Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
1. А.Тьюринг өзінің абстрактылы машинасының сипаттамасын қай жылы берген?
A) 1930 ж.
B) 1936 ж.
C) 1940 ж.
D) 1946 ж.
E) 1949 ж.
2. Тьюринг абстрактылы машинаны қандай мақсатпен құрастырды?
A) Түрлі есептердің шығарылу жолдарының алгоритмдері бар болу мүмкіндігін ескеру
B) Түрлі есептердің шығарылу жолдарының алгоритмдері бар болу мүмкіндігін дәлелдеу
C) Түрлі есептердің шығарылу немесе шығарылмау жолдарының алгоритмдері бар болу мүмкіндігін ескеру
D) Түрлі есептердің шығарылу немесе шығарылмау жолдарының алгоритмдерін құрастыру
E) Түрлі есептердің шығарылу немесе шығарылмау жолдарының алгоритмдері бар болу мүмкіндігін дәлелдеу
3. Тьюринг машинасы бұл:
A) Математикалық машина емес, физикалық машина
B) Физикалық машина емес, математикалық машина
C) Физикалық машина емес, химиялық машина
D) Химиялық машина емес, физикалық машина
E) Абстракциялық машина емес, физикалық машина
4. Тьюринг машинасының құрамына ......... кіреді
A) ұяшықтарға бөлінген екі жағы шектелген лента
B) ұяшықтарға бөлінген бір жағы шектелген лента
C) ұяшықтарға бөлінген бір жағы шектелмеген лента
D) ұяшықтарға бөлінген екі жаққа шектелмеген лента
E) ұяшықтарға бөлінбеген бір жағы шектелмеген лента
5. Тьюринг машинасының құрамына ......... кіреді
A) ұяшықтарға бөлінген екі жағы шектелген лента
B) ұяшықтарға бөлінген бір жағы шектелген лента
C) берілген көп жағдайдың біреуінде бола алатын басқару құрылғысы
D) берілген екі жағдайдың біреуінде бола алатын басқару құрылғысы
E) берілген екі жағдайдың біреуінде бола алатын есептеу құрылғысы
6. Тьюринг машинасында оперецияның неше түрі бар?
A) Екі
B) Үш
C) Төрт
D) Бес
E) Алты
7. Тьюринг машинасында орындалатын операция түрін атаңыз:
A) Шолынып жатқан ұяшыққа жаңа функция жазу
B) Белгілеп алған ұяшыққа жаңа санды жазу
C) Шолынып жатқан ұяшыққа жаңа әріпті жазу
D) Лента бойынша жоғары/төмен жылжу немесе орнынан қозғамау
E) Лента бойынша бір ұяшыққа жоғары/төмен жылжу немесе орнынан қозғау
8. Тьюринг машинасында орындалатын операция түрін атаңыз:
A) Жаңа қалыпқа өту
B) Шолынып жатқан ұяшыққа жаңа функция жазу
C) Белгілеп алған ұяшыққа жаңа санды жазу
D) Лента бойынша жоғары/төмен жылжу немесе орнынан қозғамау
E) Шолынып жатқан ұяшыққа жаңа әріпті жазу
9. Тьюринг машинасында орындалатын операция түрін атаңыз:
A) Шолынып жатқан ұяшыққа жаңа функция жазу
B) Лента бойынша бір ұяшыққа оңға/солға жылжу немесе орнынан қозғамау
C) Белгілеп алған ұяшыққа жаңа санды жазу
D) Лента бойынша жоғары/төмен жылжу немесе орнынан қозғамау
E) Лента бойынша бір ұяшыққа жоғары/төмен жылжу немесе орнынан қозғау
10. Тьюринг машинасында есептеуді қарапайым әрекеттерді тізбектей орындау арқылы жүзеге асыратын қасиет қалай аталады?
A) Тізбектілік
B) Дәлдік
C) Үздіксіздік
D) Толықтылық
E) нәтижелілік
11. Алгоритмдер теориясының негізгі гипотезасын атаңыз:
A) Тьюринг тезисі
B) Пост тезисі
C) Формальді тезис
D) Түпкі жиындар
E) Жиындар
12. Алгоритмдер теориясының негізгі гипотезасын қалай теріске шығаруға болады?
A) Пост машинасымен шығарылатын алгоритмдерді құру
B) Пост машинасымен шығарылмайтын алгоритмдерді құру
C) Тьюринг машинасымен шығарылатын алгоритмдерді құру
D) Тьюринг машинасымен шығарылмайтын алгоритмдерді құру
E) Аналитикалық машинасымен шығарылатын алгоритмдерді құру
13. Пост машинасы қандай мақсатпен құрастырылды?
A) Алгоритм ұғымын нақтылау
B) бағдарлама құру
C) Тьюринг машинасымен шығарылмайтын алгоритмдерді құру
D) Тьюринг машинасымен шығарылатын алгоритмдерді жетілдіру
E) Есептеу үрдісін шапшаңдату
14. Пост машинасының құрамына ......... кіреді:
A) ұяшықтарға бөлінген екі жағы шектелген лента
B) ұяшықтарға бөлінген екі жаққа шектелмеген лента
C) ұяшықтарға бөлінген бір жағы шектелген лента
D) ұяшықтарға бөлінген бір жағы шектелмеген лента
E) ұяшықтарға бөлінбеген бір жағы шектелмеген лента
15. Пост машинасының құрамына төмендегілердің қайсысы кіреді?
A) ұяшықтарға бөлінген екі жағы шектелген лента
B) ұяшықтарға бөлінген бір жағы шектелген лента
C) ұяшықтарға бөлінген бір жағы шектелмеген лента
D) ұяшықтарға бөлінбеген бір жағы шектелмеген лента
E) каретка немесе оқушы, жазушы құрал
Дұрыс жауаптар коды
Сұрақ нөмірі | |||||||||||||||
Жауабы | B | E | B | D | C | B | C | A | B | D | A | D | A | B | E |
Компьютер архитектурасы
Информатиканың дамуында есептеу техникасы маңызды роль атқарады. Информатиканың CC ғасырдың ортасында ғылыми бағыт ретінде пайда болуы ақпаратты сақтауға және түрлендіруге бағытталған ЭЕМ-дің шығуымен тығыз байланысты. ЭЕМ пайда болуы, олардың өте тез дамуымен адам өміріне кеңінен ене бастауы жаңа “есептеу техникасы” деп аталатын ғылыми - техникалық бағыттың қалыптасуына әкелді.
Есептеу техникасы – кез келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны.
Есептеу техникасының түрлеріне:
- электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ-дер );
- есептеу жүйелері;
- есептеу желілері жатады.
Бір-бірімен нақты түрде байланысып, біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны есептеу жүйесі деп аталады. Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе компьютер болып саналады.
ЭЕМ ұғымына дәл анықтама беру күрделі сұрақ, себебі:
- электрондық ұғымы алғашқы элементтік базасы “электрондық” шамнан шыққан, ал қазір онда оларды “микроэлектрондық” деп атау керек;
- “есептеу” ұғымы алғашқы машиналардың басым көпшілігі шынымен де есептеу амалдарын орындауға негізделгендіктен болар, алайда қазіргі ЭЕМ есептеу үрдістеріне барлығы 10-15% қана уақыт жұмсайды, басым көпшілік операциялар мәліметтерді тасымалдау, салыстыру, енгізу - шығару, т.с.с. болып табылады.
Компьютер мәліметтерді өңдейтін және есептеулер жүргізетін, сол сияқты символдармен өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алатын бағдарланған электрлік құрылғы.
Компьютер негізгі екі класқа бөлінеді:
- цифрлы компьютерлер (мәліметтерді екілік кодтар түрінде өңдейді)
- аналогты компьютерлер (үздіксіз өзгеріп отыратын физикалық шамаларды өңдейді).
ЭЕМ құрылғылары белгілі бір заңдылықтармен өз деңгейлеріне, яғни архитектурасына сәйкес жұмыс атқарады. Барлық ЭЕМ-дер жұмысы осы негізгі архитектураға сәйкес жүзеге асырылады.
Компьютерлік құрылғыларды қарастырғанда оның архитектурасы мен құрылымын айыра білу қажет.
Осы күнде іргелі ғылымдардың бір бағыты болып табылатын “Компьютерлік математика” негізі алғашында Дж.Буль, кейінірек А.Тьюринг, Э.Пост, Дж.фон Нейман, К.Шеннон, А.А.Марков, соңына таман Н.Хомской, А.М.Ляпунов, Ю.И.Янов, С.С.Лавров сынды теоретик математиктердің еңбектері арқылы қаланған еді.
Осы ғалымдардың еңбектері сол кезден бастап әлі күнге дейін компьютерлік технологиялар аймағындағы инженерлік жұмыстардың негізі болып табылады.
Компьютер архитектурасы аймағында алғашқы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар жүргізген ғалымдар ретінде Г.Айкен, Д.Атаносов, К.Берри, Д.Моучли, П.Эккерт, К.Цузе, Джон фон Нейман, А.С.Лебедев есімдерін атауға болады.
ЭЕМ архитектурасы деп компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығын және олардың бір-бірімен байланысу сипатын айтады.
Компьютер архитектурасын қарастырғанда оған кіретін бөліктер құрамы, олардың өзарабайланысы, сол сияқты олардың атқаратын қызметтері мен мінездемелері анықталады.
Егер “Есептеу жүйелерінің түсіндірмелі сөздігіне” көз жүгіртсек “ЭЕМ архитектурасы” ұғымы оның негізгі логикалық бөліктерінің қызмет істеу принциптері, конфигурациясы және өзара байланысуын анықтайды.
Архитектура ұғымының мағынасын ашатын, оған жақын термин «функционалдық схема» сөзі. Құрылғылардың функционалдық схемасы бір-бірімен байланысқан көптеген төртбұрышты блоктардан тұрады, әр төртбұрыш белгілі бір әрекетті орындайтын тәуелсіз бөлік болып табылады. ЭЕМ жұмысын сипаттау кезінде «Бағдарлама» және «мәлімет» терминдері жиі қолданылады.
Бағдарлама – компьютер орындай алатын командалар жиыны, Бағдарламаны орындау арқылы ЭЕМ берілген тапсырмаларды автоматты түрде орындай алады.
Мәліметтер – компьютер өңдеуге тиіс берілген ақпарат. Ол сандар, мәтіндер, суреттер дыбыстар сияқты алдын ала ақпараттардан тұруы мүмкін.
Сонымен, егер Бағдарламалар – компьютердің ақпарат өңдеуге арналған басқару құралдары болса, мәліметтер өңдеуге болатын түрге келтірілген бастапқы ақпарат.
ЭЕМ архитектурасы дегеніміз – ЭЕМ жұмысын бағдарламалық басқаруға және оның негізгі функционалдық бөліктерінің өзара әсерлесуін жүзеге асыратын оны құрудың жалпы принциптері.
60- жылдардың ортасынан бастап есептеу машиналарын құруға деген көзқарас өзгерді, енді аппараттық және математикалық бағдарламалық жабдықтарды бір-біріне тәуелсіз құрмай, екі негізгі құралдардан, яғни аппараттық (hardware) және бағдарламалық (software) жабдықтардан тұратын жүйелер құрылатын болды. Осыған байланысты ЭЕМ архитектурасы деп аппаратты – бағдарламалық жабдықтарды құрудың жалпы принциптері мен олардың ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын мінездемелерінің жиынтығын атайды.
2 сурет. - ЭЕМ архитектурасының жалпы сызбасы
Компьютер құрылымы дегеніміз оның функциональді элементтері мен олардың арасындаға байланыс жиыны.
Кең таралған архитектуралық шешімдер:
- Классикалық архитектура (фон Нейман архитектурасы) – мәліметтер легі өтетін, бір арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), бұйрықтар легі өтетін бір басқару құрылғысы (БҚ). Бұл бір процессорлы компьютер. Ортақ шиналы дербес компьютер де осындай архитектуралы топқа жатады. Мұнда барлық функционалды бөліктер бір бірімен жүйелік магистраль деп аталатын ортақ шина арқылы байланысады.
- Көппроцессорлы архитектура. Компьютерде бірнеше процессордың болуы, мәліметтердің легі мен бұйрықтар легінің қатарынан көп болуын қамтамасыз ете алады. Бұл жағдайда бір есептің бірнеше фрагменті бірден орындала алады.
- Көпмашиналы есептеуіш жүйе. Мұндағы есептеу жүйесіне енетін бірнеше процессорда ортақ жедел зерде емес, әрқайсысында өз жеке зердесі болады.
- Параллельді процессорлы архитектура. Мұнда бірнеше АЛҚ бір БҚ басшылығымен жұмыс жасайды.
Компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері. Компьютерлердің басым көпшілігі 1945 ж. американ ғалымы Джон фон Нейман негіздеген төмендегі ортақ принциптер бойынша жұмыс жасайды.
- екілік кодтау принципі;
- бағдарламалы басқарылу прнципі;
- бағдарламаны жадта сақтау принципі;
- адрестік принципі.
Екілік кодтау принципі. Ақпараттарды екілік кодтауды қолдайды және ақпараттар сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді. ( Фон Нейман сандарды екілік жүйеде кодтау, операцияларды (арифметикалық және логикалық) екілік жүйеде берудің ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын дәлелдеді).