Алгаритмнiң негiзгi қасиеттерi
1. Дискреттiлiк – нұсқаулардың тiзбек құратынын, әрбiр тiзбек келесiге көшкенде орындалып болуын және олардың орындалуы жеке қадам жасауды талап ететiнiн көрсетедi.
2. Анықталғандық – алгоритмнiң әрбiр қадамы нақты бiр адамы анықтауы керек екенiн және келесi қадамда не орындалатындығы айқын болуын талап етедi.
3. Нәтижелiк – алгоритмнiң орындалуы нақты нәтиже беретiндiгiн бiлдiредi.
4. Жалпыламалық – алгоритмнiң жеке бiр есеп үшiн емес, осы сияқты есептердiң бүкiл тобына арналғандығын көрсетедi.
Алгоритмнiң блок-схемасын мынадай геометриалық фигуралар арқылы бейнелеу келiсiлген.
- эллипс, алгоритмнiң басы және соңын белгiлеу
- параллелограмм, берiлгендердi енгiзу немесе шығару амалын бейнелеу
- тiктөртбұрыш, меншiктеу амалы не кез-келген әрекеттi бейнелеу
- ромб, берiлген шартты тексерудi бейнелеу
- мәлiметтердiң берiлу бағытын көрсетедi
Есептiң шартына сәйкес алгоритмегi әрекеттер өзiнiң жазылу ретiне сәйкес тiзбектелiп не белгiлi бiр шартқа байланысты тармақталып не болмаса қайталанып орындалады. Алгоритмлегi әрекеттердiң орындалу тәртiбi белгiлi бiр нұсқаулар бойынша басқарылады. Осындай нұсқауларды басқару құрылымдары деп атайды.
Басқару құрылымдарының үш түрi бар: сызықтық (тiзбектеу), тармақтау және қайталау.
СЫЗЫҚТЫҚ:Сызықтық түрдегi алгоритмнiң блок-схемасы басқару құрылымы бiрнеше қарапайым әрекеттердiң тiзбегiнен бiр күрделi әрекет құрастыруға болатындығын көрсетедi. Сызықтық түрдегi алгоритмде операторлар бiртiндеп ретiмен орындалады.
Сызықтық алгоритмнiң қарапайым блок-схемасы:
Мысалы, ұшбұрыштың үш қабырғалары а, в, с берiлген, оның ауданын есептейтiн алгоритм жазыңыз.
ұшбұрыштың ауданын анықтау блок схемасы
ТАРМАҚТАУ:Тармақталган алгоритмде басқару шарттың орындалу –орындалмауына байланысты берiлген екi бағыттың бiреуiне берiледi, яғни бұл басқару құрылымы белгiлi шарт бойынша әртүрлi әрекеттердiң бiрiн орындауға болатындығы көрсетедi. Тармақталған алгоритмнiң қарапайым блок-схемасы:
Иә жоқ
ҚАЙТАЛАУ: Қайталау алгоритмiнде программаның белгiлi бiр бөлiгi, қандай да бiр шарттың орындалуына байланысты бiрнеше рет қайталанады, яғыни басқару құрылымы қайталау денесi деп аталатын белгiлi бiр әрекеттiң орындалуын бiрнеше рет қайталау керек дегендi көрсетедi. Қайталау саны белгiлi бiр шартқа байланысты не алдын –ала белгiлi болады. Белгiлi шартқа байланысты қайталаудың екi түрi бар:
1. «әзiрге» қайталау;
2. «дейiн» қайталау.
Қайталау саны алдын-ала белгiлi болса, оны «параметрлiк» қайталау дейдi.
Зiрге» қайталау.
Егер басқару құрылымы белгiлi А шартын қанағаттандырса, онда қайталау денесi В әрекетiн орындауды қайталай беру керек, болмаса еш әрекет орындалмауы керек. «Әзiрге» қайталау басқару құрылымының блок-схемасы:
ЕСКЕРТУ: 1. Егер орындауды бастағанда А шарты қанағаттандырылмаса, онда В мүмкiн орындалмайды.2. Егер орындауды бастағанда А шарты қанағаттандырылса және В әрекетiнiң орындалуы А шартының мәнiне әсер етпесе, онда В әрекетi шексiз рет орындала бередi.
Дейiн» қайталау.
Басқару құрылымы қайталау денесi В әрекетiн орындауды белгiлi А шарты қанағаттандырылғанға дейiн қайталай беру керек, ал А шарты қанағаттандырылса, қайталауды тоқтату керек. «Дейiн» қайталау басқару құрылымының блок-схемасы:
Жоқ иә
ЕСКЕРТУ: 1.Егер алғаш орындалған В әрекетiнiң орындалуы А шартының мәнiне әсер
етпесе және А шарты қанағаттандырылса, онда В әрекетi бiр рет қана орындалады.
2. Егер алғаш орындағанда В әрекетiнiң орындалуы А шартының мәнiне әсер етпесе және
А шарты қанағаттандырылмаса, онда қайталау шексiз орындала бередi.