Бүйректің сандық аномалиялары
Орындаған: Ташметова Л.М.
Факультет: ЖМ -11
Топ: 042-2к
Курс: IV
Тексерген: Танкеев Р.У.
Алматы 2014 ж
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Бүйрек қызметтері
Бүйрек аномалияларының жіктелуі
Бүйректің шама-көлемінің аномалиялары
Бүйректің сандық аномалиялары
Бүйректің орналасу аномалиялары
Бүйректің ара-қатынастық аномалиялары
Бүйректің құрылымы аномалиялары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бүйрек, ren seu nephros-несепті түзуші,сыртқы пішіні үрме бұршақ тәрізді,паренхиматозды,жұп экскреторлық ағза.Іш қуысының артқы қабырғасының тұсында, омыртқа бағанасының бүйір қапталында, XII кеуде омыртқа мен I бел омыртқаның аралығында бүйрек қапшығының ішінде орналасқан.
Ең негізгі қызметтері:
ü Несепті түзіп,шығару(азотты алмасудан пайда болған өнімдер мен ксенобиотиктер:токсиндер,дәрі-дәрмектер)
ü Қышқылдық-сілтілік гомеостазды сақтау
ü Су мен тұз алмасуын реттеу
ü Артериялық қан қысымын реттеу
ü Белоктар мен көмірсулар алмасуын реттеу
ü Урокиназаны синтездеп,қандағы тромбоциттердің белсенділігін реттейтін факторды синтездеу
Әр түрлі туа біткен бүйрек ақаулары өте сирек кездеседі және жаңа туылған нәрестені өлімге алып келеді. Даму механизмі:
- тұқым қуалайтын хромосомдық аурулардан;
- ұрықтық даму кезеңінде тератогенді факторлардың әсерінен зәр шығару жолдарының зақымдануынан;
Әр түрлі туа біткен бүйрек ақаулары бүйрек құрылысының,санының,орналасуының,қан айналым жүйесі мен нервтелуінің өзгерістерінен болады.
Негізінен бүйрек аномалияларын уролог-дәрігерлер 5 топқа жіктейді:
сандық аномалиялар;
ара-қатынастық аномалиялар;
орналасу аномалиялары;
шама-көлемінің аномалиялары;
құрылымдық аномалиялар.
Бүйректің сандық аномалиялары
Бүйрек аплазиясы(агенезия)-туа пайда болған бір бүйректің немесе қос бүйректің болмауы,көп жағдайда бір бүйректің болмауынан бір несепағарда болмайды.Жалғыз бүйрек қалыпты дамығандықтан, екіншісі көрініс бермеуі мүмкін.Сондықтан бір бүйрек екінші жоқ бүйректің қызметін өзі атқарады, гипертрофияға ұшырайды.Ал қос бүйректің аплазиясынан нәресте өмірге қабілетсіз және көп жағдайда өлі туылады.
Симптомдары: шөлдеу,құсу,полиурия,бүйрек жеткіліксіздігі,гипертония.
Диагностикасы:КТ, УЗИ,экскреторлық урография,бүйрек ангиографиясы,цистоскопия.
Емі:Бүйрек қызметінің бұзылуына байланысты,коп қолданылатыны операциялық жолмен алып тастау немесе бүйрек трансплатациясы.
Қосалқы үшіншілік бүйрек-өте сирек кездесетін аномалия,бұл ақау іс жүзінде біржақты.Қосалқы бүйрек өзінің қан айналым жүйесінен,фиброзды және майлы капсуласынан,несепағардан тұрады,ол негізгі бүйректің несепағарына немесе өздігінен қуыққа ашылады.Бұл ақау клиникалық ешқандай көрініс бермейді.
Симптоматикасы: ауыру сезімі,АҚ жоғарлауы,зәрде қанның болуы,жоғары температура.
Диагностикасы:Ультрадыбысты тексеру,цистоскопия, эхография, компьютерлі және магнитті-резонансты томография, экскреторлы урография.
Емі:емдеу керек емес,егерде бүйректе гидронефроз,қабыну,ісік болса хирургиялық жолмен алып тастау.
Бүйректің екі еселенуі-өте жиі кездесетін,жұп бүйректің біреуі екі еселенеді.Мұндай бүйрек көлемді келеді,қалыпты,кейде бөліктерге бөлінеді.Әр бүйрек ішіне бүйрек артериясы енеді.Екі еселенген бүйректе әр қайсысының өз түбекшесі,несепағары болады,әдетте жоғарғы бүйректің түбекшесі дамымайды.Несепағарлар бөлек жүріп,қуыққа жеткенде әр қайсысы бөлек аяқталады.Кейде бір несепағар екіншісімен қабысып кетеді.Сөйтіп екі бөлек бүйрек қалыптасады.Бүйрек паренхимасы мен қан тамырдың екі еселенуі түбекшенің екі еселенуінсіз жүрсе толық емес екі еселену деп есептеледі.
Симптоматикасы:ауыру сезімі,АҚ жоғарлауы,зәрде қанның болуы,жоғары температура.
Диагностикасы: Ультрадыбысты тексеру,цистоскопия, эхография, компьютерлі және магнитті-резонансты томография, экскреторлы урография.
Емі:Бүйрек қызметі 60% функциясын атқарып тұрса антирефлюксті операция,экстракорпоральді тасты ыдырату,геминефроэктомию,нефрэктомию.