Сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
151. Пәндік нәтиже бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) 130-150 лексикалық минимумды, 5-9 сыныптардың соңында 1140- 1180 лексикалық минимумды;
2) сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолдануды;
3) туынды және күрделі сөздерді орынды пайдалануды;
4) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды;
5) лексикалық минимум көлеміндегі сөз таптарының түрлену ерекшеліктерін;
6) етістіктің рай, шақ түрлерін;
7) құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдерін;
8) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
9) мәтіннің құрылымын білуі тиіс.
152. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіне алу; отбасы тәрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет галареяларына қатысты айтылған ақпараттарды түсінеу және қолдана алу; сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын;
2) оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне, Қазақстандағы мәдени орындарға, радио, теледидар хабарларына байланысты мәтіндерді оқып, түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-мәтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдану; адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын;
3) айтылым:өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алу; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға қатысты өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын;
4) жазылым:өзара байланысты өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажыратып, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат жаза білу; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре алу; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш құралдарды таба алу, оларды өзара салыстыру, өзінің жазған мәтінінде қолдана алу дағдыларын;
5) тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сұхбаттаса алу; күнделікті қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырыпқа сай етіп құрау; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатыса алу; сөйлесім әрекетінде сөз мәдениетінің нормаларын сақтап қолдану; тілдік жағдаяттарға тән этикеттік орамдарды орынды пайдалана алу; таныс жағдайларға байланысты нақты берілген конструкцияларды пайдаланып, ой бөлісе алу; пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
153. Тұлғалық нәтиже 5-9-сынып оқушыларының:
1) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
2) туған жеріне, ауылына/қаласына деген шынайы сүйіспеншілігінен;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясының, мемлекеттік рәміздерінің құндылықтық мәнін тани алуынан;
4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
5) салауатты өмір салтын сақтауынан;
6) қоршаған ортадағы табиғатқа: жан-жануарларға, өсімдіктерге ізгілікті қарым-қатынас жасауынан;
7) рухани-мәдени мұраларға деген саналы көзқарастарынан көрініс табуы тиіс.
154. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:
1) нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай құрылған сөйлемдерді түсіне алуынан;
2) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;
3) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;
4) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолдануынан;
5) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;
6) мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан;
7) ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жаза алуынан, онда бейнелеуіш құралдарды орынды қолдана алу дағдыларынан;
8) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
9) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;
10) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;
11) белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;
12) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатысып, өз ой-пікірлерін білдіруінен;
13) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан;
14) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрініс табуы тиіс.