Электрондық кестенiң негiзгi түсiнiктерi
Excel программасында әрбiр файл бiрнеше парақтардан тұратын кiтап болып табылады. Бұл құбылыс байланыстырылған кейбiр жерде сақтауға, қажет информацианы жылдам iздеуге мүмкiндiк бередi. Excel парақтарының қою әрiптерiмен жазылған таңбашалары бар. Excel жүктелгеннен кейiн экранға екпiндi болып «Лист1» шығады, келесi парақтарды екпiндi ету үшiн сiлтеменi таңбашаға апарып маустың сол жақ батырмасын басу қажет. Егер парақтың қажет таңбасы көрiнбей тұрса, онда таңбалардың сол жағында орналасқан сiлтеменi маустың сол жақ батырмасымен басып шығарылады.
Excel-де әрбiр параққа бағана мен жолдардан тұратын екi өлшемдi массив түрiндегi бiр электронды кестенi сақтауға болады. Excel-де бағаналар саны – 256 тең, ал жолдар саны – 65536. Әрбiр жол мен бағананың қиылысқан жерi ұяшық немесе тор көзi деп аталады. Оған деректер енгiзуге болады (текстер, сандар, формулалар). Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны 16777216 тең. Әрбiр ұяшыққа 32000 таңбаға дейiн енгiзуге болады.
Электрондық кестеде кестелiк мензер болады – ол ұяшықты ерекшелеп, екпiндi ұяшық екенiн көрсетедi. Меңзердi маус немесе пернелер тақтасы арқылы жылжытуға болады. Мензер орналасқан ұяшық екпiндi ұяшық деп аталады.
Бағаналар латын әрiптерi бойынша келесi тәртiппен реттелiп белгiленедi: A-Z,AA-AZ,BA-BZ,..., IV
Жолдар 1-ден 65536-дейiн нөмiрленедi.
Әрбiр ұяшықтың бiр-бiрiмен қайталанбайтын өзiндiк адресi болады. Ол адрес бағана әрпi және жол саны бойынша анықталады. Мысалы, А1-кестедегi бiрiншi ұяшық.
Яшықтар блогы немесе ауқымы
Жұмыс барысында бiр ұяшықпен немесе бiрнеше ұяшықтармен жұмыс iстеуге болады. Бiрнеше ерекшелендiрiлген ұяшықтар жиынын бөлiк немесе ауқым деп атайды. Ауқым адресi қосылып арасына қос нүкте қойылып бастапқы және сонғы ұяшық адресi жазылады.
Мысалы: А1-ден А11-ге дейiнгi ауқымды А1:А11 деп жазады.
Бағаналарды, жолдарды, блоктарды, кестелердi ерекшелендiру:
1) Маус көмегiмен ерекшелендiру:
- бағананы-бағана атауының әрiпiн маус көмегiмен шерту қажет (кестенiң жоғарғы қатары);
- қатарды – қатардың реттiк нөмерiн шерту қажет (кестенiң сол жақ шеткi бағанасы);
- бiрнеше бағананы – маусты басқаннан кейiн жiбермей тарту қажет;
- блок-блоктың бастапқы ұяшығын бастап жiбермей маусты соңғы ұяшыққа дейiн тарту қажет;
- жұмыс парағы – бағанамен қатардың қиылысу нүктесiн маус көмегiмен шерту қажет (кестенiң жоғарғы сол жақ бұрышы).
2) Пернелер тақтасының көмегiмен бөлiктердi ерекшелеу үшiн Shift пернесiн басып жiбермей, қажет бағыттағы бағыттауыш пернелерiн басу қажет, немесе F8 пернесiн басу арқылы ерекшелеу режимiн iске қосу мензердi жылжыту көмегiмен ерекшелендiрудi жүргiзуге болады.
Esc пернесi ерекшелеу режимiнен шығарады.
3) Бiрнеше аралас емес блокты ерекшелендiру үшiн:
- 1-шi ұяшықты белгiлеп немесе ұяшықтар жиынын белгiлеу қажет;
- Ctrl пернесiн басып жiбермей басу қажет;
- Ctrl пернесiн жiберу керек.
Ерекшелеудi алып тастау үшiн, маус сiлтемесiн жұмыс парағының бос жерiне апарып басу қажет.
Кестелердi түзетудiң негiзгi әрекеттерi
Қатар биiктiгiн және бағана енiн өзгерту.
Бұл әрекеттердi маус немесе меню көмегiмен орындауға болады. Маусты қолданғанда бағаналар енiн өзгерту үшiн оны бағаналар атауларын бөлiп тұрған түзуге апару қажет. Көрсеткiш қос бағытталған қара жол түрiне келедi. Бұдан соң маустың сол жақ батырмасын басып тұрып қатарды немесе бағананы кеңейтуге /қысуға/ болады, ал егер осы жерде маус батырмасы 2-рет шертiлсе, бағана енi және қатардың биiктiгi автоматты түрде орнатылады.
Яшықтағы деректердi түзету
Деректердi ұяшыққа енгiзу барысында немесе енгiзiлгеннен кейiн де түзетуге болады.
Егер деректердi ұяшыққа енгiзу барысында қате кетсе, онда қатенi BackSpace немесе Delete пернелерiн басып өшiру арқылы түзетуге болады. BackSpace таңбаларды оңнан солға қарай, ал Delete оң жақта орналасқан таңбаларды өшiретiнiн бiлемiз.
Ұяшыққа енгiзiлген деректердi түзету үшiн сiлтеменi қажет ұяшыққа орналастырып, F2 пернесi немесе формулалық қатарға маус көмегiмен шертедi. Қажеттi түзету жұмыстары жүргiзiлiп, Enter пернесi басылады.