Сайтты интернетте тіркеу және орналастыру
Хостинг - желіде тұрақты болатын (әдетте, Интернет) сайт файлдарын серверлерде сақтау бойынша қызмет.
Әдетте хостинг сайтқа қызмет көрсету пакетіне кіреді және, ең аз дегенде серверде сайт файлдарын орналастыру қызметін білдіреді, (уеб-сервер) орналасқан файлдарға сұраныстарды өңдеу, онда бағдарламалық жасақтама іске қосылады. Әдетте қызметке: пошталық хат-хабарды жеткізу, ақпарат базасы, DNS, арнайы бөлінген файл-серверде файл сақтау орны және т.б., және де осы сервистердің жұмыс істеуін қолдау.
Ақпарат базасы, файл сақтау хостингі, электронды пошта хостингі, DNS қызметі дербес қызмет ретінде бөлек ұсынылуы мүмкін, немесе кешенді қызмет көрсетуге кіруі мүмкін.Ақысы ай сайын немесе жылына бір рет төленеді.
Хостинг таңдау. Хостинг таңдаудағы өлшемдерінің бірі қолданылатын амалдық жүйе, өйткені бұдан сол немесе басқа сервистер функционалдығын қолдау бағдарламалық қамсыдандыруына байланысты. Хостингті сипаттаудың маңызды аспектісі ретінде сол немесе өзге де қызметтері мен мүмкіндіктерінің болуы болып табылады:
- CGI: Perl, PHP, Python, ASP, Ruby, JSP, Java қолдау
- .htaccess/.htpasswd (Apache-ге арналған) қолдау
- ақпарат базасын қолдау
- Және де осы мүмкіндіктерге фреймуорктар мен орнатылған модульдердің орнатылуы болып табылады.
Хостингті қызмет ретінде шектеулер санымен салыстырады, сипаттайды және бағалайды:
- пайдаланушыға берілген диск кеңістігінің мөлшері
- айлық трафик мөлшері
- бір жазу тіркелгі шеңберінде орналастыруға болатын сайттар саны
- FTP пайдаланушыларының саны
- поштаға арналған E-Mail жәшіктерінің саны және диск кеңістігінің мөлшері
- ақпарат базасының саны және ақпарат базасына диск кеңістігінің мөлшері
- тұтынушыға арналған бір мезгілде болатын процестер саны
- амалдық жад құрылғысы (АЖҚ) саны, тұтынушының әрбір процесіне бөлінген барынша орындау уақыты
кәсіби шектеулер:
- орталық процессордың (CPU) бос ресурстары, сервердің жылдамдығына әсер ететін АЖ (амалдық жады)
- каналдардың өткізу мүмкіндігі, ал ол ақпараттың жүктелуіне әсер етеді
- хостер құрылғыларының сайт мақсатты аудиториясынан алшақтығы, ал ол ақпараттың жүктелуіне әсер етеді
Кейбір ақылы хостинг компаниялар белгілі бір мерімге тегін тест ұсынады, бұл уақыт өткен соң тұтынушы өзіне осы таңдаған хостинг компания қолайлы немесе қолайсыз екенін, және ұзақ уақытқа ақша төлеу керек пе екенін таңдау керек болады. Әдетте бұндай тесттер тесттік акаунттардан алыпсатарлықтан сақтану үшін екінші деңгей домендерінің йелеріне ұсынылады.
Ақылы хостерлерден бөлек осы айтылған көптеген уеб-технологияларды қолдайтын тегін хостинг-компаниялар да бар.
Және де хостинг мынадай түрлерге бөлінеді:
- Виртуалды хостинг - тұтынушылары бірдей құқықтары мен міндеттері бар, көптеген сайттары бар сервер.
- Бөлінген виртуалды сервер -VPS- сервердегі дискілік кеңістіктің автономды (бөлінген) бөлігі және тіркелген ресурстар.Яғни, кім әкімшінің құқығына ие болса, сол бағдарламаларды реттеп және керек болса жаңасын орнатады.
- Бөлінген сервер - жеке АЖ (амалдық жүйе), БЖ (Бағдарламалық жасақтама) бар серверді толық басқару.
- Колокация - хостинг компаниясының орталығында оны меңгерген жеке адам, кәсіпкер, компанияда серверді орналастыру.
Виртуалды хостинг (shared hosting)-көптеген уеб-сайттардың бір уеб-серверде орналасатын түрі. Кішкене жобаларға арналған үнемді хостинг түрі.
Әдетте әрбір уеб-сайт уеб-сервердегі өзінің меншікті бөлігінде орналасады, бірақта олардың барлығы бір бағдарламалық жасақтаманы қолданады.
Жүзеге асыру
Уеб-сайтқа қатынаудың екі негізгі әдісі бар:
- аты бойынша (shared IP hosting), уеб-сайттар ортақ бір IP-адрес қолданғанда. HTTP/1.1 протоколына сәйкес уеб-браузер уеб-серверге ағымдағы тақырыпқа сұраныс жасағанда Host жолына уеб-сайттың домендік атын нұсқайды.
- IP-мекен-жайы бойынша (dedicated IP hosting), әрбір уеб-сайтта өінің IP-мекен-жайы бар, ал уеб-сервер бірнеше физикалық немесе виртуалды желілік интерфейске ие.
Мүмкіндіктері
Виртуалды хостинг қызмет ретінде салыстырады және сандық шектеулерін сипаттайды:
- дискілік кеңістік мөлшері;
- айлық трафик мөлшері;
- бір қызмет аясында орналастыруға болатын сайттар мөлшері;
- ақпарат базасы және деректер базасының орын саны;
- пошта жәшігі мен FTP-аккаунттардың саны.
Сапалық шектеулер:
- CPU бос ресурстары, жедел жады бос ресурстары, бұлар сервердің жылдамдығына әсер етеді.
UNIX/Linux-хостинг - бұл хостинг UNIX немесе Linux АЖ жұмыс істейтін серверде жүеге асырылған. Ең танымал жүйелер болып FreeBSD, RedHat Enterprise Linux, Ubuntu, Fedora, Debian саналады.
Бұл хостинг түрі хостинг-провайдерлердің ішінде кең танымалдылыққа ие болған себебі, UNIX және Linux құрылған амалдық жүйелер тегін
UNIX/Linux-хостинг қолдайтын негізгі технологиялар:
- Apache уеб-сервері;
- Nginx уеб-сервері;
- FastCGI/CGI;
- PHP;
- MySQL ақпарат базасының сервері;
- PostgreSQLақпарат базасының сервері;
- Perl;
- Server Side Includes (SSI);
- SSH протоколы бойынша қол жеткізу;
- уеб-сервермен .htaccess файлы арқылы басқару (Apache-ге).
Windows-хостинг-бұл хостинг Windows АЖ жұмыс істейтін серверде жүеге асырылған. Қазіргі уақытта Windows Server 2008 R2 және Windows Server 2003 (Windows Server 2008 R2 біртіндеп нұсқасымен ауыстырылуда). 01 тамыз 2012 ж. Windows Server 2012 жаңа нұсқасы бітті.
Windows-хостингте қолдау көрсетілетін негізгі технологиялар:
- IIS уеб-сервері;
- ASP (Active Server Pages);
- ASP.NET;
- ASP.NET MVC;
- FastCGI/CGI;
- PHP;
- MySql ақпарат базасының сервері;
- MS SQL (Microsoft SQL Server) ақпарат базасының сервері;
- MS Access;
- Perl;
- Server Side Includes (SSI);
- уеб-сервермен web.config файлы арқылы басқару.
Бөлінген виртуалды сервер VPS (Virtual Private Server) немесе VDS (Virtual Dedicated Server)-бөлінген виртуалды сервер осы қызмет шеңберінде пайдаланушыға беріледі. АЖ басқару жоспарында көбіне бөлінген физикалық серверге ұқсайды. Атап айтқанда: root-қол жеткізу, жеке IP-мекен-жайлар, порттар, фильтрлеу ережесі мен маршрутизация кестелері.
VPS пен виртуалды хостингты салыстыру
- Әрбір VPS өз жүйесінің көшірмесіне ие, Unix-ке root деңгейінің құқықтарына қол жеткізу немесе Windows-те Administrator.
- Ресурстардың аздығының кепілдігі (жады, процессорлық уақыт).
- Бүкіл жүйені архивты көшіру мүмкіндігі (бэкап) VPS.
- VPS тарифтерін қайтасатуға және де бөлек жүйелерге қолдануға болады.
- ISCSI технологиясының қолданылуы өте жоғары жылдамдық, және деректерді жылдам әрі ыңғайлы резервтеуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалық жасақтама
келесі бағдарламалар VPS құру мүмкіндігін береді:
- Parallels Virtuozzo;
- OpenVZ;
- VMware ESX;
- Microsoft Hyper-V;
- xensource;
- Xen;
- KVM;
- HyperVM;
- FreeVPS;
- VDSmanager.
АЖ функциялары:
- User-mode Linux;
- Solaris Containers (Solaris Zones);
- FreeBSD Jail.
Бөлінген сервер (dedicated server)-клиентке жеке фиикалық машина (виртуалды хостингке қарама-қайшы) берілетін хостинг түрі. Әдетте бір серверде өмір сүре алмайтын немесе ресурстарға жоғары талаптары бар бағдарламалар мен жобалардың іске қосылуына қолданылады.
Іскерлік секторында Қолдану
Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету үшін толық қол жеткізуБөлінген сервер иесі компьютер конфигурациясын өгертуге, кез келген аж орнатуға, серверде кез келген техникалық жұмыс өткізуге (бұлар басқа қызметтер мен серверлер жұмысына кедергі келтірмейді) ерікті.
Желілік қауіпсідік
Уеб-серверде суперқолданушы құқығын алған қаскүнем ақпарат базасын құртпас үшін ақпарат базасының сервері бөлек машинада болуы мүмкін, ал оған барлық SQL рұқсат етілмейді, небәрі сақталатын процедуралардың кейбір жинағы ғана рұқсат етіледі, бұдан қауіп тигізу мүмкін емес.
Компьютерді түсіру
Ақпарат базасының сервері уеб-сервер, FTP-сервер осы машинада қосылмайтындай есептеу ресурстарын жұмсайды деп қарастырайық. Онда ақпарат базасы бөлінген серверде орналасады.
Үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету
Егер ақпарат базасы мен уеб-сервер әртүрлі машинада орналасса, уеб-серверде техникалық жұмыс орындалғанда пайдаланушылар ақпарат базасына қол жеткіеді.
Компьютерлік ойындарда қолдану
Бөлінген сервер деп көппайдаланушы ойындар серверін айтады.
Өзге компьютерге желілік ойынның желілік бөлігі мына мақсаттармен көшіріледі:
Компьютерді түсіру
Егер ойыншылар көп болса, ал ойын талапты болса, онда бөлінген сервер құру керек-әйтпесе серверде (барлық компьютерлерде) кідірту сезілетін болады.
Ойын алаңы
Бөлінген сервер желілік ойында жиі жұмыс істейтін ойын алаңы ретінде қолданылады.
Колокация, колокейшн (collocation — жанында орналасуы) Провайдер клиент құрылғыларын өз территориясында (әдетте датаорталықта) орналастырады, оны электрге қосады, қызмет көрсетеді және өткізу қабілеті жоғары байланыс арналарына қосады.
Әдетте осы қызмет құрамына құрылғы орналастыру және байланыс арналарына қосылудан бөлек келесі қызметтер кіреді:
- құрылғыны алыстан басқаруды ұйымдастыру (KVM, алыстан басқару);
- электрмен қоректендіруді резервтеу;
- климаттық режимды қолдау;
- жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жай қызметтер (қайтажүктеу, диск қою және т.б.);
- мониторинг.
Домен. Домен аты - әкімшілік автономия бірліктері облыстарын интернет желісінде сәйкестендіру үшін пайдаланылатын - осындай жоғары тұрған иерархия облысы құрамында. Әрбір осындай облыс домен деп аталады. Интернеттің атауларының ортақ кеңістігі DNS (домендік атаулар жүйесі) арқылы жұмыс істейді. Домендік аттар интернет-тораптардың және соларда орналасқан желі ресурстартарына (уеб-сайт, эл. пошта серверлері, басқа қыметтер) адамға түсінікті формада адрестеуге мүмкіндік береді.
Домен - бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинасының басшылық етуімен істейтін информациялық желі қорлары тобы.
Домендік ат (Домен) - бұл сайтыңыздың интернеттегі аты. Домендік аттар біріңғай, былай айтқанда екі бірдей домендік аттың болуы мүмкін емес. Сондықтан да доменді таңдауда оған үлкен көңіл бөліңіз.
Қандай домендер болады:
Домендік аттар бірінші, екінші, үшінші деңгейлі болып келеді.
Домендік дәрежелер:
1-ші дәрежелі домен. .kz .com .org .net
2-ші дәрежелі домен. codeo.kz google.com
3-ші дәрежелі домен. support.google.com
4-ші дәрежелі домен. soft.user.codeo.kz — ары қарай кете береді.
Домен таңдаудағы нұсқаулар
Домен аты неғұрлым қысқа болса, соғұрлым сайтқа келушілер оны тез жаттап, домен атын тергенде қате жібермейді.
Домен оңай оқылу керек, сонда келушілер оны еш қиындықсыз есте сақтайды.
Домен аты, сіздің компанияңыздың атына сай келу керек.
Домен ол сайттын атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін жылына бір рет ақшасын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг компаниялары 12 айға хостинг ақысын төлесе доменді тегін тіркеп береді.
Домен - жаһандық желіде тіркелген хосттың атауы (мысалы google.kz секілді). Егер де толығырақ келетін болсақ, домендік серверлер арқылы сайттарды таба алады. Ең басты қызметі IP-адрестерді түсінікті тілге аударады, яғни жазбаша түрге.