Желілік адрестеу. ІР-адрестердің типтері.
Динамикалық IP адрес дегеніміз не? Статикалық емес және кез келген уақытта ауыса алатын IPадрес. Жоғарыда айтылып кеткендей сізге IP адрес сізге қолжетімді IP адрестер желісінен беріледі. Сіз IP адресті оның регионы үшін үлестірілген провайдер диапазонынан аласыз. Көптеген жеке клиенттерде тұрақты IP адрес жоқ.
Статикалық IP адрес дегеніміз не? Динамикалық IP адреске қарағанда тұрақты және кез келген уақытта өзгермейтін адресті айтамыз.
IP v4 адрестері: Желіде компьютерлерді байланыстыру үшін IP хаттамасының қазіргі таңда ең таралған түрі болып таылады. Бірақ Интернетке қолжетімді болу үшін өз компьютерлеріне IP адрес алатын қолданушылардың үлкен санынан IPv4 адрестер саны таусылып барады.
4 буынды IP адрес 4,294,967,296
IP v5 адрестер: Бұл - UNIX жүйесі үшін сынақты IP хаттама. UNIX стандарттарына сәйкес тақ нөмірлі барлық түрлері сынақты деп аналады. Бұл хаттама қарапайым қолданыста қолданылмайды, сондықтан интернетте оны кездестірмейміз.
IP v6 адрестері: IPv4-дің орнын басатын жаңа хаттама. Ондағы IP адрестер былай жазылуға ұсынылады: IPv6 450,126,894,224,682,463,423,374,607,491,368,241,856 немесе 4^256. Ағымдағы стандарт мындай: 192.168.122.122
IP хаттамасы
Transmission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) –гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік - TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықгарыньщ бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.
Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP төртдеңгейлі үлгіге жатады.
IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блоктарын жіберуді қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни IP деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. IP хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. IP -дің негізгі мақсаты -дейгграммаларды бағыгтау (дейтграммалардьщ түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).
Анықтама. Желі түйіні -IP хаттамасын қолдайтын желіге қосылған компьютер. Оның бір немесе бірнеше ІР-интерфейсі, әрбір интерфейстің ерекше ІР-адресі бар.
Анықтама. ІР-адрес - Интернеттегі ІР-интерфейстің 32 битті ерекше идентификатороры. ІР-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.
IP адрестің форматтары
Екілік | Ондық |
10100000.01010001.00000101.10000011 | 160.81.5.131 |
Интернеттегі әрбір IP адрес немесе интражелі оның 1000 весе 1000 000 түйіні болғанына қарамастан, қайталанбайтын ерекше болуы тиіс. Егер сіздің компанияңыз ТСР/ІР-ді қолдануға икемделген және Интернетке қосылмаған болса, онда IP адрестердің кеңістігінен қайталанбаітын адрестерді тағайындау және қолдану үлкен проблема тудырмайды. Сіз адрестердің кеңістігінен өзіңіздің қажетіңізді қанағаттандыратын адрестерді таңдауыңызға болады. Бірақ, егер сіздің ұйымыңыздың желісі Интернетке қосылуы керек болса, сіз таңдаған IP адресті тағы біреудің қолданбайтынына көз жеткізу қиынға түседі.
OSI үлгісі | TCP/IP үлгісі | ||||
Қосымшалар деңгейі Көрсету деңгейі Сеанс деңгейі | Windows сокеттері | NetBIOS | Қосымшалар деңгейі | ||
TCP/IP негізіндегі NetBIOS | |||||
TDI интерфейсы | |||||
Транспорттық деңгей | TCP | UDP | Транспорттық деғгей | ||
ICMP | ARP | ||||
Желілік деңгей | IGMP | IP | RARP | Желіаралық | |
NDIS интерфейсы | деңгей | ||||
Арналық деңгей | Ethernet FDDI | Желілік карталар драйверлері | PPP | ||
Кадрларды трансля- циялау | Желілік интерфейс деңгейі | ||||
Физикалық деңгей | |||||
Желілік адаптерлер |
OSI үлгісі мен төртдеңгейлі TCP/IP үлгісінің сәйкестігі. Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP
Интернетте адрестерді таратуға және тағайындауға InterNIC (Internet Information Centre - Интернеттің желілік ақпараттық орталығы) жауап береді. Интернетте барлық желілік адрестерді тағайындауға бір ғана топ жауап беретіндіктен, ондағы адрестердің қайталанбауын қадағалау қиынға түспейді. Бірақ InterNIC Интернеттегі әрбір адресті қарап отырмайды. Оның орнына ұйымға InterNIC берілген бағыныңқы желіге қажетті түйіндерді құратын желілік идентификаторды бөледі. Үйым өзінің багыныңқы желісіне ыңғайлы желілік идентификаторды орната алады.