Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбінесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік редактор – символдық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар. Функционалдық мүмкіндіктерінің әр түрлілігіне, жұмыс істеуді меңгеруіне байланысты мәтіндік редакторлардың жүздеген түрлері бар.
Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты программалар мәтіндерінің редакторлары, құжаттар редакторы, мамандандырылған редакторлар деп 4-ке бөлінеді.
Бағдарламалар мәтіндерінің редакторлары бағдарламалау тілінің немесе бағдарламалар мәтіндерін енгізуге және редакторлеуге арналған. Олармен орындалатын функциялардың саны көп емес – бағдарламаны жолға жазу, программа мәтінін сақтау және оқу.
Құжаттар редакторлары құжаттың құрылымы бар, яғни бөлімдерден, беттерден, өрістерден, абзацтардан тұратын мәтіндермен жұмыс істеуге бағдарланған.
Баспа жүйелері жоғары сапалы күрделі құжаттарды (жарнамалық буклеттер, газеттер, журналдар, кітаптар) құруға мүмкіндік береді.
Мамандырылған редакторлар құжаттың құрамында формулалар (математикалық, химиялық) және арнайы символдар (нота таңбалары) кездесетін құжаттармен жұмыс істейтін қолданушыларға арналып құрастырылған.
Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:
- мәтінді енгізу;
- редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);
- құжатты сақтау;
- жариялау;
- құрылған құжатты іздеу және ашу;
- аудару.
Мәтінді енгізу. Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.
Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.
Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).
RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі - оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.
DOC -бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000 және MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).
HTML (Hypertext Markup Languange) - Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.
Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:
- құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);
- электрондық жариялау (электрондық пошта арқылы, тасуышта );
- Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).
Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:
- Символ (таңба, әріп, цифр, т.с.с.) – мәтіннің ең кіші негізгі графикалық өлшемі. Символ мынадай параметрлермен анықталады: гарнитура – шрифт түрі; пункт, кегль – шрифт өлшемі; кескіні (ж, к, ч); түсі.
- Абзац- аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.
- Колонтитул – құжаттың әрбір бітінде қайталанатын элемент (жоғарғы және төменгі колонтитул).
- Сілтеме (сноска) – белгілі бір ұғымға түсініктеме беру.
- Мәтіндерді форматтау – символдарды, жолдарды, абзацтарды, беттерді көркемдеу процесі.
- Символдарды форматтау – шрифтті, өлшемін, кескінін, символдардың ара-қашықтығын таңдау.
- Шрифтерді форматтау – енгізілген символдардың параметрін өзгерту.
- Беттерді форматтау - өрістерді орнату, ориентацияны таңдау, қағаз өлшемін таңдау.
MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері.
MS Word – MS Office дестесінің құрамына кіретін мәтіндік құжаттарды құруға, қарап шығуға, баспаға шығаруға, модификациялауға арналған Windows басқаруындағы программа.
Қазіргі уақытқа дейін MS Office Word бағдарламасының келесі нұсқалары шығарылған: Word 6.0, 7.0 (95), 8.0(97), 9.0(2000), 10(ХР), 11(2003), 12(2007), 13(2010).