Жеке электронды дукен артықшылықтары
ИНТЕРНЕТ ДҮКЕНІН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Желілік электронды дүкен
Интернет желісі арқылы тауарларды сатып алу тақырыбы қазіргі таңда тек арнайы журналдарда ғана емес, жиі ауызға алынатын тақырып болып кетті. Ол жайында, үйреншікті сатып алу процесіне деген көзқарасты өзгертіп, экономикаға қомақты әсерін тигізе алады деп айтуда. Электронды коммерцияның дамуының маңызын Интернет желісінің ары қарай дамуымен тығыз байланыстырады. Бұл, яғни электронды дүкен Желі үшін оның дамуына қаражат әкеле алатын қозғалтқыш күш болып табылады.
Электронды дүкендер — ақпараттық технологиялар саласындағы төңкеріс
Егер біз техникалық теминдерді қолданбай, қарапайым сөзбен айтар болсақ, онда электронды дүкен анықтамасын келесідей беруге болады: бұл сіздер тауарларды және/немесе қызмет қөрсетулерді дүние жүзі бойынша барлық желі қолданушыларына сататын және жарнамалайтын Интернеттегі орын (яғни адрес).
Егер сіз нақты терминдерді қаласаңыз, онда электронды дүкен бұл – Интернет желсінде бизнесті жүзеге асыру мақсатында екі «материалды емес материяның» үйлесімі: компьютерлік ақпарат және олардың электронды орналасуы.
Компьютерлі ақпарат жағынан: ақырғы соңда сіздің дүкенінізге айналатынның барлығы (яғни экранда пайда болатын компания логотипі, фирма жайындағы ақпарат, өнім каталогы және т.б.) сіздің немесе фирманың иелігіндегі компьютерде туындайды, ол арқылы сіз Интернет желісіне қосыласыз, және де барлық ақпарат сонда сақталады.
Электронды орналасуы жағынан: дүкен жазылған компьютер интернеттің бір бөлігі, сондақтан ол оған кіріп шыққысы келген немесе ақпаратпен танысқысы келген желінің кез-келген қолданушысы үшін ашық.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардағы төңкеріс бизнесті жүргізу жайындағы барлық дәстүрлі көзқарастарды өзгертуде. Электронды коммерция әдеттегі бәсекелестіктегі мүмкіндіктерді теңестіреді, яғни үлкен және кішігірім компанияларға бір деңгейдегі сапа, баға және өнім түрлерінен сайысқа түсуге мүмкіндік береді. Жергілікті газетте жарнама беру бағасымен теңдей бола отырып, ол сауда ұжымдарына дүниежүзлік нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кішігірім компаниялар үшін кейде жалғыз мүмкіндік.
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің алға жүруі жағынан немесе потенциалды сатып алушыларды хабарландыру жағынан (бұл жағдайда, Интернет желісінің қолданушылары) электронды дүкендер де сол баяғы функцияларды атқарады, мысалға:
- брошюралар мен листовкалар;
- каталогтар;
- газеттер мен журналдардағы хабарландырулар;
- радио және телевизиядағы роликтер;
- плакаттар және жарнамалық тумбалар.
Алайда электронды дүкеннің оларға қарағандағы ерекшелігі, оған деген сұраныс жоғалғаннан кейін өзі де қоса жоғалып кетпейді (мысалға, газет бетіндегі жарнама). Ол еш нәрсеге тәуелсіз жұмыс істей береді, яғни өз қызметтерін сіздің қалауыныздың шегіне дейін ұсынып, сіздің уақытыңызды шектемейді.
Сонымен қатар, сіздің қолынызда сатып алушылармен байланысты қамтамасыз ететін түрлі интерактивты байланыс құрылғылары бар, олар мультимедияға негізделген және де тапсырыстарды өңдеуде де колданылуы мүмкін.
Электронды дүкенді құру ақпарат пен жарнаманы жаюға негізделген болатын болса, онда Интернеттегі бизнесті элктронды пошта, таратулар тізімі мен телеконференциялар арқылы жүзеге асыруға болады, олар да сол мақсаттарға құрылған емес пе? Бірақ мұндай байланыс формалары өте тартымды болғандықтан, жарнама тарату мақсатыда қолданылған келдерінде қолданушылардың бұрыс реакциясын туғызады. Мультимедиялық мүмкіндіктері бір жағынан дүкендердің түрлі-түсті витриналарына жақын WWW жүйесі, Интернеттегі жарнама мен коммерция үшін артығырақ.
Электронды дүкендер басқарушылар үшін жаңа, қолданыстағы жарнама түрлерінен асып түсетін мүмкіндіктерді береді, оның қызмет алаңы мен аудиториясы күннен күнге кеңеюде.
Жеке электронды дукен артықшылықтары
Бүгінгі күнде әрбір фирманың, оның өз өнімдерін бүкіл әлемге ұсынуға мүмкіндік беретін жеке электронды дүкені болуы мүмкін. Өйткені олар кез-келген мезгілде осондай дүкенге кіріп, сол мезгілде өздерінің тапсырысын беру мүмкіндігі ие. Артықшылығы айқындай анық – уақыт үнемділігі. Тапсырыс берушіге сатушыға жолуғудың қажеті жоқ, сатушының өзі потенциалды сатып алушыларға өз ұсыныстарымен келеді
Сіздің электронды дүкеніңізде сатып алу және сату операцияларын қай жерден немесе қай уақытта болмасын жүзеге асыруға болады. Ол үш тек компьютер және желімен байланысты қамтамасыз ететін кез-келген құрылғы қажет.
Бүгінгі таңда әрбір адам және әрбір мекеме өзінің қоғамдық статусы жайлы, Интернет адресінің болуы және электронды дүкені болуы жайында ойлануда, ол яғни әсіресе бизнес жайыда заманға сай жүруін білдіреді.