Сурет. Сұранысқа енетін кесте мен өрісті таңдап алыңыз.

6. Келесі сұхбат терезесінде (3-сурет) қарау режимін немесе оның макетін өзгерту режимін таңдаңыз және «Дайын» батырмасында тышқанды шертіңіз.

Сурет. Қарапайым сұраныс құру іс жүзінде аяқталды.

7. Сіздің құрған сұранысыңыз жұмыс экранның ортасында өзіне лайықты орынға ие болады (4-сурет).

Сурет. Қазір ғана құрылған сұраныс осындай көріністе болады.

Құрастырушы (Конструктор) көмегімен сұраныс құру:

Ол үшін сұраныстар құрастырушысы режиміне «Құру – Сұраныстар құрастырушысы» (5-сурет) командасын орындау керек. Мынаған назар аударыңыз, осы жерде негізігі кодты қарау мен түзету режимінің пиктограммасы «SQL» түрінде бейнеленуі керек.

Сурет. Сұраныстар құрастырушысы режиміндегі жұмыстық экранның түрі

а) «Көрсету немесе жасыру» тобында деректер қорының әртүрлі құраушыларының бейнеленуі немесе жасырылуы анықталады. Сонымен, мысалы, егер Деректер сызбасы пиктограммасында шертсеңіз, деректердің әртүрлі кестелерінің арасындағы байланыстар сызбасы көрінеді (6-сурет).

б) «Талдау» тобындағы командалар жасалынған деректер қорының жылдам әрекетінің талдауын қамтамасыз етеді, сол сияқты деректер қорының құрылған нысандарын қарауға мүмкіндік береді (Архивариус командасы).

Сурет. Сұраныстар құрастырушысы режиміндегі жұмыстық экран

в) «Деректер қорымен жұмыс» қосымшасындағы кейбір командалар құрылған деректер қорын қолдауды қамтамасыз етеді.

г) «Макрос» тобының командалары дайын макросты орындауға жіберуге немесе Visual Basic редакторының терезелерін шақыруға мүмкіндік береді, олардың көмегімен жаңа макростарды құруды қамтамасыз етуге болады.

Формалар

Қажетті кестелерді құруды аяқтағаннан кейін сізге формалар керек болады, олардың көмегімен қарапайым қолданушылар іске асыра алатын, деректерді кестеге енгізу мен өзгертулер жүргізіледі, сонымен бірге формалар деректерді енгізуді өте жылдам атқарады.

Формаларды құру

Access 2007-де формаларды әртүрлі әдістермен құруға болады. Мысалы, Форма батырмасын қолданып, жаңадан бастаған қолданушы тышқанды бір рет шерту арқылы форма құруына болады. Бұл тәсілді қолдану кезінде деректер қоры көздерінің барлық өрістері формаға орналасады. Сіздердің құрған формаларыңызды үлгі немесе құрастырушы (конструктор) режимдерін пайдалана отырып, практикалық мақсаттарда пайдалануға немесе өзгертуге болады.

Форма командасын пайдалана отырып, форма құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Ауысулар облысына өтіңіз, содан кейін деректері бар кестені немесе сұранысты тышқанмен шертіңіз, осының негізінде форма құрылады.

2. «Құру» қосымшасына өтіңіз, «Формалар» топтамасын таңдап алыңыз, содан кейін «Форма» пиктограммасында тышқанды шертіңіз.

3. Аздаған үзілістен кейін Access 2007 форма құрады және оны форма режимінде бейнелейді (7-сурет). Бұл режимде қала отырып, деректерді бір мезгілде көрсету кезінде форма құрылымына өзгертулер енгізуге болады. Мысалы, қажет болған жағдайда, енгізілген деректерге сәйкес өрістер өлшемін баптауға болады.

Наши рекомендации