Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

Сертификаттаудың мақсаттары

Адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау,

Өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін,

Xалықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару

  1. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды ҚР-ның Үкіметі белгілеген стандартау, метрология және сертификатау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
  2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

  1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:
    1. Стандартау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган;
    2. Өнімді үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар;
  2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» негізінде саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Ақпараттық орталық құрылды. Ақпараттық орталықтар республиканың 15 облысында ашылды. «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ Шығыс-Қазақстандық филиалы - солардың бірі Өскемен қаласында жұмыс істейді. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 10 бабына сәйкес /11.07.2005 ж. № 718 ҚР ҮҚ/ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіп бойынша Ақпараттық орталық құрылып, қызмет жасайды.

Орталықтың қызметі:

1. ДСҰ Хатшылығының хабарламаларын өңдеу, өнім, үрдіс сәйкестігін растау шаралары және оларға өзгерістер енгізу, стандарттау, мүдделі тараптарды ТБТ және СФС бойынша ДСҰ-ның Келісімдеріне сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету, мүдделі тараптарды техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында қолданыстағы немесе дайындалып жатқан нормативті құжаттар туралы ақпаратпен және олардың көшірмесімен қамтамасыз ету,

2. нормативті құжаттарды енгізу және маңыздылығын арттыру, техникалық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, санитарлық және фитосанитарлық шара жұмыстарын ұйымдастыру, ұйымдық стандарттау жобаларын, мекеменің каталогтық беттерін сараптау және дайындау,

3. техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы нормативті құжаттарды құрастырушы тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4. техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы нормативті құжаттармен пайдаланушыларды қамтамасыз ету;

5. ұйымның стандарттарын тіркеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру.

Қазіргі таңда біз ғаламдық нарық талаптарымен жұмыс істейміз және өмір сүрудеміз. Мекемелерде халықаралық стандарт талаптарына сәйкес, сапа менеджменті жүйесінің болуы, оның сапасы мен қауіпсіздігі және сенімділігінің кепілі бола алады. СМЖ-нің басты принциптері мемлекеттік басқару органдарына, білім беру жүйесі мекемелерінде, сондай-ақ бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындарында қолдануға тиімді. Қазіргі таңда СМЖ-ін енгізу және дайындау бойынша консалтингтік қызметтерді көрсететін мекемелердің бірі болып, «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ табылады.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - Институт) – стандарттау бойынша нормативті құжаттарды іске асыру жөнінде – Интернет-дүкені (бұдан әрі - Интернет-дүкені) ақпараттық жүйесін әзірледі және ендірді.

Біздің Интернет-дүкенінде (ҚР СТ) мемлекеттік стандарттардың, мемлекетаралық стандарттардың, Қазақстан Республикалық аумағында қабылданған (ГОСТ), аймақтық стандарттардың (ГОСТ Р, СТБ), шетелдік елдердің ұлттық стандарттардың (ASTM, BSI, DIN), халықаралық стандарттардың (ИСО, МЭК, ИСО/МЭК) электронды көшірмелерін және стандарттау бойынша басқа құжаттар.
Институттың Интернет-дүкені арқылы таратылатын ақпараттық өнімі дұрыс, көкейтесті ақпаратты және ресми статусқа ие.
Институттың Интернет-дүкені Техникалық реттеу және метрология Комитеттік сайтының жүйесі болып табылады және http://memst.kz мекенжайы бойынша электронды қызметтер бөлімінде орналасқан.

Наши рекомендации