ПК-ң құрылымдық кескіні

Әдетте ДК 3 негізгі құрылғыларды қосады: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Бірақ қызметіне қарай ДК-ға қосымша құрылғыларды қосуға болады.

Бұл құрылғылар жүйелік блокқа кабельдер арқылы арнайы ұяларға қосылады.

ДК да өзінің жүйелік магистралі мен модульдік құрылымы бар (2.1 сур)

Жүйелік магистральді мекен-жай мен басқару белгілерінің мәліметтері туралы хабар беру үшін қолданылатын шиналар жиынтығы түрінде орындалады. Мекен-жай ақпаратты шиналардың желілері саны ДК да қолданылатын белгілер саны бойынша және мәліметтер мен мекен-жай кодтарының разрядтығымен анықталады.

Жүйелік блок ДК да негізгі құрылғы болып табылады. Құрамына мыналар кіреді: орталық кіші процессор, оперативті және тұрақты жат модульдері, контроллер, магниттік дискілердегі жинақтаушылар және т.б. қызметтік модульдер. Қолданушылар өз тілегі бойынша ДК үйлесімдігін өзгерте алады, қосымша периферийнді құрылғыларды жүйелік блокқа қосу арқылы.

Жүйелік блокқа дыбыс құрылғылары- жүйелік дискімен немесе дыбыс картасымен құрылуы мүмкін. Бұл құрылғылар арқылы қолданушы машинаның жұмысын қадағалауға, жеке құрылғылардағы жағымсыз жағдайларға уақытында көңіл аудару немесе ДК есептерін шығару барысындағы ерекше жағдайларда көмек көрсетеді.

Дыбыс құрылғыларымен жиі таймер байланысты болады, ол машинаның жұмыс істеу уақытын санауға, күнтізбе уақытын қоюға арналған.

Контроллерлер сыртқы құрылғылармен (СҚ) басқару үшін қызмет етеді. Әр СҚ–ға өз контроллері болады. Электрондық модульдік-контоллерлер жүйелік блок ішіне орнатылған жеке басу платаларында немесе жүйелік платаның өзінде таратылады.

Контроллерлер 2 типті регистрлерден тұрады : басқару регистрі және мәліметтер регистрі. Бұл регистрлерді әдетте кіріс және шығыс порттары деп атайды. Әр портта нақты нөмір – порт мекен-жайы берілген, порт арқылы қолданушылар кіріс шығыс командаларын қолданып СҚ-мен басқарады.

ДК-ң сыртқы құрылғылары мен КП арасында ақпарат айналымын тездету үшін жадқа тура ену (ЖТЕ) қолданылады. Контроллерлер ЖТЕ-ден СҚ-дан белгі алғаннан кейін айналымды бақылауды өз қолына алады және оперативтік жадпен мәліметтер айналымын қамтамасыз етеді. Бұл уақытта КП үздіксіз ағымдағы программаларды орындайды.

Кіші процессор ДК ядросы болып табылады және ақпаратты өңдеу қызметі мен ДК барлық блоктарының қызметін басқарады.

КП бір баспа платасында-кристаллда орындалған. КП құрамына мыналар кіреді:

· Орталық басқару құрылғысы

· Арифметика-логикалық құрылғы

· Ішкі регистрлік жад

· Кэш-жад

· Оперативті жатқа үндеу үшін операнттардың нақты мекен-жайының құрылу схемасы

· Шиналық жүйемен басқару схемасы

КП-ден ДК-ң жұмыс атқару жылдамдығы тәуелді болып келеді

Шина мәліметтер КП мен жад және перифериндік құрылғылар арасындағы ақпараттар айналымын қамтамасыз етеді. Шина басқару белгілерін-жадпен, мәліметтер айналымымен басқару, бөлуге сұрау және т.б. беру үшін арналған.

ДК-ң ішкі жады оперативтік жад (ОЖ) және тұрақты жадқа (ТЖ) бөлінеді.

ОПЖ электр энергиясына тәуелді: жүйеден компьютерді сөндіргенде барлық сақталмаған ақпарат жоғалады. Қазіргі ДК-да ОЖ сиымдылығы Мегабайтта өлшенеді. Кейде арнайы ДК-да мекен-жай кеңістігінде бірнеше Гигабайтқа көтеріледі. Ең белгілі сиымдылық 128-256 Мбайт.

Тұрақты жад электр энергиясына тәуелсіз, жүйелік программаларды сақтау үшін соның ішінде кіріс-шығыс (BIOS) базалық жүйені, қатты дискілердегі қосымша программаларды және т.б. есте сақтайды. ТЖ-да сақталған программалар КП-ң үнемі қолдануына арналған.

Сырты құрылғылар

ДК қолданудың пайдалылығы көп жағдайда оның құрамында болатын сыртқы құрылғылар түрлерінің санына қарай анықталады. Сыртқы құралдар қолданушы мен ДК арасындағы қарам-қатынасты қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі сыртқы құрылғылардың модельдері көп және түрлі болуы сонымен қатар техника-қолданушылық пен экомикалық сипаттамалары қолданушыға өз қажетіне сай модельді алуына мүмкіндік береді.

ДК әр моделінде СҚ базалық құрылғылардың жиынтығы болуы-пернетақта, дисплей, қатты диск, дискетаға арналған диск жетек (дисковод) және т.б. Сыртқы құрылғылар машинаның сипаттамасына үлкен әсер етеді және ДК-ң толық бағасының 80% құрайды. Қолданушы әдетте баспа құралын өзінің жұмыс атқаруына лайық етіп өзі таңдайды. Қажеттілік болғанда ДК-ға қосымша сыртқы құрылғылар қосылуы мүмкін, мысалы: сканерлер, стримерлер, плоттерлер немесе дигитайзерлер. Кейінгі жылдары көптеген фирмалар тұтынушылардың сұрауларына бағытталған сыртқы құрылғылардың жаңа түрлерін шығаруда, жекелеп келсек мультимедия облысындағы қосымшалар.

Пернетақта

Пернетақта қолданушы мен ДК арасында диалогтық қарым-қатынасты таратады:

· ДК-ң ресурстарына қолайлылығы қамтамасыздандыратын қолданушының белгілері бар командаларды енгізу

· Программаларды жазу және өзгерту

· Есепті шешу барысында мәліметтер мен командаларды енгізу

Пернетақтаның орталық бөлігінде латын және орыс алфавитінің пернелері орналысқан, ал басқа бөліктерінде функционалдық пернелері (%,?,№ т.б.) және цифралық пернелері көп жағдайда бір перне бірнеше әр түрлі белгілерді енгізу үшін қолданылады және де олар бір уақытта сәйкес пернелерді басу арқылы орындалады, мысалы: Shift-Ctrl т.б.

Пернетақта эргономикалық талаптарға сай болуы тиіс: ұзақ уақыт жұмыс істеуге ыңғайлы болуы, алфавитті-цифралық пернелерінің орналасуы жазатын машиналар пернелерінің стандарттарына сай болуы тиіс

ДК-ң пернетақтасы КП код белгісі емес басылған перненің реттік санын және әр басқанда уақыт ұзақтылығын көрсетеді. Сондықтан пернелерді кодтау белгілерді кодтаудан тәуелсіз болады, бұл пернетақтамен жұмысты әлде қайда жеңілдетеді. Қазіргі кезде 101-105 пернелері бар пернетақталар шығаруда.

Дисплей

Дисплей (монитор)- ДК-дағы программалардың жұмыс істеу уақытында ақпараттарды көрсететін негізгі құрылғы.

Дисплейлер сипатына, программалық қамтамасыздандыруына, машина мүмкіндігіне қарай ажыратылады. Дисплейдің негізгі техникалық параметрі экранның регенерациясының тазалығы. Көзге зақым келтірмеу үшін 75 Гц деңгейінен басталатын тазалықта жұмыс істеген жөн. Негізгі параметрлердің бірі экран көлемі, көбінесе 15,17,19, және 21 дюйм көлеміндегі дисплейлер қолданылады.

Берілген параметрлері экранның құрылысына, басқару кескiнiне байланысты болады. 1,2 немесе 4 битте жазылған ақпараттар экрандағы нүктенің түсін басқарады. Қазіргі кезде сұйық кристаллды негіздегі дисплейлер қолданылады. Бұндай дисплейлерде жоғары нақтылық қасиеті болады және қолданушының көзіне қауіпсіз болады.

Растрлік жадтың көлемі дисплейдің рұқсат қабілеттілігімен байланысты, мысалы: 2 деңгейлік ақшыл түс және 640*620 рұқсат қабілеттілігіне 26 Кбайт растрлік жад қажет. Егер әр нүкте үшін 16- түспен басқарса талап етілетін раст жады 64 Кбайттан төмен керек; 1024*1024 рұқсат қабілеттілігі 2 түсті экранда 132 Кбайт растрлік жад қажет.

Дисплей жүйелік блокқа контроллер арқылы қосылады, көбінесе жүйелік блокқа орнатылған жеке плата түрінде орындалады.

Профессионалдық ДК-да өте жоғарғы рұқсатпен (128*1024 одан да көп) және 32 млн түстерді мониторлар қолданылады. Қазіргі кезде қолданушылар көп уақыт бойы монитор алдында отырады, сондықтан дисплей шығаратын фирмалар қолданушының денсаулығына әсер ететін барлық ықпалдардан сақтау үшін мониторларды арнайы қорғау құралдарымен жабдықтаған. Әр дисплей немесе монитор ИСО 9000 қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.

Манипуляторлар

ДК мен қолданушы арасындағы қарым-қатынас әр түрлі манипуляторлар арқылы іске асады. Олардың ішіндегі ең белгілерінің бірі маус (тышқан). Әдеттегі маус өзімен төменгі жағында кез келген жаққа айналатын шары бар және үш немесе екі пернесі бар қорапты көрсетеді. Маус компьютерге арнайы сым арқылы қосылады. Қолданушы үстел үстінде маусты қозғалту арқылы экранда маустың нұсқағышын қозғалтады, ал пернесін басу арқылы арнайы операцияларды орындайды .

Терте (джойстик) қол манипуляторына жатады. Ол өзімен бірнеше немесе екі батырмасы бар тұтқаны көрсетеді. Бұл батырмалар маус пернелері сияқты қызмет атқарады. Терте көбінесе тұрмыстық ДК-да ойындар үшін қолданылады.

Наши рекомендации