Оқу пəнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
38. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген. 39. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады: 40. Əлеуметтік- тұрмыстық ая – 40 /28 сағат. «Біз, бəріміз, мемлекеттік тілде сөйлейміз» – 10/8 сағат: 1) тілдік бөлім: сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне жəне олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мəтін бойынша сұрақ қою; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері жəне олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту; жазылым: отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мəтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мəтіндерін құрап жазу; тілдесім: диалог-əңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақстандық отбасындағы сөйлеу тілі туралы мəтіндер. 41. «Кітап – бағалы сыйлық» – 8/6 сағат: 1) тілдік бөлім: біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 85 тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы сыйлықтарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Сыйлық түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мəтіні бойынша сұрақ қою; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту; жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мəтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау. Полилог-ойталқы; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен өз ұлтының сыйлық беру дəстүрі туралы сұхбаттасу. 42. «Жазғы демалыста не істейсің?» – 8 /5 сағат: 1) тілдік бөлім: туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тəуелдік жалғау. Етістіктің өткен шағы. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесімі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы жазғы демалысқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырата алу. Жазғы демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен жазғы демалыс əсерлері туралы ой бөлісу; жазылым: өзінің жазғы демалысын қалай жəне қайда өткізгені туралы баяндамалық сипаттағы мəтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Жазда қайда демалуға болатыны туралы достарымен пікір алмасу; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен ауыл балаларының жазғы демалысы туралы сұхбаттасу. 43. «Ас – адамның арқауы» – 8/5 сағат: 1) тілдік бөлім: күрделі сөздер. Септеулік шылаулар. Этнолингвистика- лық атаулардың емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының байланысына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану əдебіне қатысты оқыған мəтіндерінің мазмұнын айту; 86 айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тамақтану əдебі туралы ой бөлісу; жазылым: ас түрі мен ас ішуге байланысты өз ойын баяндап, сипаттап жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас. Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы туралы достарымен пікір алмасу; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу. 44. «Маған спорт киімі керек» – 6 /4 сағат: 1) тілдік бөлім: шартты рай. Ашық рай. Рай жұрнақтарының жазылуы. Тұйық етістік. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы киімге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Киім түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мəтін бойынша сұрақ қою; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну əдебі туралы өз ойын айту; жазылым: өзінің жазғы, қысқы киімдері туралы сипаттау, суреттеу мəтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киімге қатысты өз ой- пікірін білдіру. Полилог-пікірталас; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу. 45. Əлеуметтік-мəдени ая – 38/26 сағат. «Мен əуен тыңдаймын» – 10 /8 сағат: 1) тілдік бөлім: кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту; оқылым: оқу мəтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Музыка жанрлары мен сүйікті сазгерлері туралы айту; жазылым: өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы сипаттау, суреттеу мəтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу. Сұрақтарға жауап жазу; 87 тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы пікірлесу. 46. «Менің əуес ісім» – 8 /6 сағат: 1) тілдік бөлім: термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы əуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну; оқылым: адамдардың əуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің əуес, сүйікті істері туралы сөйлесу; жазылым: өзінің ұнататын айналысатын ісі туралы сипаттау, суреттеу мəтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің əуес ісіне қатысты полилог-ойталқы; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен өзінің, достарының əуес істері туралы пікірлесу. 47. «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» – 10/6 сағат: 1) тілдік бөлім: тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс. Спорт терминдерінің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Спорт түрлері мен белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің ұнататын спорт ойындары, спортшылары туралы хабарлау, суреттеу мəтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша спортқа қатысты пікірлесу. Достарымен өзінің ұнататын спортшыларының жеңістері туралы ой бөлісу. Достарымен спорт түрлері мен сүйікті спортшылары туралы сөйлесу. Диалог- сұхбат. Полилог-ойбөліс; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу. 48. «Денсаулық – зор байлық» – 10/6 сағат: 1) тілдік бөлім: қос сөздер. Топтау сан есімдер. Демеулік шылаулар. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 88 тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы денсаулықты сақтауға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну; оқылым: оқу мəтіндеріндегі денсаулыққа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мəтін бойынша сұрақ қою; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен денсаулықты сақтау туралы сөйлесу; жазылым: өзінің денсаулықты сақтауға қатысты ойын хабарлау, баяндау мəтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Денсаулыққа қатысты мақал-мəтелдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Диалог-сұхбат. Полилог- ойкөкпар; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: денсаулық сақтауға байланысты құрдастарымен сұхбаттасады. 49. Оқу-еңбек аясы – 24 /14 сағат. «Интернет. Интернет маған не үшін керек?» – 10/6 сағат: 1) тілдік бөлім: интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мəтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы полилог-ойталқы; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу. 50. «Интернеттен қазақша ақпарат іздеймін?» – 14 /8 сағат: 1) тілдік бөлім: қимыл есімдері. Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері. Тұйық етістіктің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру; оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу; 89 жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мəтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу