Яшықпен блокты абсолюттік, салыстырмалы және аралас түрде адрестеу
Салыстырмалы адрестеу. Ұяшықпен қатынас кезінде D3, A1:H9 және тағы басқа түрдегі қатынастарды қолдануға болады. Адрестеудің бұл түрі салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестеу формулаларды ығыстыру кезінде өте қолайлы болып табылады. Формулалар көрсетілгендей адрестерді қолдану кезінде Excel ағымдағы ұяшықтың салыстырмалы орналасымын сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына «=D1+D2» формуласын енгізгенде, Excel келесі түрде келтіреді: Ұяшық құрамындағылардың қосындысын тауып, D4 ұяшығынан С4 ұяшығына «=D1+D2» формуласын көшірсеңіз, онда Excel интерпретаторы формуланы «Үш қатар жоғары орналасқан ұяшық құрамындағысын қосу» деп келтіреді. Осыған байланысты С4 ұяшығындағы формула «=C1+C2» түрінде өзгереді.
Абсолюттік адрестеу. Егер формуланы көшіру барысында, нақты ұяшық сілтемесін сақтап қалғыңыз келсе, онда абсолюттік адрестерді қолданыңыз. Абсолюттік адрестеу «$» белгісі арқылы анықталады. $C$15-түрінде берілсе, онда формуланы кестенің қай бөлігіне көшірсеңізде адрес өзгермейді. Осындай байланысты бағана мәндерін бекітіп, ал қатарлар мәнін ығысуға байланысты өзгертуге болады.
Негізгі және көмекші кестені толтырыңыз. Негізгі кестенің А1 ұяшығынан бастап қалпағын толтырыңыз:
Қалпақ – бұл бағаналар атауы жазылған кестенің жоғарғы бөлігі:
- А1 ұяшығына «ғ» енгізіңіз (кестедегі 1-ші бағана атауы);
- В1 ұяшығына «х» енгізіңіз (кестедегі 2-ші бағана атауы);
- С1 ұяшығына «Y1=x^3-1» енгізіңіз (кестедегі 4-ші бағана атауы);
- D1 ұяшығына «Y2=x^3+1» енгізіңіз (кестедегі 5-ші бағана атауы);
- E1 ұяшығына «Y=(y1/y2)» енгізіңіз (кестедегі 6-ші бағана атауы);
- бағаналар ені енгізілген жазылымдар көрінетіндей етіп өзгертілуі қажет.
- G1 ұяшығынан бастап келесі бастапқы деректер бойынша көмекші кестені толтырыңыз:
x0 | Step |
-2 | 0.2 |
Мұндағы: х0 – х-тің бастапқы мәні; Step – х-тің өзгерту қадамы;
Есеп шығару кезінде бұл бөлік міндет болып табылмайды. Автоматты түрде толтыру функциясын қолданып, А бағанасын 1-ден 21-ге дейін, А2-ден бастап А22 ұяшығына дейін толтырыңыз.
Ол үшін А2 ұяшығына – 1 санын, ал А3 ұяшығына – 2 санын тнріңіз.
А2:А3 бөлігін ерекшелендіріп алып, маус сілтемесін бөліктің төменгі оң жақ бұрышына апарып, сілтеменің қара қосынды таңбасына өзгерісімен оны басып А22 ұяшығына дейін тартыңыз. В бағанасын Х мәндерімен толтырыңыз:
- В2 ұяшығына «=$H$2» теріңіз.
- Бұл В2 ұяшығына Н2 ұяшығының мәндерін енгізу дегенді білдіреді.
- В3 ұяшығына «=B2+$H$2» формуласын енгізіңіз.
- Бұл х-тің бастапқы мәні қадам бойынша өзгереді дегенді көрсетеді. Қадам мәні Н2 ұяшығынан алынады.
- Осы формуламен В4:В22 ұяшықтарын толтырыңыз (автоматты түрде толтыруды қолдануға болады).
- Бағана х мәні -2 ден басталып 2-ге дейін 0.2 қадам бойынша толтырылады.
Енгізілген формулаға назар аударыңыз. Не себепті олар бұлай жазылған?
- С1 ұяшығын «Y1=x^3-1» формуласымен толтырыңыз.
- С2 ұяшығына «=B2^3-1»енгізіңіз;
Осы формуламен С3:С22 ұяшықтарын толтырыңыз.
Тексеріңіз! Бағана Ү1 функциясының оң және теріс мәндерімен толтырылады (1 сурет). Бастапқы мәні -9 және сонғы мәні 7.
- D1 ұяшығын «Y1=x^3+1» формуласын толтырыңыз.
- D2 ұяшығына «=B2^3+1» енгізіңіз;
Осы формуламен D3: D22 ұяшықтарын толтырыңыз.
Бағана Ү2 функциясының оң және теріс мәндерімен толтырылады. Тексеріңіз! Бастапқы мәні -7 және сонғы мәні 9.
Е бағанасын Ү=(x^3-1)/(x^3+1) функциясын толтырыңыз.
- Е2 ұяшығына «=(C2/D2)» енгізіңіз;
- Осы формуламен Е2:Е22 ұяшықтарын толтырыңыз.
Тексеріңіз! Функция мәндері оң және теріс. Бастапқы мәні 1,28571 сонғысы 0,77778.
1-сурет. Жұмыс орындалғаннан кейінгі экран бейнесі
- Кестедегі өзгерістерді бағалаңыз.
- Көмекші кестедегі х-тің бастапқы мәнін өзгертіңіз, яғни Н2 ұяшығына «-5» теріңіз.
- G2 ұяшығына 2 санын енгізу арқылы қадамды өзгертіңіз.
Ескетру! Көмекші кестедегі деректерді өзгерту барысында, негізгі кестедегі есептеулер автоматты түрде өзгереді. Жұмысты жалғастырмас бұрын, көмекші кестедегі бастапқы мәндерді қалпына келтіріңіз.
х0=2
Step=0.2