армиясына қабылдауға өтініш білдірген барлық поляк азаматтарын Бузулук, Тоцк және Татищев қалаларына жіберіп отырды. Ал кейін генерал Андерстің штаб басшысы поляк армиясының полковнигі Окулицкийдің Алматыдағы әскери комиссариатқа жолдаған жедел хатында: « Бузулук, Тоцк және Татищев жерлеріндегі поляк армиясына ешкім жіберілмесін. Өз еркімен армия қатарына келушілердің барлығы Өзбекстан жеріндегі Фараб бекетіне жіберілсін » деген өтініш хаты келді [59].

1942 жылдың 3-ақпанында Орта Азия әскери округынан келген телефонограммада Қазақстан поляктарды жасақталып жатқан әскерге шақыру жұмысының негізгі орындаушысы болып саналатынын, сондықтан әскерге шақыру міндетінің орындалу барысын округтың штабына үздіксіз хабарлап тұру қажеттігі айтылды [60]. Бұл кезде Қазақстанда Поляк әскері қатарына шақыру жұмысы қызу жүріп жатқан еді. 1942 жылы қаңтар айының өзінде – ақ Поляк әскеріне 114 офицер, 813 унтер – офицер және 2 341 қатардағы жауынгерлер есепке алынды [61]. Сонымен қатар Қазақстанда поляк әскерінің қызметкерлері мен олардың отбасыларына республика жерлеріндегі жергілікті халықпен бірдей деңгейде жеңілдіктер жасалып және талаптарына қарай көмектер көрсетуге тырысты. Оларды әскер қатарына шақыру жұмыстары да Қызыл Әскердегі деңгеймен бірдей болды. Поляк әскеріне шақырылған немесе еркімен кіруге өтініш бергендердің барлығы жүйелі түрде есепке алынып, барлық құжаттарды әрбір облыстағы жергілікті поляк өкілдері қабылдап алды [62].

Луговая бекетінің әскери комиссариатының қызметкерлері Ішкі істер ұйымының өкілі Кирпиченкомен бірігіп жүргізген жұмыстарының қорытындысы бойынша, аталған бекетке көшірілген поляк әскери бөлімшелеріне 1942 жылдың 26 – ақпанына дейін 2 280 адам қабылданғаны анықталды (төмендегі кестені қараңыз).

Наши рекомендации