Орғаныс жерлендіру есебі
Жұмысшылардың кездейсоқ кернеуі бар электр қондырғысының металл бөлігіне тиіп кетуінен қорғау үшін қорғаныс жерлендіру қолданылады. Қарапайым қолдану кезінде кернеуі болмайтын, бірақ электрлік қондырғылардың оқшаулануы бұзылғанда кернеуі пайда болуы мүмкін құрал-жабдықтардың металл бөлігін жермен арнайы электрлік байланыстыру. Жермен байланыстыру үшін жерлендіру қондырғылары қажет.
Қорғаныс жерлендіруінің тағайындалуы жерге тұйықталған жағдайда, адамның жақындауы кезінде, оның денесі арқылы ағзасына қауіпсіз токтың аз шамасы өтуі үшін металл құрастырушылары немесе электр қондырғысының қаңқасы мен жер арасында жеткілікті аз кедергілі электрлік байланыс құру.
Жерлендіру қондырғылары – жерлендіруші мен жерлендіру өткізгіштер бірлестігі.
Жерлендіруші – жермен байланысып тұратын, металл өткізгіш немесе өткізгіштер тобы.
Жерлендіру өткізгіштері – электрлік қондырғының жерлендірілетін бөлігін жермен байланыстыратын металл өткізгіш.
Жерлендіруді есептеу мақсаты – байланыстырушы дөңгелектердің тік және көлденең элементтердің саны мен ұзындығын анықтау және жерлендіруге жіберілетін кедергі шамасының ұсынылатын ережелеріне, сонымен қатар жақындасуға жіберілетін кернеуге байланысты электрлік қондырғылар жоспарына жерлендіргішті орналастыру.
Тұйық-жерлендірілген бейтарапты немесе тұйық-жерлендірілген біртекті ток көзінің шығысы бар, 1000 В электрлік қондырғыларда, мәндерін 0-ге түсіру қажет, ал қосымша қорғаныс жерлендіруі қолданылуы қажет.
Жерлендіру есебі:
1. Жерлендірілетін қондырғының «Электрқондырғыларын пайдалану барысындағы қауіпсіздік ережелеріне» (ПУЭ) бойынша қажетті жіберілетін кедергісі Rзм орнатылады: Rзм=6 Ом;
2. Параллель қосылған табиғи жерлендіргішті қолданылып есептелуімен, жасанды жерлендіргішке қажетті кедергіні анықталады
(4.4.5.1)
мұндағы Rзм – жерлендірілетін қондырғыға жіберілетін кедергі;
Rе – табиғи жерлендіру кедергісі;
Ru - жасанды жерлендіру кедергісі;
Табиғи жерлендіргіштер – металл құрастырушылар, темір-бетонан құрастырылған арматуралар (ПУЭ жіберілетін жағдайда), құбырөткізгіштер және жермен мықты байланысы бар құрал-жабдықтар. Жіберілетін кедергі –12Ом.
Жасанды жерлендіргіш ретінде тігінен орналасқан болат құбырлар, бұрышты болат, металл стержн,сонымен қатар көлденең орналасқан болат жолақтар және т.б.
=12Ом (4.4.5.2)
Жердің меншікті кедергісін жердің негізгі қасиеттеріне байланысты қабылдаймыз: p=100 Ом*м.
3. Электродтың тік пластинасының оның ұзындығын ескере отырып, кедергісін анықтаймыз.
а=4 м
b=4 м
Rв.о≈0,25*pесеп/ (4.4.5.3)
4. Климаттық зонаны ескергендегі, жердің кедергісін мына формула арқылы анықтаймыз
(4.4.5.4)
мұндағы n=4,5÷7,0 – жату тереңдігі 0,9 м болғандағы, берілген климаттық аймақтағы жердің меншікті кедергі коэффициенті
=28,125Ом (4.4.5.5)
5. Қолдану коэффициенті Кu=0,9 болған кездегі, тік жерлендірудің жуық санын анықтаймыз
(4.4.5.6)
Тік жерлендіру санын 3 данаға тең деп қабылдаймыз.
6. Ұзындығын ескере отырып, көлденең байланыстырушы элементтерінің кедергісін анықтаймыз.
Болаттан жасалған көлденең жолақ өлшемі
(4.4.5.7)
мұндағы b – пластина ені, L – пластинаның ұзындығы, байланыстырушы пластиналардың ұзындығы. b=0,2 м; L=4 м: f=0,8 м.
7. Көлденең пластиналаркедергісін ескере отырып, тік электродтар санын анықтаймыз
(4.4.5.8)
8. Қолдану коэффициентін ескере отырып, тік электродтардың санын анықтаймыз
(4.4.5.9)
Есептеулерге қарасақ, қажетті электродтар саны – 2 дана.
Шешім: Осы бөлімде есептелген жерлендіру талаптарды қанағаттандырады және тиімді функциялау мүмкіндігі бар.