Сайт құруға пайдаланылатын бағдарламалау тілдерді мен сайт әзірлеу құралдары

Сайт құруға арналған бағдарламалау тілдері:

HTML (ағыл. Hyper Text Markup Language - "веб-беттердегі гипермәтіннің тілі") -уебшолғышта көрсетілуге арнаулы гипермәтін мен басқа ақпараттан тұратын уеббеттерді жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.

HTML тілінің тарихы

HTML тілін британ ғалымы, Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядерлік зертеу орталығында жасалынған болатын.HTML алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған документті оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер сосын қосылған.

Браузер. HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай документтер әдетте .html немесе .htm форматтында болады) тексттік документтер форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, және әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейс және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari.

Нұсқалары:

- HTML 0.9;

- HTML 2.0, стандарт ретінде таңылған 22 қыркүйектен 1995 жылдан бері;

- HTML 3.2 - 1997 жылғы 14 қаңтарда;

- HTML 4.0 - 18 желтоқсан 1997 жылғы;

- HTML 4.01 - (басты және маңызды өзгерістер) — 24 желтоқсан 1999 жылғы;

- ISO/IEC 15445:2000 (ISO HTML деп аталатын, HTML 4.01 Strict нұскасы бойынша жасалған) — 15 мамыр 2000 жылғы.

- HTML 5 - 28 қазан 2014 жылғы;

- HTML 5.1 19 желтоқсан 2012 жылғы.

PHP — Уеб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.

Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.

Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған.

Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған.

PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.

Тарихы

1994 жылы даттық программист Расмус Лердорф HTML-құжаттар үлгілерін өңдейтін онлайн түйіндегі қатысушылардың шығару және енгізу үшін Perl/CGI скриптер жинағын жасады. Лердорф жинақты Personal Home Page (Жеке Үй Беті) деп атады. Уақыт келе, Perl - скрипт интепретаторының жұмыс істеуі және жылдамдығы жеткіліксіз болып, Лердорф Си тілін қолданып үлгелерінің PHP/FI (ағыл. Personal Home Page / Forms Interpreter — «Жеке Үй Беті / Формалардың Интерпретаторы») жаңа интерпретаторын енгізді.

CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML, XHTML және т.б. белгілеу тілдерінде жазылған уеб беттердің сыртқы көрінісін суреттейтін, әрлейтін тіл болып есептеледі. Бұл тілде уеб беттердің сыртқы көрінісіндегі шрифттер, түстер, жайғасуы, блоктар сияқты элементтерді жасауға болады. CSS-тің пайда болуының негізгі себебі белгілеу тілдерінде (HTML, XHTML, XML және т.б.) уеб беттердің логикалық құрылымдарымен сыртқы көріністерін суреттеуді бір-бірімен бөліп қарастыру болды. Себебі әр қайсысы бөлек болса, сайт жасағанда да, сайттың кодын оқығанда да түсінуге ыңғайлы болады.

Тарихы

1990 жылдары Web стандарттау істері қарқынмен дамыды және уеб дизайнерлер үшін сайт жасауда ортақ бір стандарт керек болды. Сөйтіп HTML 4.01, XHTML және стандарт CSS пайда болды. “Каскадтық стильді кестелер” терминін 1994 жылы Хокон Виум Ли енгізді. Хокон Берт Боспен CSS-ті дамытып, оған Ғаламтор Консорциумы “Web стандарты” деген атау берді.

Артықшылықтары

- Анық бақылау кодтың көлемін едәуір кемейтеді және оны оқуға

түсінікті етеді;

- CSS тілі көмегімен HTML тілінде беруге болмайтын параметрлерді беруге болады. Мысалға алатын болсақ сілтемелердің астындағы сызықты алып тастауға болады;

- CSS арқылы уеб беттің сыртқы көрінісін оңай өзгертуге болады. Көп құжаттардың сыртқы көрінісін бір кесте арқылы көрсету. Мысалға, сіз 30 бет кодтағы шрифттарды жасыл түс қылдыңыз. Бірақ уақыт өткен соң, көк не қызыл түске өзгерткіңіз келіп, барлық 20 бетке кіріп керекті атрибуттағы шрифтты өзгертіп шығасыз. Ал CSS тілі арқылы сол 20 беттің барлығын бір ғана стильдердің кестесінде өзгерте салуға болады.

- Құрамалы және жинақталған дизайн техникасы. CSS тілінде сайт версткасы деген ұғым бар.

JavaScript - объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес ECMAScript спецификациясының жүзеге асқан өнімі.

Тарихы

1992 жылы Nombas компаниясы Cmm (Си-минус-минус) тілінің өңдеуінен басталады.

ActionScript. ActionScript-обьектілі-бағытты бағдарламалау тілі, интерактивтілік, деректерді өңдеу және т.б. Flash-қосымшалардың құрамына қосатын ECMAScript диалектілерінің бірі. Action Script Flash Player-дің құрамдас бөлігі болатын (ActionScript Virtual Machine) виртуалды машинасымен орындалады. Action Script SWF-файлға кіретін байт-кодтарға компиляцияланады.

SWF-файлдары Flash Player-мен орындалады. Flash Player уеб-браузерге плагин ретінде және дербес орындалатын бағдарлама (standalone) бар.Екінші жағдайда Flash Player бағдарламалары swf файлымен SFX-ке ұқсастығымен біріктірілетін exe-файлдарын (projector) құру.

ActionScript көмегімен интерактивті мультимедиялык-бағдарламалар, ойындар, уеб-сайттар және т.б. құруға болады.

ActionScript-ашық бағдарламалау тілі, оның коды Adobe сайтында ашық қол жеткізуде. Компиляторы (Apache Flex бөлігі ретінде) және виртуалды ашық машинасы (Tamarin) ашық бағдарламалық жасақтама болып табылады.

Сайт құруға арналған бағдарламалар:

Macromedia Flash. Macromedia Flash - өте мықты бағдарлама. Flash суретшілермен дизайнерлерге өте керекті құрал болып табылады. Web – сайтттагы проектілі анимациялар мен дыбыстар беру үшін қолданылады. Алғашқы кездері Flash – тің мүмкіндіктері жоғары дәрежеде емес еді Macromedia корпорациясы жаңа Walt Disney серверін ұсынсынған ға дейін.

Бұл Flash технологиясында үлкен реклама жасады.Көптеген дизайнерлік студиялар Web парактарын Flash технологиясымен безендіру үшін пакет программаларын көптеп сатып алды. Алғашкы кездері программа Splash Animator деп аталып атағы жоқ Future Animation фирмасында РС – комптютерінде мультфильмдер жасау үшін қолданылды.

Суретшілер мен аниматорлар азғана мүмкіндігімен жұмыс істеп жүрді. Macromedia фирмасы пакеттерді сатып алып Flash деп атын өзгертіп мүмкіндіктерін айқындағанынша.

Macromedia фирмасы интерфейсін программаның автоматизациясын ауыстырды. Мультимедиялық программа атымен интерфейсін гана ауыстырып қоймайпакетті рынокқа шығарды. . Macromedia фирмасы тек сыртқы пішінін өзгертіп қоймай ішкі порограммаларында өзгертті.

Flash – тің интерактиві Action Script сценариына қолдануына байланысты мумкіндіктері кең жайылды.Өте қиын behaviors стильмен электрондық магазиндер құрды. Flash Web арасында терең дамыды.

1996жылы Flash технологиясы шыққаннан бастап Web сайттарда мультфильмдердің көптеген түрлерін құрастырды.

Macromedia Flash - растрлі және векторлы графиканы пайдаланып мультимедиялық және интерактивті материялдарды, аудио, видео дайындайтын құрал. Клиптің копиясымен Flash –клиптің қайжерде орналасып тұрғанына қарамастан Web сайыттарда қарапайым презентация ретінде Internet – тің көмегінсіз жұмыс істеуге болады. Оның дизайнымен безендіруі өзгеріссіз қалады. Көрініс терезесінің көлемін өзгерткенде де, оның позициялы элементімен дизайны өзгермейді. Flash – системасы векторлық грпафика класына жатады. Осы системангың көмегімен дайындалған сурет математикалық түрде сақталады: қисық векторы жеке бір сегмент болады. Бұдан басқа бұл сегмент түспен , қалыңдықпен соңғы нүктедегі координатам ен ерекшеленеді. Векторда суреттің көлемін құндылығын жоғалтпай өзгертуге болады.

Flash –тің басты міндеті сіздің салған суретіңізді қимылдату үшін не істеу керектігін үйрету. Flash – пен көптеген графикалық видео презентацияларды безендіруге болады. Flash көптеген универсалды платформаларға үсынылған.

Сонымен Macromedia Flash бұл:

- Векторлы графика. Векторлық графика математикалық координаттардың нүктесін және оларды қосатын құрал.Векторлар түзудің қисықтығын анықтайды.Математикалық есептеулерге байланысты оның көлемі өз құндылығын жоғалтпайды. Графикалық форматта шеңбердің диаметрі 100 пиксель,ол минимум 10 килобай – 100х100 пиксель орынды алады, нүкте нүктесіне дейін.Ал оны векторлық форматта беру үшін оның радиусын берсек жеткілікті. Растрлі графикадан ерекшелігі көлемін өзгерткенде оның құндылығы өзгереді. ( көлемін кішірейткенде оның кейбір кішкентай нүктелері жоғалып кетеді, ал көлемін үлкейткенде – квадраттар пайда болуы мүмкін.)вектормен суреттеген көрініс нақты ,анық болып шығады.

Растірлі графика. Flash – те тағы растірлі графика бар. Манипуляциялық көрініс растірлі нүкте көлемде берілмейді, барлық сурет көлемінде беріледі. Растрлі көрініс әр түсті нүктелерден тұрады. Бұл жағдайда әр нүктенің түсі жайлы мәліметті сақтап отыру керек . Векторлық суреттің растрлік көріністің көлемін салыстырғанына байланысты. Flash импортталған және архивтелген файлдарды JPEG тен сақтауға мүмкіндік береді. Роликке растрлік, графикалық және векторлық көріністерді:*.EMF,*WMF,*EPS,*AI,*DXF,*DIB,*JPG,*GIF, *.PNG. импорттауға болады.

Анимация. FLASH PLAYER -FLASH фильмді қосқан кезден бастап жүктеледі.

Дыбыс.FLASH-ролигінде дыбыстық файылдарды *.WAV,*.AIFF. форматта қолдануға болады. FLASH – ті қолдану сізге көп еркіндікті береді: осыған байланысты көп емес дыбыстық эхффектілерді беруге болады, кнопканы басқан кезге, фондық режимде дыбыстық жолақтарға. Сіз роликке музыкалық немесе дыбыстық жолақтарды, визуальдық компоненттермен беруге болады.

Тарихы

Векторлы морфинг технологиясы Flash-қа дейін біра уақыт бұрын қолданылды. 1986 жылы осы технологияны колданған Fantavision бағдарламасы пайда болды. 1991 жылы осы технологияда Another World ойыны шықты, ал 2 жылдан кейін Flashback ойыны жарық көрді.

Flash әзірлеу FutureSplash Animator анимациялар пакетін жасаған FutureWave компаниясымен басталды. 1996 жылы FutureSplash Animator-ды Flash-қа алмастырған Macromedia компаниясы FutureWave сатып алды. Осы атаумен алаң әлі күнге дейін өркендеп келеді (бірақ, 2005 жылы Macromedia компаниясы Adobe-ге жұтылып кетті, Macromedia Flash ресми турде Adobe Flash-деп атала басталды).

Notepad++ - Windows амалдық жүйесіне арналған GPL рұқсатқағазымен азат таратылатын мәтін өңдеуіші. Бұл бағдарлама STL кітапханасын пайдаланып C++ бағдарлау тілінде жазылған, негізгі құраласы - Scintilla өңдеу модулі. Мәтін өңдеуіші өздігенен бөлектеп бірталай бағдарлау тілдері мен белгілеу жүйелерін қолдайды. Бағдарламаның негізгі жетелігі кеңейтімдер (plugins) арқылы, не сыртқы модулдер арқылы кеңейте алынады.

Тарихы: Жоба SourceForge.net-та болды, және содан 29 миллион рет көшірілген (2015 жылдың 23 шілде күнгі жағдай).

2010 жылғы қаңтар айындағы SourceForge.net-тегі жағдайдан кейін http://notepad-plus-plus.org сайтына ауысты.

Наши рекомендации