Интернеттің негізгі принциптері
Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.
Интернет протоколдары
Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар жиыны деп атайды.
Төменде кең тараған интернет-протоколдардың аттары келтірілген:
1. Қолданбалы деңгейде:
- DNS;
- FTP;
- HTTP;
- HTTPS;
- IMAP;
- LDAP;
- POP3;
- SMTP;
- SSH;
- Telnet;
- XMPP (Jabber);
- SNMP;
Бас жол мәтіні
1. Сеанстық деңгейде/көрсету деңгейінде
- SSL;
- TLS;
2. Транспорттық деңгейде
- TCP;
- UDP;
3. Желілік деңгейде
- BGP;
- ICMP;
- IGMP;
- IP;
- OSPF;
- RIP;
- EIGRP;
- IS-IS;
4. Арналық деңгейде
- Ethernet;
- Frame relay;
- HDLC;
- PPP;
- SLIP;
Белгілі бір стандартқа келтірілмесе де, Интернетте кең тараған протоколдар бар. Бұл протоколдар көп жағдайда файлдармен және мәтіндік мәліметтермен алмасу үшін қажет, кейбіреулерінің негізінде бүтін файл алмасу желілері құрылған. Бұл протоколдар:
- OSCAR;
- CDDB;
- eDonkey2000 (желінің аты; протокол MFTP деп аталады);
- BitTorrent;
- Gnutella;
- Skype;
Интернет тарихы
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.
Интернет қызметтері
Internet көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Ондай қызмет түріне: қонақ үйде бөлмелерді алдын ала алу, ұшақ және пойыз, сонымен қатар түрлі спорт жарыстары билетіне тапсырыс беру, туристік сапарға тапсырыс беру, мәтіндерді аудару, түрлі тауарларды сатып алу және т.б. Қандай да бір қызмет түрін пайдалану үшін қажетті сайтқа кіру керек (қонақ үй сайтына, туристік агенттік сайтына, Internet дүкеніне және т. б. ). Мысалы, ұшақ билетіне Сіз авиакомпания арқылы тапсырыс бере аласыз. Осындай кез келген сайттың мекенжайын Internet жарнамасынан немесе түрлі іздеу жүйелерінен таба аласыз.
Ары қарай сайттан өзіңізге керек қызметті таңдап, сұранысты дұрыс толтырып, жауабын күтесіз. Сұранысты рәсімдеу кезінде өзіңізге қатысты мәліметтерді дұрыс енгізу қажет және, сайтта бірнеше төлем түрі көрсетілген болса, біреуін таңдау қажет. Есеп айырысудың бірнеше түрі бар: қолма - қол ақшамен есептесу және тапсырысты алғанда төлеу, пластикалық карточкасымен төлеу, банк немесе пошта аударымдары арқылы немесе бар болса, Internet ақшасымен (WebMoney, Qiwi, PayPal, EasyPay т.б.).
Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
- Бүкіләлемдік ғаламтор;
- Веб-форумдар;
- Блогтар;
- Уики-проекттер (Уикипедия);
- Интернет-дүкен;
- Интернет-аукцион;
- Электронды почта;
- Жаңалықтар топтамасы;
- Файл-алмасу желілері;
- Интернет-радио;
- Интернет-теледидар;
- Электронды кітап;
- IP-телефония;
- Мессенджерлер;
- FTP-серверлер;
- IRC (веб-чаттар);
- Іздеу жүйелері;
- Интернет-жарнама;
- Өшірілген терминал;
- Төлем жүйелері.
Бүкіләлемдік ғаламтор. Бүкіләлемдік ғаламтор (World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы.
Internet - Банкинг. Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Өз қаражатыңызды және несиелеріңізді басқару үшін Қазақстанның банк жүйесінде Internet - банкинг қызметі бар. Интернет - банкинг жүйесінің мәні клиенттің өз есеп шоттарында жылдам қатынау және банкке бармай - ақ ақпарат алып, төлемдерді жүргізу мүмкіндігінде. Мысалы, «Қазақстан Халық Банкі» порталы (myhalyk.kz) аясында осы банктің салымшылары кең көлемді ақпараттық және қаржылық қызметтерді пайдалана алады, оның ішінде:
- ақша аударымдарын өз бетімен жүргізу: картадан картаға (өз карталары арасында, Master картасынан басқа банктің Master картасына, шоттан өз есебіне, банк ішіндегі жеке тұлғалардың шоттарына, басқа банктердегі заңды тұлғалардың шоттарына, Банктің ішіндегі басқа карта шотына, Visa картасынан басқа банктін Visa картасына, банктегі заңды тұлғалардың шоттарына, өзге банк ішіндегі жеке тұлғалардың шоттарына, шоттан өз депозитіне, шоттан картаға, депозиттен өз есебіне);
- Байланыс қызметтері және телекоммуникация: (Қазақтелеком, Beeline, Kcell, Altel4G: GSM, Транстелеком, Үйдегі Интернет, Activ, City, DATix, APPLE Telecom, АО ASTEL (Астел), Элитком);
- Коммуналдық төлемдер: Семей Водоканал, ШығысЭнергоТрейд, Теплокоммунэнерго, АЛСЕКО, ИВЦ, Горгаз-сервис, Домофон-Сити, Home Мастер, Service Master, Филиал АстанаЖилСервис, ТОО Ақтөбе таза қала, ТОО Табыс Актобе, ТЖС Актобе, Хромтау су 2010, Павлодар-Домофон, Павлодарлифт, КазМунайГаз-Сервис, Жедел-Сакшы, ТрансЭнерго, Кабельные сети, Тараз-СУ, Батыс су арнасы, КазТрансГаз Аймак, Шахтинскводоканал, Шахтинсктеплоэнерго, Алма - ТВ, Caspio HD, ТРАНСТЕЛЕКОМ;
- Бюджетке төленетін төлемдер: салықтар, айыппұлдар, өcімақылар, мемлекеттік баж, кедендік баж, басқа да түсімдер, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар;
- Сақтандыру: Казахинстрах, Халык-Life, СК Виктория, АҚ СК Amanat Insurance, АҚ Өмірді сақтандыру компаниясы Азия Life, АҚ НСК;
- өзінің барлық шоттарының хал - күйін, несиелері мен жинақ салымдарының шарттары мен жағдайын, төлемдер мен аударымдардың уақытылы жүргізілуін, ЖЗҚ зейнетақы салымдарының түсуін және т. б. қадағалау;
- Қаржы қызметтері: Halyk Finance, Жилстройсбербанк, АҚ Казахстанская Ипотечная Компания, Хоум Кредит Банк, Альфа-Банк, Союз-Кредит ШНҰ, Астана-финанс-холдинг ШНҰ, Береке ШНҰ, Несие мекен ШНҰ;
- Білім: Аққайың ауданының білім бөлімі, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, Қазақ инженерлік-техникалық академиясы, Назарбаев Интеллектуалды мектебі, Гуманитарлы колледж, Балалар музыкалық мектебі№2, Балалар музыкалық мектебі№3, Әскери-техникалық мектебі, М.Дулатов атындағы КИНЭУ, және т.б.;
- Мектепке дейінгі білім: №25 Снежинка мектепке дейінгі ұйымы, №21 Кішкентай данышпандар ресурстық орталық, Балдәурен бөбектер бақшасы (қ. Аксу), Ботақан ясли-бақша (п. Доссор), Қалалық білім бөлімі, №4 Шұғыла балабақшасы (Әйтеке би к.), Айналайын балабақшасы (Бесқарағай ауданы), Балабақшасы (Бородулиха а.), және т.б.;
- Өтініштер :Кепілсіз несиеге өтінім беру, Кредиттік картаға өтінім беру, OTP-генераторын алу, "SMS парольдерді жеткізу" қызметіне телефонды қосу, "SMS парольдерді жеткізу" қызметінен телефонды ажырату, Картаны оқшаулау, Картаны жоғалуына /ұрлануына байланысты бөгеттеу, Картадан оқшаулауды алу, Картаны қайтадан жасату, Картаны жабу, SMS-банкинг.;
- Карточкалар және шоттар: Ағымдағы шоттар, Депозиттер, Кредиттер;
- Операциялар тарихы;
- Банктің ұсыныстары: Кредиттік карточка, Депозиттер;
- Қайырымдылық: Қайырымдылық қоры "АЯЛА", Қызыл Жарты Ай Қоғамы, Қызыл жарты Ай қоғамы (Астана филиалы),Жулдыз Қайырымдылық қоры, Жазиралы-Жаркент қоғамдық қоры
- есеп шоттарыңыздағы қалдық қаражат жағдайы жөнінде ақпарат алу және т. б.
Интернет-аукцион – бұл интернет желісі арқылы іске асырылатын аукцион. Қарапайым аукционға қарағанда интернет-аукциондар ара-қашықтықта жүргізіледі, сондықтан оған қатысу үшін арнайы жерге жиналу қажеті жоқ, ал ұтыс-тігуді не интернет-сайт немесе аукционның компьютерлік программасы арқылы қоюға болады. Кейбір аукциондарда тауардың алдын-ала қойылған бағасы болады, яғни сатушы келесетін минималды баға. Интернет-аукционның аяқталуы, қарапайым аукциондарға қарағанда, сатушы тауарды саудаларға қойғанды алдын-ала сатушымен бекітіледі. Ал қарапайым аукциондар ұтыс-тігудың өсуі аяқталғанша дейін жүргізіледі. Интернет-аукцион аяқталғаннан кеійн сатып алушы сатушыға ақшаны аударуы керек(ал егер тауарды өзі алып кететін болса онда ақшаны қолма-қол бере алады), ал сатушы тауарды пошта арқылы жіберуге тиіс, ол аукционды өткізген мелекет ішнде, ал кейде бікіл әлем ішнде болуы мүмкін. Тауарды жібере алу мүмкіндік шекаралары сатушымен алдын-ала көрсетіледі. Сонымен қатар аукцион интернет арқылы жүргзілмесе, бірақ ұтыс-тігіду сатып алушының тілегі бойынша интернет арқылы қоя алатын аукциондар да интернет-аукыиондарға жатады. Бұндай жүйе «қымбат» аукциондарда жүргізіледі, себебі кейбір қатысушылар аукцион өткізілетін жерге келе алмайды. Әлемдегі ең үлкен интернет-аукцион E-Bay деп есептеледі, ол 1995 жылы құрылған және күніне оның айналымы бірнеше миллион келісімді құрайды. Соңғы уақытта электрондық коммерцияда қосымша шешімдердің қосылуының тенденциясы байқалады. Аукциондық жүйелерге төлеу жүйелері және қолданушыларды авторизациялау шешімі қосылды. Соңғы ұтыс-тігуді қойған адам саудаласты жеңеды, ал егер ол төлей алмаса онда лот оның алдындағы ұтыс-тігуды қойған адамға беріледі.
Е - Төлемдер (Internet Дүкендері) Internet желісінің қарқынды дамуы көптеген Internet дүкендерінің пайда болуына алып келді. Internet дүкен – тауарды не қызметті жарнамалайтын, сатып алуға тапсырыстарды қабылдайтын, пайдаланушыға есеп айырысу нұсқасын таңдауды ұсынатын интерактивті веб - сайт. Бұл жағдайда дүкеннің әкімшісі тауардың жеткізілуін ұйымдастырып, сатып алушымен есеп айырысуды қадағалауға міндетті. Internet дүкендерінде пластикалық карта арқылы, банк немесе пошта аударымдары көмегімен немесе қолыңызда бар болса, электрондық ақшамен есеп айырысуға болады.
Тауарлар немесе Internet қызметтері ақысын өтеудің недәуір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі – сандық (электрондық) ақша – айналым барысы толық құпиялылықты қамтамасыз ететін, электрондық түрде ұсынылып, айналымда жүретін төлем құралдары болып табылады. Электрондық төлемдер жүйесі – кең мағынасында электрондық қатынас құралдары көмегімен есеп айрысу, келісім шарттар жасау және ақша аудару жүйесі. Соңғы жылдары банктік пластикалық карталар нарығы қарқынды дамып келеді. Қазақстанда кеңінен тараған әрі ең танымал карталарға Visa, MasterCard/ Europay және т. б. жатқызуға болады. Пластикалық карталардың көптеген артықшылықтары бар, олардың ең бастысы – қалтаңызға ақша салып жүру қажеттігінің жоқ болуы. Электрондық төлемдер жүйелерінің қарқынды дамуына әлі де көптеген пайдаланушылардың электрондық ақшаларға деген сенімінің жоқтығы бөгет болып отыр. Алайда, электрондық ақшаларды пайдалану аясының кеңеюі сөзсіз. Оған бір себеп – бұл ақшалардың ыңғайлылық, қаржылық операцияларды жүргізудің жоғары жылдамдығы, пайдаланудағы қарапайымдылық, төлемдерді толық қадағалау мүмкіндігі және олардың қауіпсіздігі, құпиялылық, басқа адамдарға беру мүмкіндігі сияқты даусыз артықшылықтары.
Электронды пошта. Электронды пошта ( Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, жылдам келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.
Электронды поштаның пайда болуын 1965 ж. жатқызуға болады. Осы жылы Массачусетс – технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.
Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.
Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.
Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ,электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.
FTP сервер. FTP (ағылш. File Transfer Protocol — файл апарғызу хаттамасы) — компьютерлік желі арқылы файл алмасуға арналған хаттама.
IP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен сандық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады.
Функционалдығы
VoIp технологиясы PSTN технологиясы бойынша қиынға және қымбатқа түсетін есептер мен шешімдерді жүзеге асырады. Мысалы: Жоғары жылдамдықты телефон байланысы арқылы бірден көп телефон қонырауларын жіберу. Сондықтан VoIp технологиясы үйде немесе офистегі телефон желісін қосудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады.
Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-торап. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверлерден, тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер де бар. Соңғы уақытта түрлі XML-деректер ішінде RSS технологиясына негізделген іздеудің жаңа түрі пайда болды.
Іздеу жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ететін программалар кешені іздеу қозғалтқышы немесе іздеу машинасы деп аталады. Іздеу машинасының жұмыс сапасының негізгі белгісі релеванттық (сұрату мен табылған деректің сәйкестік деңгейі, яғни нәтиженің қисындылығы), базаның толықтығы, тіл морфологиясын есепке алуы болып табылады. Мәлімет индексациясы арнайы іздеу роботтары арқылы жүзеге асырылады. Іздеу жүйесі жұмысын жақсарту — бүгінгі Интернеттің ең негізгі міндеттерінің бірі.
Электронды кітап — кітаптың электронды (сандық) түрдегі нұсқасы. Аталмыш термин сандық түрде ұсынылған шығармалармен қатар, оларды оқуға арналған құрылғыларға да қолданылады.
Кітаптардың сандық нұсқаларын айрықшалау мақсатында ағылшын тілді елдерде осы терминмен қатар, қарапайым мәтіндік файлдарға негізделген ашық форматқа e-text (ағылш. электронный текст) термині де қолданылады. Электронды мәтіндер қатарына, құрамына мәтіннен басқа растрлық кескіндер, мәліметтердің үлгілері, жаттығулар, сұрақтарды тудыратын мәселелерге талқыламасы жазылған электронды құралдарды да жатқызады.
Тарихы
1971 ж. Майкл Харт Иллинойс штаты университетінің операторларынан алып компьютер Xerox Sigma V-ті шексіз қолдануға рұқсат алған болатын. Осы жағдайды ұтымды әрі саналы түрде қолдану үшін, ол компьютерге АҚШ тәуелсіздігі Декларациясының мәтінін теріп алғашқы электронды кітапты жасап шығарады. Көптеген кітаптардың электронды көшірмелерін жасау жолымен, осылайша, «Гутенберг» жобасы бастау алады.
Интернет-жарнама. Интернет жарнамаларының түрлері:
Медиялық жарнама – текстік-графикалық жарнамалық материалдарды сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы және анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады.
Контексттік жарнама - текстік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады.
Электрондық пошта (e-mail) – тұтынушыларға өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін желілік қызмет, жарнамалық хабарламалаларды жіберудегі электрондық поштаның артықшылықтары:
- Электрондық пошта желіні қолданушы тұтынушылардың барлығында бар.
- E-mail хабарламаның push-технологиясын білдіреді.
- Жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді.
- Тұтынушыға қызықты болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін.
e-mail көмегімен алға басу үшін мынадай әдістер қолданылады:
- Жазылушыларға жіберілетін хаттар.
Интернетте әр түрлі тақырыптарға арналаған жіберілім тізімдері көп. Бұл жіберілімді қабылдаушы тұтынушылар сол жіберілімге өздері жазылған және олар кез-келген уақытта сол жазылымды тоқтатуға құқығы бар. Жіберілімдердің мынадай түрлері бар:
- Ашық (барлық қалаушыларға);
- Жабық (адамдардың белгілі бір тобына)
-Тегін (жобалаушылардың қалауына байланысты)(http://kazseo.com)
-Тегін емес
Тақырып бойынша хаттардың жіберілуі адамдардың белгілі бір тобына арналғандықтан және де оның мыңдаған жазылушылары бар болғандықтан ол тиімді маркетинг құралы болып табылады. Кейбір компаниялар өздерінің ресми сайттарында тұтынушыларға жіберілімге жазылуды ұсынады. Бұл жіберілімдер тұтынушыға сайт жаңартулары, компания жаңалықтары жайлы ақпараттар беріп, сол сайтқа тұтынушылардың келесі рет кіруіне жағдай жасайды.
Жаңалық жіберілімдерінде жарнама орналастыру – көптеген жіберілімдер БАҚ-ның рөлін атқарады.
Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Рылымы. Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.