Лекция №8. Windows операциялық жүйесі

Дәрістің мақсаты: Windows операциялық жүйесінің элементтері мен негізгі қызметімен таныстыру.

Жоспар:

1. Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы.

2. Windows-тың объектілі бағытталған платформасы.

3. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру.

4. Windows-тың программалық құралдары.

Кілттік сөздер:Windows, терезе, бума, жарлық, объект, пиктограмма.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Windows— бұл негізгі объектілері терезе және белгі түрінде бейнеленетін графикалық операциялық жүйе. Windows жүйесінің негізгі түсініктері терезе, жұмыс үстелі, шарт белгілер, жарлықтар, бумалар болып табылады.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда бағдарламалар орындалады, мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүреді. Жұмыс үстелі - әр түрлі объектілер орналасатын Windows -тың әкраны. Шартбелгі - қысқаша сөз таңбасы бар кішкене графикалық бейне. Жарлық — белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бумада каталогтар мен бағдарламалар тобы орналасады.

Windows объектілерін басқаруды әртүрлі құрылғылармен, оның ішіндегі негізгісі тышқанмен ұйымдастыруға болады. Тышқан көмегімен Windows объектілерімен: тасымалдау, созу, қосу, белгілеу, ашу, жабу әрекеттерін орыңдауға болады. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жағы – қосымша болып табылады.

Қандай да бір объектіге тышқанды апарып, оның оң жақ батырмасын «бассақ, экранға динамикалық немесе контекстік /жанама/ деп аталатын бағыңышты мәзір командалары шығады.

Сұхбаттық терезе - бұп қосымша ақпараттар енгізілетін арнайы терезе. Онда Windows және оның косымшаларын баптау және басқару үшін қажет басқару әлементтері орналасады. Анықтама терезесі - Windows жүйесімен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу жайлы анықтамалық хабарларды шығару үшін қолданылады. Шекаралар - терезенің төрт жағынан қоршап тұрған жақтау.

Тақырып жолы (тақырып) - терезенің ең жоғарғы шекарасының астынан терезенің тақырыбы көрсетілген төртбұрыш. Жүйелік мәзір бепгісі - тақырып жолының сол жағында орналасады. Олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады. Жабу батырмасы - тақырып жолының оң жақ шекарасында икс (х) батырмасы. Кішірейту батырмасын шерткенде терезе жұмыс орнынан алынады да, тапсырма тақтасында тек қана батырмасы қалады. Аlt+ТаЬ-ты қолмен басу арқылы терезені қайтадан үлкейтуге болады. Үлкейту батырмасы - терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді. Қалпына келтіру батырмасы - терезені аралық-бейтарап жағдайына келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Мәзір жолы - тақырыптың төменгі жағында орналасқан жатық жолда командалар аты жазылған жол. Мәзір дегеніміз -берілген терезедегі орындауға болатын командалардың тізімі. Жұмыс аймагы - бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.

Windows - операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу. Сілтеу терезесі.

Файлды көшіру - жаңа бумада оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлды жылжыту - оның бір бумадан екінші бумаға көшірмесін алып, ескі орнынан өшіріп тастау. Қатар орналасқан бірнеше файлды белгілеу үшін бірінші файлды белгілеп алып, Shrift пернесін басып ұстап тұру қажет және соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп белгілеу керек.

Әр жерде орналасқан файпдарды белгілеу үшін, бірінші файлды белгілеп, Ctrl пернесін басып ұcтап тұру керек және керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп белгілеп отыру керек. Белгілеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет басу қажет. Белгіленген файлдарды көшіру үшін курсорды сол белгіленген объектінің бір шетіне алып барып, тышқан батырмасын басу керек және сол басулы күйінде ұстап тұрып, файл көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткізіп батырманы қоя береміз. Сонымен қатар, файлды белгілеп алып контекстік мәзір арқылы да көшіруге және өшіруге болады. Файпдар мен каталогтарды өшіру үшін оларды белгілеп алып, Delete пернесін басу қажет немесе Файл—Өшіру командасын орындау қажет. Файлдармен орындалатын басқа операциялар файлды дискетке көшіру үшін контекстік мәзірден Жіберу командаларын орындау. Файлдың атын өзгерту үшін, файлды белгілеп алып, Файл-Атын өзгерту командаларын орындау керек.

Алмастыру буфер арқылы мәліметтердің көшірмесін алу және жылжыту үшін Сілтеу бағдарламасы аркылы керекті файлды тауып, тышқанның оң жақ батырмасын басу керек, файлды алмастыру буферіне көшіру үшін – шыққан контекстік мәзірден Көшірме алу (Копироватъ) командасын, ал файлды жаңа орынға жылжыту мақсатында оны буферге қиып алу үшін -Қиып алу (Вырезать) командасын орындау. Сілтеу терезесінің сол жақтағы бөлігінде мәлімет тасымалданатын буманы ашып қойып, бос орынға тышқанның оң жақ батырмасын басу керек және шыққан контекстік мәзірден Енгізу (Вставить) командасын орындау қажет.

Wi Сілтеу –файлдық жүйенің кез келген объектісін қолданушы іздеп табуға көмек жасайтын және олармен қажетті әрекеттер орындайтын программа. Сілтеу программасын жүктеу тәсілдері:

· Пуск/программы/Проводник

· Негізгі менюде тышқан батырмасының оң жағын басып, жанама менюде Проводникті таңдау;

· Мой компьютер программасында жанама менюді шақырып, онда Проводникті таңдау

Сілтеуіш программасы екі бөлікке бөлінген. Сол жақ бөлікте жинақтауыштар атаулары және бумалар бейнеленеді. Бума атауындағы + белгі буманың ішкі бумаларды қамтитынын білдіреді. Ал оң жақ бөлік таңдалынып алынған буманың мазмұнын қамтиды.

Наши рекомендации