Электрондық кестені деректер қоры ретінде қолдану

Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу

Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдрды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары.

Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

• Сан

• Формула

• Мәтін

40. Желілердің типтері

Компьютерлерді біріктірудің көптеген түрлі әдістеріне қарамастан, компьютерлік желілердің екі түрін ажыратады: бір рангілі желі (Peer-to-Peer Net work) және клиент-сервер желісі (Client/Server Net work).

Біррангілі желі деген не? Бір рангілі желі (Peer-to-Peer Net work) – бұл тең мүмкіндікті компьютерлерді бірігуі. Әдетте бір рангілі желі 10-нан көп емес компьютерлерді біріктіреді және ол үйде немесе кішігірім офистерде ұйымдастырылады. Microsoft Word cияқты мәтәндік редакторларды қолдану үшін компьютерлік бағдарламаны өз компьютеріңізге орнатқандай, ата- анаңыздың компьютеріне орнату қажет болады. Ал клиент-сервер деген не? Клиент-сервер желісі үй жағдайында емес, мектеп , кәсіпорындар немесе кітапханалар сияқты ұйымдарда жиі кездеседі. Желілердің мұндай типі нде сервер деп аталатын компьютерлер желінің жүрегі болып табылады. Ол ақпарат пен ресурстарды сақтап, оларды осы желінің басқа компьютерлерге қол жеткізетіндей етеді. Осы ақпаратты алу үшін желіні қолданатын қалған компьтерлер клиенттер деп аталады. Егер кітапханаға кітап тауып алу үшін барсаңыз сіз компьютер-клиентке отырасыз, ал ақпаратты серверден аласыз. Егер сіз MSN сайтынан ақпарат алғыңыз келсе, сіз клиент рөлін атқаратын өз компьютеріңізге отырып,оны Интернет деп аталатын желіден МSN серверіне ене аласыз.Сіз дәрігерге барған кезде тіркеу орнында желі арқылы сервермен байланысу үшін сіз жөнінде онда сақталы ақпаратты алу мақсатында компьютер-клиент пайдаланылады.Мұнын бәрі-клиент-сервер желісін қолдану мысалдары.Клиент-сервер желісі желіге оннан астам компьютерлерді біріктіру үшін ең жақсы амалы болып табылады.Олар бір рангілі желіліерден әлде қайда қымбат,алайда үлкен компаниялар үшін ақпараттың көлемді ауқымын сақтау қажет болғанда бұл ең жақсы таңдау.Компьютерлер бір-бірімен өзара әсерлеседі.Желі жұмысы құрылымының барлық элементтері бір бірімен қандайда бір әдіспен бірікенніне негізделген.Әрбір компьютер және принтер,сканер портативті компьютерлер сияқты құрылғалар түрлі өлшемді кабелді, спутниктік байланыс немесе телефон жолдары көмегімен біріктеріледі.Бүгінгі күні компьютерлерді радио толұындар көмегімен біріктіретін өткізгіш 3Dжелілері де бар.

Наши рекомендации