Интернет негіздері. TCР/IP протоколдары. Браузерлер. НTML тілінің версиялары жəне оларды сипаттау.
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан желілер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтер алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік.
Интернет – бұл бүкіләлемдік желі. Интернет – TCP/IP хаттамасын қолдана отырып мәліметтер алмасатын технология (5-сурет).
Хаттама – бір деңгейдегі компьютерлердің желіаралық байланысының «тәртібі».
TCP/IP - әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны (стек протоколов). Мұндағы:
ТСР (Transmission Control Protocol – тасымалдауды басқару хаттамасы)– мәліметтердің жеткізілуін қамтамасыз ететін хаттама;
IP(InternetProtocol – интернет хаттамасы) – мәліметтердің қайда баратынын анықтайтын желілік деңгейдегі адрестік хаттама
Жиын (стек) – жүйелердің өзара ұйымдасуына мүмкіндік беретін әртүрлі деңгейдегі хаттамалар жиынтығы .
TCP/IP стектері әртекті желілерде жұмыс істеу үшін шығарылды. Бұл стек UNIX операциялық жүйесін қолданғаннан кейін кең көлемде тарала бастады. Қазіргі уақытта операциялық жүйе Internet желісіндегі компьютерлер мен корпоративті желілерді байланыстыру үшін қолданылады. Физикалық және арналық деңгейлерде стек жергілікті желілердің барлық базалық технологияларьн қолданалы. TCP/IP стегі төрт деңгейден тұрады:қолданбалы деңгей; негізгі деңгей; желіаралық байланыстар деңгейі; желілік интерфейстер деңгейі; Қолданбалы деңгейде қолданушыларға желілік сервис көрсететін қызметтер жинақталған. Мұнда қызметтер негізі жиі өзгеріп тұрады. Негізгі қызметтер арасынан төмендегідей белгіге қарауға болады: Telnet, FTP. TFTP, DNS, SNP. HTTP. Қолданбалы деңгей OSI моделінің қолданбалық деңгейі мен таңдау деңгейлерінің функцияларын біріктіреді.
Негізгі деңгей мәліметтер пакетін жеткізу сенімділігін, олардын тұтастығын және жеткізілу тәртібін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде берілетін мәліметтер сегменттерге (пакеттерге) бөлігіп төменп деңгейге жіберіледі. Жіберілгеннен кейін пакеггер жиналып, содан соң мәліметтер қолданбалы деңгейге беріледі. Бір деңгейдің негізп протоколы TCP (Transission Control Protocol) мәліметтерді басқару протоколы болып табылады. Негізгі деңгей OSI моделінің транспорттық және сеанстық деңгейлергінің функцияларын орындайды. Бұл деңгей транспорттық деп те аталады. Желіаралық байланыс деңгейінің негізп протоколы пакеттерді жеткізу IP протоколы (Internet Protocol) болып табылады. Бұл протокол жергілікті желілерде ғана емес, сондай-ақ бүкіләлемдік байланыстарда болатын, құрылымдық желілердегі мәліметтер пакетін жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы деңгейде маршрутгық ақпаратты жннау үшін RIP (Routing Internet Protocol), OSPF (Open Shortest Path First)сияқты бағыттаушылар протоколдары қолданылады. Бұл деңгей OSI моделінің желілік деңгейіне сәйкес келеді. Желілік интерфейс деңгейі құрылымдық желіге интеграцияланатын желілік иннтерфейстерді анықтайды. Қосылатын желі кез-келген технологияны қолдана алады. Әрбір желілІк технологияға, қолланылатын технологияның қатарларына желілік деңгейдің IP пакеттері орналасатын протоколдар шығарылады. Деңгей OSI моделінің физикалық және арналық деңгейлеріне сәйкес келеді. TCP/ IP стектерінің денгейлері OSI моделінің деңгейлеріне сәйкес келуі шартты. Бұл TCP/IP стектарының осыдан 20 жыл бұрын шығарылуымен байланысты.
Браузер (ағылш. browser) -
· Браузер — гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Web-браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады;
· желіде жұмыс істеуге арналған қосымша бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік береді);
· Web-беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.
HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған.Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан.Ол W3C( World Wide Web Consortium) деп аталады.
1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші версиясы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 версиясы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді.Одан соң 3.2 кейін 4.0 версиялар пайда болады.
Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4.01 версиясын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.