Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
1. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара іс-қимыл жүйесі қалай аталады?
A) Электронды кесте
B) Электронды машина
C) Электронды үкімет
D) Электронды лампа
E) Электронды пошта
2. Электрондық үкіметтің идеологиясы неге негізделген?
A) Сервистерді көрсетуге арналған инфрақұрылымды құру және сервистердің көздері
B) Сервистерді көрсетуге арналған стандарттарды құру және серверлер көздері
C) Сервистерді көрсетуге арналған факторларды құру және ақпарат көздері
D) Сервистерді көрсетуге арналған автоматты басқаруды құру және ақпарат көздері
E) Сервистерді көрсетуге арналған желілерді құру және сервистердің өздері
3. Қазақстан Республикасы Үкіметімен "электрондық үкiметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қашан қабылданды?
A) 2003 жылы
B) 2004 жылы
C) 2005 жылы
D) 2006 жылы
E) 2007 жылы
4. «Электрондық үкіметті» енгізу стратегиясына сәйкес «е-үкіметті» қалыптастыру және дамыту неше тұрады?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
5. «Электрондық үкіметті» дамытудыңбірінші кезеңі нені қарастырады?
A) қаржылық және заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы іске асыру транзакциялық өзара іс-қимылы
B) мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың кері және тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру
C) ақпараттарды кодтау мен шығаруды жүзеге асырады
D) ақпаратты жариялау және таратуды көздейді
E) ақпараттық қоғамды қалыптастыру
6. «Электрондық үкіметті» дамытудыңекінші кезеңі нені қарастырады?
A) қаржылық және заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы іске асыру транзакциялық өзара іс-қимылы
B) мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың кері және тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру
C) ақпараттарды кодтау мен шығаруды жүзеге асырады
D) ақпаратты жариялау және таратуды көздейді
E) ақпараттық қоғамды қалыптастыру
7. «Электрондық үкіметті» дамытудыңүшінші кезеңі нені қарастырады?
A) қаржылық және заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы іске асыру транзакциялық өзара іс-қимылы
B) мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың кері және тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру
C) ақпараттарды кодтау мен шығаруды жүзеге асырады
D) ақпаратты жариялау және таратуды көздейді
E) ақпараттық қоғамды қалыптастыру
8. «Электрондық үкіметті» дамытудыңтөртінші кезеңі нені қарастырады?
A) қаржылық және заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы іске асыру транзакциялық өзара іс-қимылы
B) мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың кері және тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру
C) ақпараттарды кодтау мен шығаруды жүзеге асырады
D) ақпаратты жариялау және таратуды көздейді
E) ақпараттық қоғамды қалыптастыру
9. Электрондық үкіметтің веб-порталының электронды адресі:
A) www.e.ukimet.kz.
B) www.e.gou.kz.
C) www.e.uk.kz.
D) www.e.gav.kz.
E) www.e.gov.kz.
10. Мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынасты электронды үкімет ішіндегі G2C деп аталатын негізгі үлгілердің бірі нені білдіреді?
A) мемлекет-азаматтар
B) мемлекет-бизнес
C) мемлекет-мемлекет
D) мемлекет-банк
E) мемлекет-адамдар
11. Мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынасты электронды үкімет ішіндегі G2G деп аталатын негізгі үлгілердің бірі нені білдіреді?
A) мемлекет-азаматтар
B) мемлекет-бизнес
C) мемлекет-мемлекет
D) мемлекет-банк
E) мемлекет-адамдар
12. Мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынасты электронды үкімет ішіндегі G2B деп аталатын негізгі үлгілердің бірі нені білдіреді?
A) мемлекет-азаматтар
B) мемлекет-бизнес
C) мемлекет-мемлекет
D) мемлекет-банк
E) мемлекет-адамдар
13. Электрондық үкімет бағдарламасы қай жылы іске қосылды?
A) 2003 жылы
B) 2004 жылы
C) 2005 жылы
D) 2006 жылы
E) 2007 жылы
14. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алулар веб-порталында электрондық қалыпта баға ұсынымдары арқылы жүзеге асатын болады. Осы веб-портал атауы қандай?
A) www.goszak.gov.kz.
B) www.govzakup.gav.kz
C) www.goszakup.gov.kz
D) www.gossatu.gov.kz
E) www.gossat.gou.kz
15. 5 таңдалған қызметке «Электрондық әкімдік» жүйесінің түп тұлғасы әзірленіп, алдымен қай облыстың әкімдігіне тәжірибелі пайдалануға ендіру жүргізілді?
A) Қарағанды
B) Қызылорда
C) Ақмола
D) Жамбыл
E) Павлодар
16. «Электрондық үкімет» веб-порталы қандай қағида бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыру механизмі болып табылады?
A) «бір терезе»
B) «бір тақта»
C) «бір сайт»
D) «бір құжат»
E) «бір жоба»
Дұрыс жауаптар коды
Сұрақ нөмірі | ||||||||||||||||
Жауабы | C | A | B | D | D | B | A | E | E | A | C | B | C | C | E | A |
Электронды оқыту «E-learning»
E-learning - (Electronic Learning) —электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің мүмкіндіктерін қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық және электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминдерінің синонимі.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
- Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
- Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с);
- «Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;
- Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS;
- Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS;
- Тестіні басқарудың ішкі жүйесі - TMS;
- Дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM;
- Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,
- Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.
Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?
Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.
Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.