Эндоскопиялық зерттеу әдістері

Бронхофиброскопия

Диагностикалық бронхоскопияны трахеобронхиальды ағаштың жағдайын визуальды бағалау үшін,өкпе ауруларының эндоскопиялық симптомдарын анықтау,гистологиялық,цитологиялық,иммунологиялық және биохимиялық зерттеулер үшін материал алу үшін қолданады.

Бронхофиброскопия қатты бронхоскопты бронхоскопиямен салыстырғанда аз жарақатты,жеңіл орындалады,науқасқа арнайы қалыпты тұруын және наркоз қолдануды қажет етпейді,үлкен қашықтықта бронхиальды ағашты көруге мүмкіндік береді,кейбір диагностикалық манипуляцияларды орындауды жеңілдетеді.

Көрсеткіштер: ісіктер,аномалиялар,трахеобронхиальды ағаштың ірі бронхтары мен кеңірдектің компрессионды және тыртықтық стенозы,бронхтардағы бөгде зат,бронхолитиазға күдіктенген кезде.Сонымен қатар бронхоскопиялық зерттеу жедел және созылмалы өкпе абсцесі,созылмалы бронхит,бронхоэктаз,созылмалы ағымды пневмония,қан қақыру және өкпелік қан кету,бронхиальды демікпе,туберкулез,өкпедегі диссеминирленген үрдістер,белгісіз себепті тыныс алу мүшелерінің ауруларында кең қолданылады.

Кері көрсеткіштер:жедел коронарлы жеткіліксіздік,жедел миокард инфаркты,айқын қанайналым бұзылысымен жүретін жүрек ақаулары,жүрек ырғағының бұзылыстары(пароксизмальды тахикардия,атриовентрикулярлы блокада),диастолалық қысым 110мм.сын.бағ жоғары гипертонялық ауру,жоғары 103

тыныс жолдарының жедел қабыну аурулары,науқастың жалпы ауыр жағдайы,егер бронхоскопияны емдік мақсатта жүргізбеген жағдайда.

Науқасты дайындау:Бұрын глюкокортикоидтар қабылдаған науқастарға алдыңғы күні және зерттеу күні тағайындайды.Егер бронхоскопияны гормональды терапия фонында орындаса,онда алдыңғы күні және зерттеу күні олардың мөлшерін ұлғайтады.Бронхоскофиброскопияда жансыздандыру 2,4% тримекаин ерітіндісі,2-4% лидокаин ерітіндісі(мөлшері 500мг аспауы керек),1% дикаин немесе кокаин ерітіндісімен(40мг аспауы қажет) жергілікті анестезия жолымен жасалады. Алдымен бронхоскоп өтетін жоғары тыныс жолдары мен ауыз-жұтқыншақ аймағында жағу және суландыру жолымен анестезия жүргізеді.Содан кейін дауыс қатперларын суландырады.Жансыздандыру анестетикалық затты енгізгеннен кейін 3-5мин кейін басталады.Бұл уақыт өтіп кеткенге дейін бронхоскопты дауыс саңылауы арқылы өткізуге болмайды.Дауыс саңылауынан бронхоскопты өткізгеннен кейін ,бронхоскоп арқылы кеңірдек пен бронхтарды анестетиктерді жергілікті инстилляциясы жолымен жансыздандырады.

Әдістеме: Бронхофиброскопияны науқасты орындықта отырған немесе бронхоскопияға арналған үстелде жатқан қалпында жергілікті анестезия көмегімен жасайды.Бронхоскопты төменгі мұрындық жол немесе ауыз қуысы арқылы енгізеді,онда науқасқа тубусты тістеп зақымдамауын алдын алу үшін тістерінің арасына ротаблокатор орнатады.Бронхофиброскопты жұтқыншақ қуысына енгізгеннен кейін көмейүсті,ожау тәрізді шеміршек және дауыс аңылауы көріне бастайды.Бронхофиброскопты дауыс қатпарлары үстіне дейін орнатады және анестезиядан кейін демді алғанда дауыс саңылауы арқылы өткізеді.Тыныс жолдарының визуальды бағасын дауыс қатпарларынан және қатпарасты кеңістіктен бастайды және кеңірдектен субсегментарлы бронхиальды тармақтарға дейін бронхофиброскоптың жылжуымен жалғастырады.

Материал жинау:

1.Бактериологиялық және цитологиялық зерттеу үшін бронхофиброскоптың инструментальды өзегі арқылы бронхтың құрамын аспирация әдісімен әйнекті немесе платмассалы стақанға жинайды.Егер құрам жеткіліксіз болса,онда басында 10-20мл изотоникалық натрий хлориді ертіндісімен инстилляциялайды,содан кейін бронхиальды құраммен араласқан ерітіндінің аспирациясын жүргізіді(бронхтардың жуынды суы).

2.Мұрын жолы мен ауыз қуысы арқылы өтетін бронхофиброскоптың тубусында микрофлоралар тұнып қалуы мүмкін,сол үшін микрофлора қоспасынсыз материал алу үшін арнайы әдістер қолданылады.Оларға екі полиэтиленді катетерден тұратын жүйе кіреді,оның біреуін екіншісінің ішіне орналастырады,стерильді металлды ілмек немесе щетка,сонымен бірге полиэтиленді катетер ішіне енгізілетін бронхтар.

Наши рекомендации