Оқытудың соңғы нәтижелері
А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Медициналық білім беру
басқармасының басшысы,
М.ғ.к._________У.Б.Татыкаева
Жыл
Гистология- 2» пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Пән коды:Gist-2 3206
Мамандығы: 5В130100– «Жалпы медицина»
Барлық кредит саны: 3
Тәжірибелік сабақ - 45 сағат
СӨЖ - 45 сағат
ОбСӨЖ -45
Оқу семестрі: 5, 6
Курсы: ІІІ
Емтихан: VІ семестр
Оқу сағатының көлемі:135 сағат
Түркістан - 2015
Силлабус "Жалпы медицина" мамандықтарының 01.12.2006 ж. №582 бұйрықпен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және университет Сенатымен (26.06.2013 жылы №6 хаттамасы) бекітілген негізі оқу жоспары негізінде ҚР ДСМ ( №11 хаттама, 14.06.2007 ж.) "Медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының университеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өңдеу" бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сәйкес дайындалған жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Силлабус «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедра мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № ____ «_____» ___________2015ж.
Кафедра меңгерушісі _____________м.ғ.к. , доцент Б.С. Бегалиев
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрайымы _____________ оқытушы Ү.М.Амирешова
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрайымы_________________магистр оқытушы К.Б.Бураева
1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Жұмашов Сейдулла Нұрахұлы- м.ғ.д
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Ағзаға экзо және эндоген факторлардың әсерін тәжірибелік жолдармен зерттеу.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері:83- тен астам жарияланымдар, оның 7 оқу құрал, 2 – оқулық, ғылыми мақала-74, ізденуші – 4.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті,Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, (142 бөлме). сымтетік: 6-36-36, ішкі нөмір 13-07; e.mail. [email protected].
Ажаев Совет Ажайұлы м.ғ.к, доцент, ХҚТУ профессоры
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы- Түркістан аймағындағы тұқымқкуалаушылық аурулардың таралуы және спектрі
Ғылыми және әдістемелік еңбектері:50- тан астам жарияланымдар, оның 7 оқу құрал, 3 – оқулық, ғылыми мақала - 28, 11 тезис.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті,Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, (247, 255 бөлме). сымтетік: 6-36-36, ішкі нөмір 13-14; e.mail. [email protected].
Тастемирова Бибігүл Тұрсынбекқызы- магистр - оқытушы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –“ Түркістан қаласының жоғарғы сынып оқушылары ағзасындағы физиологиялық процестерді денсаулықты бағалауда қолдану”
.Ғылыми және әдістемелік енбектері: ғылыми мақала - 15 .
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ, университет қалашығы, Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, ауд. 261. Тел. 6-36-36, ішкі нөмір 13-14; e-mail: [email protected]
1.2. Байланыс ақпараты:ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті,Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, сымтетік: 6-36-36, ішкі нөмір 13-07,13-14. e.mail. [email protected].
1.3. Пәннің саясаты – Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымдық (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Бағдарлама
Кіріспе
Гистология-2 мүшелер құрамында әртүрлі тіндердің құрылысы, тіршілік әрекеттері және өзара әрекеттесуі туралы ғылым. Ол басқа фундаменталды пәндерді және ішкі аурулар пропедевтикасын оқып білуге негіз қызметін атқарады. Ересек адамдарда және балаларда негізгі мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну үшін, ең кең таралған синдромдардың пайда болу патогенездік және патоморфологиялық механизмдерін білу үшін жасушалар мен тіндердің қалыпты құрылымын мүшелер мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гистологиялық құрылысын білу керек.
Интеграцияланған оқытудың ұстанымдарына сәйкес гистология - 2 оқу пәнінің көлемі мен мазмұнын балалық шақтың патологиясы, ерекшеліктерін қамтитын ішкі аурулар пропедевтикасының талаптары анықтайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Салыстырмалы үлестірілімі |
Б1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ : медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады | 0,7 |
Б 1.2 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі. | 0,2 |
Б 3.1 | КӘСІБИ ТҰЛҒА - ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: үнемі оқуға деген қабілетін көрсетеді. | 0,1 |
2.2. Пәннің мақсаты:
Модульдік принцип және фундаменталды пәндермен интеграциялау негізінде адам мүшелері жүйелерінің (жүрек-тамыр, тыныс алу, тері және оның туындылары, несеп-жыныс, асқорыту және қан өндіру, эндокриндік, нерв, тірек-қимыл) гистологиялық құрылысы туралы біртұтас білім қалыптастыру.
2.3. Оқыту міндеттері:
1. Студенттерде құрылым мен қызметтің ұштастығы көзқарасынан және жарық, электрондық микроскопиялық мәліметтер негізінде әр түрлі жастағы ересек және балалардың негізгі мүшелер жүйелерінің тіндік және жасушалық құрамы бойынша білім қалыптастыру.
2. Физиология-2, патанатомия -2, патофизиология-2, жеке жүйелерді тексеру әдістеріне қатысты ішкі аурулар пропедевтикасының бөлімін игеру үшін қажет базистық морфологиялық білімдерді қалыптастыру.
Оқытудың соңғы нәтижелері.
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды. - Жарық, электрондық микроскопиялық мәліметтер негізінде әр түрлі жастағы ересек адамдардың және балалардың негізгі мүшелер жүйелерінің тіндік және жасушалық құрамын; Түсінеді. - Мүшелер және мүшелер жүйелерінің қызметтер атқарылуда олардың құрылымдық құрамдастарының рөлін; - Мүшелердің гистогенезінің, құрылысының, гистофизиологиясының және регенерациясының жалпы заңдылықтарын; - Әртүрлі физиологиялық және қорғаныш-бейімдену реакцияларға байланысты кейбір мүшелердің жасушалық құрылымдарының өзгерістерін айырып тануды; Қолданады. - Гистологиялық препараттарды микроскопиялық зерттеудің және тіндерді идентификациялаудың (ұқсатудың) машықтарын; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік. - Биологиялық микроскоптың құрғақ және иммерсиялық жүйелерін қолданып, мүшелердің гистологиялық препараттарын микроскопиялық зерттеуді дәлділікпен орындайды. - Гистологиялық препараттың суретін салу немесе оны зерттеудің хаттамасын жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді. - Микропрепараттармен жұмыс жасау және оларды талдау, клиникалық және аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастырады, іс-әрекетінде ғылыми жұмыстардың; |
Б 1.2 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ. | Білім (когнитивті) домені: Қолданады. - Мүшелердің эмбриондық даму көздерін, гистологиялық құрылысының ерекшеліктерін микроскоппен зерттеп және оны атластағы суретпен салыстырып, толық мағыналы түсіну үшін қосымша ақпараттар көздерін; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік. - Микропрепараттарда мүшелер мен мүшелер жүйесінің тіндерінің жасушалық және жасушалық емес құрылымдарын зерттеуді дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және ұйымдастырады. - Ғылыми, медициналық әдебиеттермен, интернет ресурстармен, микроскоп және микропрепараттармен өзіндік жұмыс жүргізудің құндылықтарын үлестіреді және ұйымдастырады. |
Б 3.1 | КӘСІБИ ТҰЛҒА (3) - ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ. | Білім (когнитивті) домені: Қолданады. -Өзін-өзі дамыту мақсатында үнемі оқуға деген қабілетін көрсету үшін өздігімен микропрепараттарды зерттейді және интернет ресурстарын, қосымша ақпарат көздерін; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік. -Гистологиялық препараттарды талдауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және ұйымдастырады. - Өзін-өзі дамыту мақсатында уақытының құндылықтарын үлестіріп, тиімді ұйымдастырады. |
2.5. Пәннің пререквизиттері және постреквизиттері:
Пререквизиттер: молекулалық биология және медициналық генетика, анатомия -1, гистология -1, физиология -1.
Постреквизиттер: анатомия - 2, физиология - 2, патологическая анатомия - 2, патологическая физиология - 2, ішкі аурулар, балалар аурулары.
2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:
Гистология-2 (жеке гистология) – организмнің әртүрлі жүйелері мүшелерінің жасушалық және тіндік құрамы, организм тіршілігін қамтамасыз ету барысында мүшелер құрамында тіндердің өзара әрекеттесу заңдылықтары туралы ғылым. Гистология-2 анатомияда қабылданған морфологиялық білімдерді тереңдетіп физиология-2, патанатомия-2, патофизиология-2 және ІАП мүшелерді тексеру әдістеріне қатысты бөлігін оқып білу үшін негіз құруға арналған.
Tәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының, oқытушымен бірге студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспарлары