Интернеттің жетістіктері

Кіріспе

Соңғы жылдары Қазақстанда жедел қарқынмен Интернет дамуда, және халықтың көп бөлігі үйде немесе жұмыста оның ресурстарына шыға алады, осы бағытты жарнамалық мақсаттарда пайдалану қажеттігі туындайды.

Меншікті web-сайттын болуы бүгінде бедел көтеру және пайдаланушыларды тарту ғана емес, жай ғана қажеттілік болып саналады.

Сонымен қатар, қазіргі жастар соңғы уақытта салауатты және белсенді өмір салтын сирек жүргізеді, осыған байланысты әр түрлі спорт түрлерін дәріптеудің орны бөлек. Аталған жобаның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, түрлі бағыттағы спорт түрлерінің аудиториясына таныстыру.

Футбол-командалық спорт түрі, мақсаты, допты қарсылас команда қақпасына аяқпен немесе басқа да дене бөліктерімен (қолдан басқа) қарсылас командаға қарағанда көбірек соғу. Қазіргі уақытта әлемдегі ең танымал және бұқаралық спорт түрі.

Бүгінгі таңда футбол барлық құрлықтарда және жер шарының әр бұрышындағы ең танымал ойындардың бірі болып табылады.

Тек футбол ғана біздің жүрегімізді жиі соғуға мәжбүр етеді. Менің ойымша, осы ойынның шегі жоқ, және ол әрі қарай дамиды және жетілдіріледі. Өйткені, мұның бәрі көрермендер мен жанкүйерлер үшін жасалады.

Футбол спортын жастар арасында насихаттау үшін қазіргі заманғы технологияларды, әлеуметтік желілерді, және интернет желісін қолдану керек.

Бұл ретте web-сайт жастардың тұрғысынан барынша қызықты болуы тиіс, атап айтқанда өз шынайылығымен көзге түсуі керек.

Сайтта пайдаланушылар осы саладағы әр-түрлі ақпараттармен таныса алады және ақпараттық және оқыту материалдарын жүктеп алуға мүмкіндігі болады. Сондай-ақ белгілі спортшыға қатысты өмірінен соңғы жаңалықтарымен таныса алады.

Ғаламтордан ақпарат іздеген және Интернет желісіне қосылған әлеуметтік топтардың саны, барлық уақытта ақпараттық технологиялар саласына жатпайтын мамандар есебінен өсуде.

Бұл дәрігерлер, құрылысшылар, тарихшылар, заңгерлер, қаржыгерлер, спортшылар, саяхатшылар, діни қызметкерлері, әртістер, жазушылар, суретшілер. Тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Өзінің кәсіби қызметі немесе қызығушылығы үшін желі пайдалылығы мен қажеттігін сезген адам, "Дүниежүзілік Тордың" ақпарат тұтынушыларының үлкен армиясына қосылады.

Web-технологиясы қоғамның ақпаратпен және де компьютермен жұмысы туралы түсінүгін толық бұрып жіберді. Бұл есептеуіш техниканың дәстүрлі даму параметрлері-өнімділік, өткізу қабілеті, есте сақтау құрылғысының сыйымдылығы - жүйенің бас "тар орындары" - адаммен интерфейсін ескермеген. Адамның ақпараттық жүйемен ескірген әрекеттесу механизмін жаңа технологияларды енгізу бөгеп тұрды. Адам мен компьютер арасындағы интерфейс кәдімгі адам қабылдауына дейін жеңілдетілгенде есептеу техникасы мүмкіндіктеріне бұрын-соңды болмаған қызығушылық пайда болды.

Гипертекстік белгілер технологияларының дамуымен Интернетте тақырыбы мүлдем әр түрлі көп сайттар пайда болды - ірі компаниялардың жетістіктері туралы баяндайтын сайттардан, кішкентай фирмалардың сайтына дейін.

Дипломдық жобаның мақсаты "HTML гипермәтіндік тілінде ақпараттық сайт құру"

Міндеттер:

Интернетке жалпы шолу

1. HTML-гипермәтіндік тіліне жалпы шолу;

2. Сайттың бағдарламалық жобасын іске асыру;

3. Сайтты HTML, CSS көмегімен құру.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы ақпараттық сайт құру. Ал ақпарат деген өте көп солардың ішінде ауқымды тақырыптардан бастап кіші тақырыптарға шейін жетерлік. Соның ішінде мен қазіргі Франция елінде өтіп жатқан "UEFA EURO 2016" турнирын таңдап алдым.

І. Қазіргі интернет ұғымы

Интернетке жалпы шолу

Интернет жүйесі жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бµлетін желіаралық хаттама.

TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады .

Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда миллиондаған адамдар білім беру мекемелерінен, мемлекеттік ұйымдардан, коммерциялық кәсіпорындардан және әлеуметтік желілердің сан мыңдаған қайнар көзінен ақпарат алады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.

Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

Интернеттің жетістіктері

Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернет -пен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.

Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.

Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.

Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернет-ке сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.

Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады.

Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.

Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.

Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады.Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.

Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.

Наши рекомендации