Дістемелік нұсқаулар

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Электрэнергетика кафедрасы

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

зертханалық жұмыстарын орындау үшін

Релелік қорғаныс негіздері пәні бойынша

5В071800 – Электрэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

Әдістемелік нұсқаулардың бекіту парағы   Дістемелік нұсқаулар - student2.ru Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.4/20  
  БЕКІТЕМІН ОІ жөніндегі проректор ________ Н.Э.Пфейфер 2013 ж. «___»__________
         

Құрастырушы : аға оқытушы ____________ Ашимова А.К.

Электрэнергетика кафедрасы

5В071800 – Электрэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

Релелік қорғаныс негіздері

зертханалық жұмыстарға

Дістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылған

«___»_________2013 ж., Хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі ____________ Марковский В.П. «____» ________2013 ж.

Энергетика факультетінің ОӘК құпталды

«____»______________2013 ж., Хаттама №____

ОӘК төрағасы _____________Талипов О.М. «____» ___________2013 ж.

ҚҰПТАЛДЫ:

ОӘБ бастығы ___________ Жуманкулова Е.Н «____» __________2013 ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды

«____»______________2013 ж. Хаттама №____

Зертнахалық жұмыстарды орындау туралы жалпы нұсқаулар

Курс бойынша зертханалық жұмыстарды орындау студенттердің теориялық білімдерін жалпылауға және тереңдетуге арналады, оларға электр қондырғылардағы тәжірибелік жұмыстың дағдыларын беру, релелік аппаратурасымен жұмыс жасауын үйрету жатады.

Зертханалық жұмыстарға дайындалуға өздігінше І сағаттан беріледі. Барлық жұмыстарды студенттер топ-топпен орындайды, жұмысты орындау туралы есеп студентпен жеке жасалады. Жұмысты орындау тәртібі оқытушымен бірінші сабақта түсіндіріледі. Жұмысты орындау туралы есеп институттың нысаны бойынша А4 қағаз форматында орындалады.

Әрбір жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар 7 бөлімнен тұрады: 1) жұмыстың тақырыбы мен нөмірі; 2) Жұмыс мақсаты; 3) «Жалпы мағлұматтар»; 4) «Тапсырма»; 5) «Әдістемелік нұсқаулар»; 6) «Есептің мазмұны»; 7) «Бақылау сұрақтары». 1-3 бөлімдері жеке дайындықта, ал 4-5 бөлімдері зертханада қаралуы тиіс. Әрбір тақырып бойынша берілетін бақылау сұрақтары студенттердің зертханалық жұмыстың материалын меңгеру сапасын көрсету үшін арналады. Зертханалық жұмысқа дайындалу кезінде бұл сұрақтарға жауап беріңіздер, бұл білім деңгейіңізді бағалауға көмектеседі.

2 бөлімде қондырғы туралы тек жалпы мағлұматтар беріледі, зертханада ол туралы оқытушы әбден талдап таныстырады. Зертханалық жұмысты орындау туралы есебінде тек (сұлбалар, графиктер, тәжірибе нәтижелері) «Есептің мазмұны» бөлімінде көрсетілген мәліметтерден тұруы қажет.

Зертханалық жұмысты орындаудағы қауіпсіздік техникасы

Зертхана бөлмесі қауіпсіздік жағынан қарағанда қауіпті топқа жатады. Жұмысты қауіпсіз орындау шарттары тиісті ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.

Кіріспе сабағында студенттер жалпы қауіпсіздік ережелерін оқиды. Әрбір жұмысты орындау алдында жеке нақты электрлік қондырғыда жұмысты орындау туралы қауіпсіздік ережелері оқытылады.

Зертханалық жұмыс №1

Фазаралық ҚТ-дан максималды токтық қорғаныстар

Жұмыс мақсаты

Ток трансформатордың ауысу сұлбасы және оның қателіктері. Ток трансформаторларының екіншілік орамдарын қосу сұлбаларын оқу.

Тапсырма

Берілген жұмыс мақсаты болып автоматика мен релелік қорғаныс құрылғысында қолданылатын тоқтың өлшеуіш трансформаторының бірігу сұлбасын және олардың негізгі мінездемесін тексеру әдістемесін оқып үйрену болып табылады. Тәлімгерлер назарын тоқтың өлшеуіш трансформаторының бірігу сұлбаларының үлкен әр-түрлігіне аудару қажет.

дістемелік нұсқаулар

1. Тәжірибеде қолданылатын құрылғының электрмен қоректену желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

2. «ТК» ұяшығын G1 көзіне қосыңыз.

3. Тәжірибеде қолданылған қорғаныстың жерлендіру " Дістемелік нұсқаулар - student2.ru " құрылғысы ұяшықтарын біріктіру, «РЕ» ұяшығымен G1 көзін.

4. Электрлік сұлбаларының бірікпелеріне сәйкес аппаратураны қосу.

5. Тораптың жұмыс тәртібін үлгілеңдер – мысалы, тораптар үшін жерлестірілген бейтараппен К1 және К2 нүктелерін қосу.

6. «Қысқа тұйықталуды» үлгілеңдер (бұл жағдайда, қатаң айтқанда қысқа тұйықталу солай болмайды, сондай-ақ А-4 жүктемесінің тоқ шектегіш кедергісі арқылы жасалынады) – мысалы, екіфазалы жерге А және С фазаларын, не үшін К3, К5 және К6 нүктелерін бір-біріне жалғайсыңдар.

7. Ауыстырып қосқыш А1 үшполюсті ажыратқыштың жұмыс тәртібін «РУЧН» жағдайында орналастырыңдар. А2 блогы трансформаторларының орамаларының номиналды кернеуін тең етіп қойыңдар, мысалы, 230/230 В. Электр берілісі желілерінің параметрлерін А3 ауыстырып қосқыштармен орналастырыңдар, мысалы, келесідей: R=150 Ом, L/Rl=1,2/32 Гн/Ом, С1=С2=0,15 мкФ. А4 белсенді жүктеме қуатын таңдаңдар, мысалы, 40 % барлық үш фазада 50 Вт-тан.

8. G1 көзін қосыңдар. Кернеудің бар болуы туралы жарықтандырғыш лампалар дабыл беруі қажет.

9. «СЕТЬ» ажыратқышын А1 ажыратқышына қосыңдар.

10. А7 дербес компьютерді жұмыс жағдайына әкеліңдер, тиісті тізімге еніп, «Тоқ трансформаторы.ехе» қолданбалы бағдарламаны ашыңдар.

11. Мәліметтерді жинауды бастау үшін «Пуск» виртуалды кнопканы басыңдар.

12. А1 ажыратқышты қосыңдар. Компьютер экранында тоқ трансформаторы мен виртуалдық реледегі тоқтың векторлық диаграммасы бейнеленеді, сондай-ақ тоқ трансформаторының симметриялық құрамалары. Тоқ трансформаторы мен реле құрамасының виртуалды сұлбасында тоқтың әрекет етуші мәні оның әр-түрлі бөліктерінде пайда болады. Шын мәнінде бұл сұлбаны трансформатор орамаларының тоқ осциллограммасында бақылауға болады.

13. Компьютер экранында ашылған тізімнен тоқ трансформаторы қосылыстарының керекті сұлбасын таңдаңыз, А4 белсенді жүктемесінің параметрлерінің тұйықталу түрін және байтарапты жерлендіру тәртібін өзгертіңіз және алынған векторлық диаграмманы бақылаңыз.

14. Бағдарламамен жұмыс кезінде оның мүмкіндіктерін пайдануды қадағалаңыз:

- «Масштаб» кнопкасын баса отырып, барлық векторлық диаграмманы ұлғайтуға және азайтуға болады.

- «Поворот» кнопкасын баса отырып, барлық векторлық диаграмманы айналдыруға болады. Осы негізде әрбір вектор өз бастауынан айналып бұрылады.

- Тоқтың векторлық диаграммасында тоқ трансформаторы мен реле әрбір вектордан өзіне өзі параллельді қозғала алады, қызыл тілшесі бар кнопкалар тобын пайдалана отырып векторлардың жылжу адымын shift бағыты бар клавиша кнопкасына басу арқылы азайтуға болады. Вектордың алғашқы қалыбына сәйкес топтың ортасындағы кнопкаға басу арқылы қайтып оралуға болады.

- Фаза топтарының осциллограммасын масштабтау тышқанының сол жақ клавишасын графикада басу жолымен жүргізіледі және оны жібермей отырып, манипуляторды солдан оңға және жоғарыдан төменге жылжыту жолымен жүгізіледі.

- Бастапқы масштабқа қайтып оралу манипуляторды кері жылжытумен атқарылады – оралу солға және төменнен жоғарға.

- Векторлық диаграммаларды және осциллограммалар графигін координат осьтеріне қатысты жылжыту тышқанның сол жақ кнопкасын сәйкесінше объектіде басу және ұстап тұру және оны бір уақытта қажетті бағытқа жылжыту жолымен орындауға болады.

- Сұлбаның тарауларының, осциллограммалардың, векторлық диаграммалардың векторларының және бағыттары бар кнопка топтары маңындағы жазулардың түсі бір-біріне сәйкес келеді.

- Тораптың фазаларының түсі жалпы қабылданғандарға сәйкес келеді.

15. Тіректік кернеу ретінде сұлбада көрсетілгеннен басқа фазааралық немесе кез-келген фазалық кернеулерді пайдалануға болады (бұл векторлық диаграммалардың «Тұрақсыздығы» кезінде тиімді, яғни қандай да бір векторлардың бұрыштарын жылдам кездейсоқ өзгеруі кезінде).

16. Эксперимент аяқталған кезде А1 ажыратқышын және G1 көзін ажыратыңыз.

Есептің мазмұны

1. Жұмыстың тақырыбы мен мақсаты.

2. Ток және кернеу трансформаторлардың тағайыншамаларын есептеу.

3. Ток және кернеу трансформаторлардың сүлбесін құру.

4. Жұмыс бойынша қорытындылар.

Наши рекомендации